Гарант 24 Ломбард

Шетелге қашқан ломбард құрылтайшысы мәлімдеме жасады - видео

1530
(Жаңартылды 14:06 25.02.2020)
Өзін атышулы ломбард құрылтайшысы ретінде таныстырған ер адам Қазақстанда ұсталудан қорқып, қашып кеткенін айтты

АЛМАТЫ, 25 ақпан – Sputnik. Әлеуметтік желіде өзін "Гарант 24" ломбардының құрылтайшысы ретінде таныстырған жігіттің елден қашып кету себебін түсіндірген видеосы кең тарап жатыр. Ол абақтыға қамалудан қорқып, қашып кеткенін жеткізді.

Ер адамның видеосы әлеуметтік желі мен мессенджерлерде кеңінен тарап жатыр.

Өзін ломбард желілерінің құрылтайшысы ретінде таныстырған жігіт жанжалдың ортасында қалғанын, елге қайтуға қорқып отырғанын айтты.

"Менің өз адамдарым бар, әрине, органдарда, одан жоғарыда отырғандар да бар. Егер мені қамаса, мен сіздерге ақшаны қайтара алмаймын. Қамап қою қорқынышты емес, сіздерге ақшаны қайтармау одан да қорқынышты. Егер мен қашқым келсе, алдыңғы видеоны түсірмеген болар едім. Мен үнемі сіздермен байланысты болдым, қалаларға да бардым. Менің әріптестерім – жалдамалы қызметкерлер, олар да ақша тапқысы келді. Егер оларды түрмеге қамаса, ақша қайтарып алу қиындай түседі. Егер мен елге оралсам, мені қамайды. Себебі көп арыз түскен", - деді ол.

Ер адамның айтуынша, компания ақшасы Қазақстанда айналымда жатыр. Жігіт елге оралып, өз міндетін орындауға дайын.

"Ақша айналымда жатыр. Қайда екенін айта алмаймын. Себебі видео арқылы қайда екенін анықтаса, айналымды тоқтатып, тәркілеп, иеленіп алады", - деді ол.

Сондай-ақ, ер адам бәрін реттеу үшін қолдау көрсетуді сұрады. Бұған уақыт кететінін де атап өтті.

Ішкі істер министрлігі мыңдаған қазақстандықты алдаған ломбард құрылтайшыларының кім екенін анықтады. Олардың бірі – 1993 жылы туған "Гарант 24 ломбард" құрылтайшысы Мырзабаев Аслан Пазылжанұлы. Полиция мәліметінше, бұл жігіт және өзге де күдіктілерге мемлекетаралық іздеу жарияланды.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Атырау мен басқа облыс тұрғындары "Гарант 24", "Estate Ломбард", "Home Avto Invest" ломбардына салынған қаражатты қайтара алмай отырғандарына шағымданған болатын. Олардың көпшілігі жылжымайтын мүлкін сатып, қаржы пирамидасына ақша құйған. Полиция "Гарант 24" компаниясына қатысты тексеру шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.

1530
Кілт сөздер:
үндеу, салымшы, ломбард
Тақырып бойынша
Кәсіпкер пәтерді кімге сыйлайды: мұқтаж отбасылардан мыңдаған хат келді
Бірнеше басшы ұсталды: Қазақстан ломбардтарында не болып жатыр
Қуат "Найман" Хамитовтың басы бәлеге қалды
Қазақстандықтар сан соғып қалды: атышулы ломбардтарға қатысты тың дерек шықты
"Ақшаларыңды қайтармаймын": Ломбард басшысы халықты қалай алдағаны белгілі болды
Загрузка...