Экономика

 Түркиялықтар Алматы облысында зауыт ашпақ

© Photo : Пресс-служба акима Алматинской областиАким Алматинской области на встрече с инвесторами из Турции
Аким Алматинской области на встрече с инвесторами из Турции - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жобаға 2 миллиард теңге жұмсалады. Кәсіпорын биылғы жылдың күзінде іске қосылады деп жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз — Sputnik. Түркиялық "Femas Metal Sanayi ve Ticaret A.S." компаниясы Қарасай ауданының аумағында газ және электр плиталарын шығаратын жаңа кәсіпорын ашуға ниетті, деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бизнесмендерге Қарасай ауданының Жармұхамбет ауылынан 12 гектар жер учаскесі берілген. Бұл аумақта қазір зауыттың алғашқы кезеңін іске қосуға мүмкіндік беретін құрылыс нысаны бар. Алдағы уақытта оның іргесін одан əрі кеңейтуге де қолдау жасалады.

Облыс əкімі Амандық Баталов түрік инвесторларымен кездесті.

"Бүгінгі күні елімізде "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аса маңызды. Оған қоса облысқа газ тартылып, елді мекендерді газандыру қарқынды жүріп жатыр. Өңірді газдандыруды басталғанда көгілдір отынмен қамту небары 9, 10 % еді, биыл көрсеткішті 50%-ке жеткіземіз деп отырмыз. Газы бар əрбір үйге сіздер шығаратын газ плиталары қажет болады", - деді А. Баталов.

"Бұл кәсіпорын елімізде маңызы зор қазақстандық үлесті арттыруға елеулі ықпал етеді деп сенемін", - деп түйіндеді ол.

"Femas Metal Sanayi ve Ticaret A.S." компаниясының бас директоры Юсуп Үгеннің айтуынша, компанияға тиесілі өндірістік нысанының 6-уы Кайсер қаласында, біреуі Стамбулда орналасқан. Онда жалпы саны 1700-дей адам жұмыс істейді. Компания Қазақстанда да осындай өндіріс ашып, өнімдерін қазақстандықтарға кеңінен ұсынуды көздеп отыр. Сол сияқты тауарларын Қырғыз, Өзбекстан сияқты көрші елдерге экпорттауға да ниетті.

Оқи отырыңыз: Беларусь Алматы облысында сүт фермасын салады 

Жалпы, газ жəне электр плиталарын өндіретін зауыт салу жобасының құны 2 миллиард теңге деп жоспарланып отыр. Онда шамамен 500-дей жұмыс орны ашылмақ, оның 200-і тұрақты жұмыс орны болады. Зауыт биылғы жылдың күзінде іске қосылады деп межеленген.

Femas Metal" зауыты Түркиядағы газ жəне электрлі тұрмыстық техника шығаруда көшбасшылар санатында. 40 жылдан астам тарихы бар компанияның өнімдері бүгінде 6 құрлықтың 130 елінде пайдаланылады. 

Жаңалықтар
0