теңге, доллар

"Birgemiz" қорына түскен ақшаны тарататындардың аты-жөні жарияланды

5868
(Жаңартылды 16:54 24.03.2020)
Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған "Birgemiz" қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің құрамы жарияланды. Бұл қорға қазақстандық бизнесмендер бір тәулікте 40 миллион доллар аударды

НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған "Birgemiz" қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

"Жаңадан құрылған қоғамдық қорға елдің ірі бизнес өкілдерінен 40 миллион доллардан астам қаржы түсті. Бұл қаражат қамқоршылық кеңесінің шешімімен халықтың әлеуметтік осал топтарына атаулы көмек көрсетуге бағытталатын болады. Қазір көмек түрлері мен оны алушылар санаттарын анықтау бойынша жұмыс басталды", - делінген хабарламада.

Бүгін қамқоршылық кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Сол жерде кеңестің құрамы жарияланды.

Кеңес құрамы:

  • қамқоршылық кеңесінің төрағасы - "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек;
  • қамқоршылық кеңесі төрағасының орынбасары – Тұңғыш Президент қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев;
  • қамқоршылық кеңесінің хатшысы – журналист, "Бас редакторлар клубының" президенті Бибігүл Жексенбай.

Кеңес мүшелері:

  • Сенат депутаттары Нұртөре Жүсіп пен Ольга Перепечина;
  • Мәжіліс депутатары  Нұрлан Әбдіров пен Бақтықожа Ізмұхамбетов;
  • "Еріктілер лигасы" қоғамдық қорының төрағасы Айсұлу Ерниязова;
  • "Ұлттық еріктіер лигасы" заңды тұлғалар қауымдастығының төрағасы Вера Ким;
  • "Мир через духовность" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сәуле Мұқашова;
  • "Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығы" АҚ басқарма төрағасы Юрий Пя;
  • "Altyn Kyran" халықаралық қайырымдылық қорының басшысы Исламбек Салжанов.

Ал "Birgemiz" қоғамдық қорының жоғарғы органы – құрылтайшылардың жалпы жиналасына үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов төрағалық етеді.

Қордың құрылтайшылары – Ардагерлер ұйымы (басшысы – Бақтықожа Ізмұхамбетов) және " Мир через духовность" (басшысы – Сәуле Мұқашова).

"Birgemiz" қорының басқарма басшысы Руслан Сакеев Nur Otan-ның көмегі керек екенін айтты. Себебі осы саяси ұйымның әрбір өңірде бөлімшесі бар. Қаражатты таратуға қажетті база бар, еріктілері де көп.

"Біз қамқоршылық кеңесінің алғашқы отырысын "Nur Otan" партиясында өткізіп отырмыз. Себебі осы ұйымның мүмкіндіктеріне жүгінуді көздейміз. Елбасының қолдауымен қорға қаражат әлі де түсіп жатыр. Алайда көмекке зәру барлық адамды қамту үшін бізге инфрақұрылым, ұйымдастыру тәжірибесі мен мамандар қажет. Ондай адамдар партияда ғана бар", - деді Сакеев.

5868
Кілт сөздер:
ақша
Тақырып бойынша
Коронавирус қағаз ақша арқылы жұғуы мүмкін – ДСҰ
"90 миллиард доллар бар": Тоқаев ақшаны қайдан алатынын айтты
Қазақстандық олигархтар Назарбаевтың үндеуінен кейін 18 млрд теңге жинап берді
Қазақстан дағдарысқа қарсы шараларға 10 миллиард доллар бөледі
АҚШ Қазақстанға 890 мың доллар ақша бөлуге дайын
Теңге, ақша

"Атаулы әлеуметтік көмек қысқартылады": ақпаратқа қатысты түсініктеме берілді

2088
(Жаңартылды 10:46 12.08.2020)
Карантин кезінде әлеуметтік жәрдемақы алушылардың табысы есептелмей, автоматты түрде ақша аударылып отырды

АЛМАТЫ, 12 тамыз – Sputnik. Жұмыспен қамту орталығы Қазақстандағы төтенше жағдай кезінде астаналықтарға атаулы әлеуметтік көмек қысқартылмағанын мәлімдеді. Бұл жайында қала әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Ведомство 2020 жылдың екінші тоқсанында төтенше жағдай режимі кезінде атаулы әлеуметтік көмек кірісті қайта есептеместен автоматты түрде тағайындалғанын айтты. Ал үшінші тоқсанда кірісті есептеу қарастырылған.

