Экономика

Вице-премьер кімдер жыл соңына дейін салықтан босатылатынын айтты

© Sputnik / Владислав ВодневНалоговый кодекс РК
Налоговый кодекс РК - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үкімет мүшелерінің айтуынша, бұл шаралар қаржы жағдайы нашарлаған бизнес өкілдерін қолдау үшін жасалып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз – Sputnik. Қаржы жағдайы нашарлаған кәсіпкерлер кейбір салық түрлерінен уақытша босатылды. Бұл туралы үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Вице-премьер кәсіпкерлерді қолдау мақсатында салықтың бірқатар түріне жеңілдік қарастырылғанын атап өтті.

"Шағын және орта бизнестің жекелеген санаттары, оның ішінде сауда ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, көрмелер жеке мүлік салығын және салықтар бойынша қарызын төлеуден уақытша босатылады. Жалпы тәртіпте жұмыс істейтін 72 мың кәсіпкер жыл соңына дейін он пайыздық жеке табыс салығын төлемейді", – деді Тоғжанов үкіметте өткен брифингте. 

Ол бұл шаралар қаржы жағдайы нашарлаған бизнес өкілдерін қолдау үшін жасалып отырғанын айтты.

19 наурыздан бастап астана мен Алматы карантинге жабылды. 22 наурыздан бастап бұл екі қалаға кіруге және одан шығуға тыйым салынады.

Оқи отырыңыз: "Өзің төле!": Қарағұсова тұрмысы төмендердің кредитін өтеп беруге қарсы шықты

Қазіргі уақытта елде 49 адам коронавирус жұқтырды. Оның 25-і – астанада, 22-сі – Алматыда және екі адам Қарағандыда тіркелді.

Жаңалықтар
0