Әуежайдағы адамдар

Қазақстан экономикасы коронавирустан қанша ақша жоғалтқаны белгілі болды

836
Министр Қытайдан тараған коронавирус импортқа салынатын қосымша құн салығының көлеміне теріс әсерін тигізіп жатқанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Қытайда коронавирус індетінің таралуына байланысты ақпан айында Қазақстан бюджетіне 2,1 миллиард теңге түспей қалды. Бұл туралы үкімет басшысының бірінші орынбасары қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр республикалық бюджет кірістерінің толық орындалмауына сыртқы факторлар әсер етіп отырғанын айтты. Соның бірі - Қытайдан тараған коронавирус.

"Өткен жылдың соңында Қытайда пайда болған корановирус импортқа салынатын қосылған құн салығының көлеміне теріс әсерін тигізуде. Атап айтқанда, биыл ақпан айында Қытайдан әкелінетін импорттың көлемі 2019 жылдың ақпанымен салыстырғанда 11%-ке, ал физикалық көлемі 27%-ке төмендеді. Салдарынан Қытайдан келетін импорттық тауарлардан түсетін кедендік баждар мен салықтардың мөлшері 12%-ке, яғни 2,1 миллиард теңгеге азайды",  - деді Смайылов үкімет отырысында.

Жалпы, оның айтуынша, екі ай ішінде Қытайдан жеткізілетін автокөлік саны 24%-ке, темір жол көлігі 14%-ке азайған.

Бұдан бөлек, ақпан айында ЕАЭО елдерінен импорттық тауар тасымалдайтын автокөліктер 20%-ке қысқарған.
Бюджет кірісінің орындалмауына, екіншіден, сыртқы нарықта бағаның төмендеуі әсер етіп отыр.

Мыстың бағасы - 6%-ке, алюминий – 5%-ке, мырыш – 10%-ке, қорғасын - 3%-ке түскен. Сонымен қатар, екінші деңгейлі 18 банк бойынша түсімдер 56%-ке азайған.

"Сыртқы теріс факторлардың әсеріне қарамастан, қосылған құн салығы бойынша өсім қарқыны 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 110,5%-ке қамтамасыз етілді", - деді Смайылов.

Коронавирустың өршуі

2019 жылдың 31 желтоқсанында Қытай билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухань қаласында белгісіз пневмонияның өршуі туралы хабарлады.

Мамандар аурудың жаңа коронавирус екенін анықтады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы індетті халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп таныды. Сондай-ақ, ауруға COVID-19 деген ресми атау берді.

Джон Хопкинс институтының мәліметінше, әлем бойынша 114 219 адам коронавирус жұқтырған, 4 024 адам қайтыс болды. 64 147 адам аурудан айықты.

Қазақстан ақпан айының басында Қытаймен барлық жолаушылар тасымалы қатынасын тоқтатты.
Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері COVID-19 вирусының таралуы бойынша қауіпті елдер тізіміне өзгеріс енгізді.

Енді 1 "а" санатына Қытай, Иран және Оңтүстік Корея, ал 1 "б" санатына Италия кіреді. Екінші санатта – Испания мен Германия.

Ең көп ел үшінші санатқа еніп отыр. Олар: Жапония, Таиланд, БАӘ, Франция, Швеция, Малайзия, АҚШ, Сингапур, Кувейт, Бахрейн, Ирак, Ұлыбритания, Швейцария, ҚХР Гонконг АӘА.

836
Кілт сөздер:
вирус, экономика, Қазақстан
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (856)
Тақырып бойынша
Қазақстанда доллар бағамы бекітілді
Ақшаны қай валютада сақтау керек – министр қазақстандықтарға кеңес берді
Елде девальвация бола ма - министр жауап берді
Мұнай бағасы қанша болғанда Қазақстан экономикасына қауіп төнеді
Министр өзінің зейнетақысына алаңдайтынын жасырмады
Ақорда ғимараты

Тоқаев мемлекеттік комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды

121
(Жаңартылды 19:06 27.05.2020)
Мемлекет басшысы жаңа экономикалық ахуал жағдайында экономикалық өсуді қалпына келтіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Қазақстанда экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Қаулы Ақорда сайтында жариялаған.

"Жаңа экономикалық ахуал жағдайында экономикалық өсуді қалпына келтіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында мемлекеттік комиссия құруды қаулы етемін", - деп жазылған ақпаратта. 

Премьер-министр Асқар Мамин комиссия төрағасы болады.

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Әлихан Смайылов комиссия төрағасының орынбасары.

