КТЖ

ҚТЖ-да бюджет ақшасы ұрланды

1573
(Жаңартылды 19:32 03.03.2020)
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сонымен қатар, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты "Қазтехнологияда" да бюджет ақшасы ұрланды

НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ жүйесінде 1,3 миллиард теңге жымқырылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экономикалық тергеулер департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ жүйесінде 1,3 миллиард теңге бюджет қаржысы жымқырылғаны анықталды. Ақша пойыз қозғалысын реттеу жүйесін жаңғырту жобасы бойынша байланыс платформасының аппараттық-бағдарламалық кешенін салу кезінде ұрланған", деді департаменттің бірінші тергеу басқармасының басшысы Болат Қамитов.

Айтуынша, қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сонымен қатар, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты "Қазтехнология" АҚ-да бюджет ақшасы ұрланды.

Белгілі болғандай, Арыс және Отардағы әскери бөлімдерде оқ-дәріні утилизациялау кезінде 1,7 миллиард теңгеден астам ақша жымқырылған.

Тағы оқыңыз: Шенеунік тергеушілердің көзінше дәлелдерді жеп қойды – видео

"Қазтехнология" АҚ қазіргі таңда Қазақстанда оқ-дәріні кәдеге жарататын жалғыз ұйым. Мемлекеттік компанияның негізгі қызметіне патрон өндіру, оқ-дәріні утилизациялау және жарылғыш заттарды сақтау кіреді.
Утилизациялау пунктері тек екі жерде ғана бар. Оның бірі Арыс қаласында, екіншісі Отар стансасында.

1573
Кілт сөздер:
ақша, бюджет, ҚТЖ
Тақырып бойынша
Ескі диван сатып алған ер едам ішінен қыруар ақша тауып алды – видео
Армения мен Қырғызстанның көліктерін тіркеуге қанша ақша кетеді?
Ұлттық банк 2000 теңгелік ақша туралы мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан тұрғыны базарлар мен дүкендерде жалған ақша таратқан
Қазақстанда интернет арқылы қанша ақша табуға болады
Проценттің белгісі, архивтегі фото

Шағын және орта бизнеске 160 миллиард теңге жеңілдетілген кредит берілді  

73
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін 1 116 шағын және орта бизнес нысаны кредит алған

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Шағын және орта бизнес өкілдеріне 160 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген кредит берілді, деп хабарлады "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ баспасөз қызметі.

Шағын және орта бизнесті 12 айға дейін жылдық 8% аспайтын мөлшерде жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасы басталған сәттен бастап банктер арқылы 1 116 шағын және орта бизнес нысаны кредит алған. Қарыз алушылардың арасында көтерме және бөлшек сауда, өндіріс және құрылыс саласы өкілдерінің үлесі басым.

Оқи отырыңыз: Тоқаев кредит процентін алып тастауды сұрайтындарға жауап берді

Естеріңізге сала кетейік, жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирус пандемиясының ел экономикасына тигізетін жағымсыз салдарын жоюға байланысты тапсырмасы аясында қолға алынған болатын.

Шағын және орта бизнесті, төтенше жағдайдан зардап шеккен жеке кәсіпкерлерді қолдау үшін Қазақстаның Ұлттық банкі 600 миллиард теңге бөлді.  

Бағдарламаны Қазақстанның орнықтылық қоры Қазақстан қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен және елдегі ірі 12 банкпен бірлесіп жүзеге асырып отыр.

73
Кілт сөздер:
кредит, шағын және орта бизнес
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
3 проценттік қолжетімді кредит: президент жаңа қор құруды ұсынды
Қазақстанда банк салымшыларына қауіп жоқ – Тоқаев
Мемлекет басшысы кредит алғандарға қатысты тағы бір тапсырма берді
Жеке кәсіпкерлерге 6 проценттік кредит беріледі – министр
Газ құю станциясы, архивтегі фото

Қазақстанда газдың көтерме бағасы бекітілді

140
Энергетика министрлігі басшысының бұйрығымен бекітілген баға 2021 жылдың 30 маусымына дейін өзекті болады

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Қазақстанда ішкі нарықта тауар газын көтерме сатудың шекті бағасы бекітілді.

18 мамырда Қазақстанның энергетика министрі Нұрлан Ноғаев тиісті бұйрыққа қол қойды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын көтеруге тыйым салынады 

"2020 жылдың 1 шілдесінен 2021 жылдың 30 маусымына дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауар газын көтерме сатудың шекті бағасы бекітілсін. Энергетика министрлігінің газ және мұнай химиясы департаменті осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін",- делінген Энергетика министрлігі басшысының бұйрығында.

Қазақстанның өңірлеріндегі газ бағасы

Қазақстанда 1000 текше метр газдың шекті бағасы қосымша құн салығынсыз 5 574 – 24 537 теңге аралығында құбылады. Атап айтсақ, Ақтөбе облысында 5 574 теңге (12,6 доллар), Алматыда 19 405 теңге (44 доллар), Шымкентте 20 819 теңге (47,3 доллар), Нұр-Сұлтан мен Қарағанды ​​облысында 24 537 теңге (55,7 доллар) болады.   

140
Кілт сөздер:
баға, газ
Тақырып бойынша
Қазақстанда азық-түліктің шекті бағасы белгіленді
Досаев ет пен нан қымбаттауы мүмкін екенін ескертті
Министрлік азық-түлік бағасын төмендетудің жаңа әдісін ойлап тапты
"Бұған жол бермейміз": министр Сұлтанов кәсіпкерлерге ескерту жасады
Премьер-министр азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеуді тапсырды  
Қасым-Жомарт Тоқаев Әлеуметтік қызметтер үйінде болды

Індет жұқтырғандар саны артып барады Тоқаев

34
(Жаңартылды 08:42 26.05.2020)
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қалаларда тұрғындар карантин шараларын сақтамай жатқанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтар карантинді сақтауы үшін үкімет пен жергілікті билік шара қабылдауы керек деп санайды.

"Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады. Үкімет, облыс және қала әкімдері жағдайды реттеуі керек", - деп жазды Тоқаев Twitter-де.

Ол көпшілік орындарда, қоғамдық көліктерде бетперде тағу міндетті екенін атап өтті.

"Азаматтардың денсаулығын сақтау үшін нақты шешімдер қабылдау қажет", - деп түйіндеді президент.

Оқи отырыңыз: Сұлтанғазиев қай облыстарда коронавирус жұқтырғандар саны артқанын айтты

Еске сала кетейік, Қазақстанда 16 наурыздан бастап төтенше жағдай режимі жарияланып, 11 мамырға дейін созылды. Қалалар мен облыстарда карантин алынған жоқ, бірақ жеңілдетілді.

Коронавирустың таралу қарқынына қарай жергілікті билік карантин шараларын жеңілдету немесе қатаңдату бойынша шешім қабылдап жатыр. Дүйсенбіде COVID-19 індетінің өсімі төмен (2 процентке дейін) өңірлерде сауда және ойын-сауық орталықтары, фитнес-орталықтар мен дәмханалар ашылып жатқаны белгілі болды.

34
Кілт сөздер:
індет, карантин, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Алматыда маскасыз жүргендерге айыппұл салынуы мүмкін
COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастар үшін қауіпті дәрілер аталды
Атырауда үш жасар қыздың коронавирусты қалай жұқтырғаны анықталды
Оралда балабақшаның екі қызметкерінен коронавирус табылды
Жұмысқа шыққандар арасында вирус жұқтырғандар көбеюде – министрлік