Гарант 24 Ломбард

"Гарант 24 ломбард" жетекшілерінің бірі жұрттың ақшасы қайда екенін айтты

1630
Дикий Арман деген лақап атпен танымал болған қылмыс әлемінің серкесі интернетте жариялаған бейнеүндеуінде, өзінің Аслан Мұрзабековпен сөйлескісі келетіндігін айтқан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. "Гарант 24 Ломбард" Аслан Мұрзабеков салымшылардың ақшасы кімде екенін айтып, бар кінәні өзінің серіктесі – "Выгодный займ" ЖШС құрылтайшысы Жанболат Есіркеповке аударды.

Құрылтайшы кешірім сұрады

Аслан Мұрзабековтің өзі қазір Молдовада. Қазақстанға экстрадициялануды күтіп жатыр. Ол барлық қазақстандықтардан кешірім сұрай отырып, бейнежазба жазды.

"Бастапқы кезде компания Жанболат Темірұлының көмегімен ашылды. Ол ақша табуды ұсынды, бірақ қандай жолмен екенін айтқан жоқ. Компания екі жыл жұмыс істеген соң бәрі жақсы болады деді. Біз келістік", - дейді Мұрзабеков.

Ол өзі ақшадан қысылғандықтан, жұмыс істеуге келіскенін айтты.

"Есіркепов үш компанияда – "ESTATE Lombard", "Гарант 24 Ломбард" және "Выгодный займ" ЖШС ақша жеткілікті екенін айтты. Қазіргі кезде барлық ақша сол жақта. Мен өз әрекетім үшін кешірім сұраймын. Өтінемін, түсініп, кешіріңіздер", - деді Мұрзабеков.

Айта кетейік, қаңтар айының соңында Аслан Мұрзабеков Ақтөбеден Орынборға жетіп, ол жақтан Мәскеуге ұшқан. Содан кейін пойызбен Кишиневке аттанған. Қазақстандық тараптың арнайы өтініші бойынша оны Молдова полициясы ұстады. Ал 28 ақпанда елден кетпек болған сәтінде "Выгодный займ" ЖШС құрылтайшысы Жанболат Есіркепов те тұтқындалды. Күдікті қамауға алынып, тергеу изоляторына жабылды.

Бейнеүндеу арқылы кешірім сұрауға мәжбүр етті

Интернет желісінде Аслан Мұрзабеков пен Дикий Арманның видео қоңырау арқылы әңгімесі пайда болды. Дикий Арман ломбард құрылтайшысымен алаяқтық туралы сөйлесіп, адамдардан кешірім сұрауын талап етті.

Ломбард жанжалы өткен айда өрши түсті

Өткен айда азаматтардан "Гарант 24 Ломбард" ЖШС, "ЭСТАТЕ Ломбард" ЖШС, "Выгодный займ" ЖШС сияқты бірқатар серіктестік иелеріне қатысты шағым түсті. Сол бойынша алаяқтық және қаржылық пирамида құру фактілері негізінде 22 қылмыстық іс қозғалды.

Республика бойынша клиенттер бұл ұйымдармен 42 мың келісімшарт жасап үлгерген. Жалпы алғанда қазақстандықтар бес миллиард теңгеден астам материалдық шығынға батты.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, елімізде алаяқтық үшін қаржы пирамидасын жасаушылар мен ұйымдастырушылар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

1630
Кілт сөздер:
қаржы пирамидасы, ақша, ломбард
Тақырып бойынша
Қуат "Найман" Хамитовтың басы бәлеге қалды
"Ақшаларыңды қайтармаймын": Ломбард басшысы халықты қалай алдағаны белгілі болды
Шетелге қашқан ломбард құрылтайшысы мәлімдеме жасады - видео
Халықты алдаған ломбард басшыларының қайда екені анықталды
Атышулы ломбард жетекшісі ұсталды - полиция ақпарат берді
Загрузка...