"Әлеуметтік желіде осы айда 2020 жылдың II тоқсанымен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек қысқартылғаны туралы ақпарат тарап жатыр. 2020 жылдың шілде айынан бастап карантин шараларын сақтау аясында Нұр-Сұлтан қаласында АӘК есептеу II тоқсанындағы кірісті есептеуді ескере отырып, 2 941 отбасына автоматты түрде тағайындалды. Сондай-ақ "Электронды үкімет" веб-порталының "Электронды өтініш" бөлімі арқылы өтінім жіберген 160 жаңа өтініш берушіге АӘК есептелді", - делінген елорда әкімдігінің баспасөз қызметінің ақпаратында.

Қаланың барлық тұрғыны атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, төлеу және алу шарттары туралы сұрақтар бойынша 8 7172 57 88 88 телефонына хабарласа алады. Кеңес беру әрбір өтініш берушімен жеке жүргізіледі.

Астаналықтар АӘК тағайындауға өтінішті "Электронды үкімет" сайтында "электронды өтініш" бөлімі немесе czasp@astana.kz электронды поштасы арқылы бере алады, деп толықтырды Нұр-Сұлтан қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы.

Айта кетейік, 14 шілдеде премьер-министр Асқар Мамин үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне АӘК-ті III тоқсанға тағайындауды белсенді түрде жүргізу туралы тапсырма берді.

Еңбек министрлігі атаулы әлеуметтік көмек тағайындау 121 мың отбасының 625 мың мүшесіне автоматты түрде ұзартылғанын хабарлады. Екінші тоқсанда 561 мың қазақстандық мемлекеттік инстанцияларға жүгінбей автоматты түрде жәрдемақы алды.

2088
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, түсініктеме, атаулы әлеуметтік көмек
Тақырып бойынша
Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар үшін жағымды жаңалық шықты
Қазақстанда бала үш жасқа толғанға дейін жәрдемақы төленуі мүмкін
"167 мың теңге алатындар бар": министр жәрдемақы туралы айтты
Қазақстанда 1-3 баласы бар отбасыларға жәрдемақы төлене ме – министрдің жауабы
Көпбалалы отбасылар жаңа жәрдемақы ала бастады
Ақша, теңге

Медициналық сақтандыру қорындағылар қанша жалақы алатыны белгілі болды

162
(Жаңартылды 16:11 11.08.2020)
Президент үкіметтің кеңейтілген отырысында медициналық сақтандыру қорының басшысын жұмыстан босатуды тапсырдған болатын. Оның орнына Болат Төкежанов келді

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Медициналық сақтандыру қоры басшылық пен қызметкерлердің жалақысын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қордың баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, орталық аппаратта 230 қызмет бар. Ал облыстық филиалдарда 620 маман жұмыс істейді. 

"Штаттық кестеге сәйкес, басқарма мүшелерінің жалақысы, соның ішінде басқарма төрағасының еңбекақысы салықтық төлемдерді есептемегенде 850 000 теңгеден басталады", - дейді мамандар.

Ал басқа қызметкерлердің айлықы үш-бес есеге төмен. Олар: 

  • менеджер – 170 000 теңгеден жоғары; 
  • аға менеджер – 250 000 теңгеден жоғары;
  • әкімшілік басқару персоналы –  300 000 теңгеден жоғары.

Биыл медициналық сақтандыру қоры қызметкерлерінің еңбекақысын төлеуге жоспар бойынша 5,7 миллиард теңге қарастырылған.  

