Экономика

Банк салымшылары үшін қауіп-қатер жоқ – Әбілқасымова

© Sputnik / Владислав ВодневМадина Абылкасымова
Мадина Абылкасымова  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәдина Әбілқасымова банктердің тауар және қаржы нарығында әлеуметтік күйзелістерге орнықтылығын анықтау үшін жүйелі деңгейде жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінде қор жеткілікті, салымшылар үшін қауіп-қатер жоқ. Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі уақытта Қазақстанның қаржы жүйесіндегі жағдай тұрақты. Екінші деңгейлі банктердің үздіксіз қызметін қамтамасыз ету және банктік қызметтердің толық тізбесін көрсету үшін меншікті капиталы мен өтімділігінің едәуір қоры бар. Банктердің салымшылары үшін қауіп-қатер жоқ", - деді Әбілқасымова үкімет отырысында.

Айтуынша, агенттік банктердің тауар және қаржы нарығында әлеуметтік күйзелістерге орнықтылығын анықтау үшін жүйелі деңгейде жұмыс жүргізіп жатыр.

Оқи отырыңыз: Ұлттық банк мәлімдеме жасады 

30 наурызға дейін активтердің сапасын тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша банктерді түзету іс-қимыл жоспары қабылданады.

Сонымен қатар, экономикалық жағдайды ескере отырып, 2020 жылдың 1 қазанына дейін провизияларды есептеу тәсілдерін қатаңдататын бірқатар реттеу шарасын енгізу кейінге қалдырылып отыр.

Жаңалықтар
0