Ал Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Әсет Ерғалиев комиссия хатшысы болады.

Жаңа құрылған комиссия құрамына енген шенеуніктердің толық тізімі Ақорда сайтында жарияланды.

Тағы оқыңыз: Тоқаев шенеуніктерге: ақша мен уақытты босқа жұмсауды доғару керек

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

121
Кілт сөздер:
экономика, жарлық, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев митинг туралы заңға қол қойды
Бөлінген қаржы қалай игерілуде: Тоқаев есеп комитетінің басшысын қабылдады
Тоқаев дәрі-дәрмек туралы: импортқа тым тәуелдіміз
"Жауапқа тарту қажет": Тоқаев оқулықтардың сапасы өте төмен екенін айтты
Тоқаев қазақ тілін тиімді оқытудың әдісін тапты
Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі, архивтегі сурет

Мұнай саласында үш жарым мың адам жұмыссыз қалды министр

158
(Жаңартылды 14:49 27.05.2020)
Мұнай мен мұнай өнімдеріне сұраныстың төмендеуі қызметкерлердің жұмыссыз қалуына себеп болып отыр

АЛМАТЫ, 27 мамыр – Sputnik. Мұнай компанияларында 3,5 мың адам жұмыссыз қалды. Бұл жайында халыққа есеп беру барысында энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, қызметкерлердің жұмыссыз қалуына мұнайға деген сұраныстың төмендегені әсер етіп отыр.

"Біздегі мәлімет бойынша, мұнай сервисі саласында үш жарым мыңға жуық адам жұмыссыз қалды. Мемлекет қызметкерлер санының одан әрі қысқармауы үшін бар күш-жігерін жұмсайды", – деді министр.

Ноғаев маусымның соңына дейін ТШО мен басқа да сервистік компания қызметкерлерінен жалақы төленетінін айтты.

"Сонымен қатар мемлекет жүйе құраушы кәсіпорындарды қолдау және салық төлеуге жеңілдік беру бойынша шаралар қабылдап жатыр. Мұнай сервистік компаниялар осы шараларды пайдалана алады", – деді министр.

Оқи отырыңыз: Вирус салдарынан қанша адамның жұмыссыз қалатыны айтылды

Айта кетейік, Қазақстан мұнай өндірісін өткен жылмен салыстырғанда 4,5%-ке азайтуды жоспарлап отыр. Демек, 2020 жылы елімізде 86 миллион тонна мұнай өндіріледі.

158
Кілт сөздер:
жұмыссыздық, жұмысшылар, жұмысшы, жұмыс, мұнай өңдеу зауыты, мұнай
Тақырып бойынша
"Ата-анасы жұмыссыз" Министр 5 баласы бар отбасыны мысалға келтірді
Министр коронавирус салдарынан жұмыссыз қалған адамдарға не істеу керектігін айтты
Денсаулық сақтау министрі жұмыс тәртібіне қатысты кеңес берді
Қазақстанда қанша жас жұмыссыз жүр?
 "Алты ай төлемақы алуға болады": Министр жұмыссыз қалғандарға кеңес берді
Тұрғындар, жаз

Аптап ыстық болады - бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

86
(Жаңартылды 23:33 27.05.2020)
Синоптиктер бейсенбі, 28 мамыр күні Қазақстанның алты өңірінде аптап ыстық болып, жел күшейетінін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр - Sputnik. Қазгидромет синоптиктері бейсенбі күні ауа райы қандай болатынын айтты.

Елдің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Солтүстік, солтүстік-батыста циклон әсерінен дауыл болып, жауын, бұршақ жаууы мүмкін.

Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік, оңтүстік-шығыста - шаңды дауыл, солтүстікте - тұман.

Дабылды ескерту

28 мамырда Қызылорда облысында аптап ыстық болады, плюс 41 градус, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с, шаңды дауыл.

Алдағы екі күнде Солтүстік Қазақстан облысында тұман болып, күн күркірейді. 29 мамырда күндіз бұршақ жауады, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Түркістан облысында шаңды дауыл болады, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. Күндіз сынап бағанасы 40 градусқа дейін көтеріледі.

Өңірлердегі ауа райы

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысында аптап ыстық болады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облысында өрт қаупі жоғары болады. 

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада түнде плюс 8-10 градус, күндіз 24-26 градус жылы.

Алматыда түнде 17-19 градус жылы, күндіз сынап бағанасы 28-30 градусқа дейін көтеріледі.

Шымкентте түнде плюс 20-22 градус, күндіз 35-37 градус ыстық.

86
Кілт сөздер:
синоптиктер, ауа райы, мамыр