Деньги, тенге, доллары

Қазақстанда доллар 450 теңгеден сатылып жатыр

2448
(Жаңартылды 11:57 16.03.2020)
Республиканың ірі қалаларындағы валюта айырбастау пунктерінде бірнеше сағат ішінде доллар бағамы 405 теңгеден 450 теңгеге дейін шарықтады

НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. Дүйсенбі, 16 наурыз күні теңге күрт құлдырап кетті. Айырбастау пунктерінде доллар 440 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

kurs.kz мәліметінше, Алматының айырбастау пунктерінде доллар 440 теңгеден сатылып жатыр, ал сатып алу бағасы 420-430 теңге шамасында.

Ал Нұр-Сұлтанның кейбір пунктерінде доллар бағамы 450 теңгеге дейін жетті. Сағат 11:50-дегі ақпарат бойынша елордадағы ақша айырбастау орындарының барлығы дерлік америкалық валютаны сатуды тоқтатқан.

Шымкентте де қазір доллар сатылып жатқан жоқ.

Ұлттық банктің мәлімдемесі

Дүйсенбі күні ұлттық банк 16 наурыздан бастап еркін бағам белгілеу және инфляциялық таргеттеу саясатына сәйкес тепе-тең бағамның қалыптасуына ықпал етуге ниеттеніп отырғанын мәлімдеді.

"Басқаша айтқанда, енді ұлттық банк валюта нарығына араласуын азайтып, нарыққа қазіргі жағдайда тепе-тең бағамды өздігінен анықтауға мүмкіндік беріп отыр деп топшылауға болады. Шын мәнісінде, бұл теңгенің еркін айырбас бағамының көрінісі. Бұл туралы көптеген сарапшылар бұған дейін де айтқан болатын", - деп түсіндірді Tengenomika каналының авторы, сарапшы Олжас Төлеуов.

Тағы оқыңыз: Ұлттық банк валюта айырбастауға тыйым салынады деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сарапшылар бағам қаншаға дейін шарықтап, кейін қаншалықты жылдам әрі қандай деңгейге дейін түсетінін күтіп отыр.

Төлеуовтің айтуынша, қазіргі жағдайда ұлттық банктің теңгенің нарықтық бағамын қалыптастыруға септесуі - қажетті қадам.

2448
Тақырып бойынша
12 наурызға валюта бағамы: ақша айырбастау пункттері қандай баға белгіледі
16 наурызға валюта бағамы: доллар қаншадан сатылып жатыр
ТМД елдерінің тулары

ТМД елдері премьер-министрлерінің онлайн-отырысы өтті

16
Үкімет басшыларының отырысы онлайн-режимде өтті. Жиында коронавирус инфекциясына қарсы тұру және елдердің экономикалық байланысын нығайту мәселесі сөз болды

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр  - Sputnik. Ресейдің премьер-министрі Михаил Мишустин коронавирус ТМД елдерінің экономикасына кері әсерін тигізіп жатқанын айтты. Сондықтан экономиканы цифрландыруды қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды.

"Сауда-экономикалық саладағы әріптестікті нығайтудың маңыздылығы артып отыр. Коронавирус эпидемиясының салдарын жою үшін сауда кедергілері мен шектеулерді жою жұмысын белсенді жүргізу керек. Көлік саласындағы байланысты нығайту қажет", - деді Мишустин.

Оның айтуынша, еркін сауда жөніндегі келісімді барынша жылдам жасау керек. Осының арқасында экономикаларды цифрландыру қамтамасыз етіледі.

Пкіріталасқа қатысушылар ТМД-ның 2030 жылға дейін дамуы стратегиясының жобасын қабылдады.

ТМД-ға мүше елдер премьер-министрлерінің келесі отырысы 6 қарашада Өзбекстанда өтеді деп жоспарланып отыр.

16
Әуежай, архивтегі сурет

Қазақстан қандай мемлекеттермен әуе қатынасын жандандырады

64
(Жаңартылды 16:10 29.05.2020)
Алдымен коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайы жақсы мемлекеттермен әуе қатынасы ашылатыны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр - Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі халықаралық рейстерді ашу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевтың айтуынша, ведомствоаралық комиссияның бүгінгі отырысында бірнеше халықаралық бағытта рейстерді ашуға тапсырма берілді.

Алдымен коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайы жақсы мемлекеттермен әуе қатынасы ашылады. Қазіргі кезде комитет мамандары Қытай, Оңтүстік Корея және Әзербайжанмен арадағы рейстерді ашу мәселесін пысықтауға кірісті. Осы мемлекеттерде эпидемиологиялық жағдай өзгерсе, тиісті шаралар қолға алынады.  

"Екінші кезеңде Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия, Таиланд және Чехия қарастырылады. Айта кетер жәйт, осы рейстердің бәрі ертеңнен бастап ашылмайды және эпидемиологиялық жағдайға қарай барлық инстанциялармен келіскеннен кейін басталады. Рейстердің ашылатын күнін қосымша хабарлаймыз", - деді Ластаев бүгінгі онлайн брифингте.    

Айта кетейік, карантин енгізілгелі бері Қазақстанда 97 халықаралық бағытқа әуе қатынасы тоқтатылған болатын. Ұшақтар аптасына 440 рейс жасап тұрды.

64
Кілт сөздер:
әуе қатынасы, мемлекет, Қазақстан
Тақырып бойынша
Қазақстанда блок бекеттер алынып, қалааралық автобустар жолға шығады
"Ешқайда шықпайды": пойыздағы жаңа тәртіп туралы айтылды
Карантин баспана бағасына қалай әсер етті?
Қазақстанның туризм саласы миллиардтаған шығынға ұшырауы мүмкін
Алматыда 30 мамырда діни ғимараттар ашылады
Компьютер, интернет

SputnikPro сарапшылары сайтты ыңғайлы етуге қатысты кеңес берді

0
Веб-аналитиканың маңызды болуының бірнеше себебі бар. Ол арқылы аудиторияны, интернет-ресурстың техникалық тұсы мен тұтынушылардың әрекетіне талдау жасауға болады

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр — Sputnik. Web-аналитика не үшін керек, сайт статистикасын бақылау кезінде оның жүйелері қалай жұмыс істейді? Бұл сауалдарға журналистер мен блогерлерге арналған SputnikPro вебинарында "Россия сегодня"  халықаралық ақпарат агенттігінің веб-сарапшысы Игорь Тугушев жауап берді.

Сарапшы "Титаник" апатын мысалға келтіре отырып, web-сараптаманың маңыздылығы туралы айтты.

Скриншот вебинара SputnikPro с веб-аналитиком МИА Россия сегодня Игорем Тугушевым
© Sputnik /
SputnikPro вебинарының скриншоты

"Трагедия не үшін болды? Басты себеп - капитан мен орынбасарының салғырттығы, алайда екінші себеп - навигациялық құралдардың әлсіз болуы", - деді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта навигациялық кешендер дамып кетті.

"Титаник пен сіз интернет мұхитына жіберетін интернет-сервисті салыстыруға болады. Егер заманауи навигациялық құралдар қолданылмаса, мұхитта көзді жұмып жүзгендей боласыз", - деді маман.

Web-аналитика - интернет-ресурстың мәліметтерін жинау мен талдауға арналған шаралар кешені. 

Тугушев статистика жинаудың негізгі клиенттік жүйелерін атады: Google Analytics, Liveinternet, Рейтинг mail.ru, Яндекс Метрика.

SputnikPro – халықаралық Sputnik ақпарат агенттігі мен радиосының журналист, студент, баспасөз қызметі мен медиа саласында жұмыс істеп жүрген маман иелеріне арналған жоба. Оның мақсаты – тәжірибе алмасу әрі медиа саласында кәсіби байланысты нығайту.

2018 жылдың наурызынан бері оған 80 елден 3 мыңнан астам өкіл қатысқан. SputnikPro шеберлік сағаттары мен семинарлары Әзербайжан, Армениядан Үндістанға, Грекиядан Қытайға дейін 22 елде ұйымдастырылды.

0