"Жаңа басшылықтың шешімі бойынша қызметкерлер штатын ұстауға кететін шығындардың оңтайландыру шаралары жүргізіліп жатыр. Бірінші кезеңде 119 миллион теңге көлемінде жалақы шығындары қысқартылады. Бұдан бөлек, қордың ұйымдастырушылық құрылымына талдау жасалуда", - дейді қор қызметкерлері. 

Сондай-ақ, PR шығындары – 102 миллион тенгеге, IT-қызметтері – 180 миллион теңгеге, кеңсе жалдау 95 миллион теңгеге, іс-сапар шығындары – 100 миллион теңгеге, баспа қызметтері 31 миллион теңгеге қысқартылды. Ал жиһаз бен кеңсе техникасын сатып алу сияқты күрделі қаржы шығындары 277 миллион теңгеге азаяды. Жалпы, барлық шығын 1 миллиард теңгеге азаяды деген жоспар бар.

Бұрынғы басшы төңірегіндегі шу 

Медициналық сақтандыру қорының бұрынғы басшысы Айбатыр Жұмағұлов осы қызметке өткен жылы тағайындалған болатын. Биыл шілде айында оның жұбайы, тележүргізуші Гүлбаршын Зайырова жариялаған жазбаның скриншоты елдің ашуын туғызды. Әйел күйеуінің өзіне "он екінші көлік сыйлағанын" жазған. Жұмағұловтың өзі бұл ақпаратты жоққа шығарды. 

Соған қарамастан, президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында медициналық сақтандыру қорының басшысын жұмыстан босатуды тапсырды. Оның орнына Болат Төкежанов келді. 

МӘМҚ жүйесі Қазақстанда 1 қаңтардан бастап іске қосылды. Бірінші сәуірде жарна төлеу бойынша жеңілдік кезеңі ұзартылды. Сол аралықта әрбір азамат өз мәртебесін анықтап, жарна төлеп, қор қатысушысы болуға міндеттелді.

Айта кетсек, қазіргі таңда шағын және орта бизнес 2020 жылдың бірінші қазанына дейін қорға жарна төлеуден босатылды. Алайда жұмыс беруші мемлекеттік кірістер комитетіне қызметкерлер тізімін ұсынуға міндетті.

162
Кілт сөздер:
жалақы, медициналық сақтандыру қоры
Тақырып бойынша
"Он екі көлігі бар": Айбатыр Жұмағұлов желіні шулатқан жазбаға жауап берді
Медициналық сақтандыру қорының бұрынғы басшылығы тергеуге алынды
Медициналық сақтандыру қорында қанша ақша бар – басшылық жауап берді
Медициналық сақтандыру қоры қазақстандықтардың наразылығына жауап берді
Медициналық сақтандыру қоры мекемелерге алты ай ішінде 4,6 миллиард теңге айыппұл салған
Нұр-Сұлтан, қала келбеті

Қазақстанда 13 тамызда қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 13-20 тамыз аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

13 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ құқықтық қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры Андрей Кравченконың онлайн-брифингі. Тақырыбы: "Самұрық-Қазына" АҚ қызметіндегі бүгінгі тәуекелдер. Аккредитация: press@sk.kz, +7 700 545 02 01.

12:00 – "Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" ММ басшысы Тимур Мұратов пен "Астана - адалдық алаңы" жобасының жетекшісі, қалалық мәслихаттың депутаты Мирас Шекенов #ANTIKOR жобасы аясында ANTIKOR ORTALYǴY алаңында Facebook-те "Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау саласын дамыту" тақырыбында онлайн-диалог өткізеді. Сұрақтарды тікелей эфирде пікір ретінде қалдыруға болады.  

12.20 - Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру туралы" баспасөз конференциясы. Спикерлер: Қазақстан ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов, "Ұлтық Аударма бюросы" қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы.

19.00 – "Жаз әуендері" жобасы аясында Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының концерті (Мәдениет және спорт министрлігінің Youtube каналында трансляцияланады).

14 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

19.00 - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының концерті (Мәдениет және спорт министрлігінің Youtube каналында трансляцияланады).

15 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Мүмкіндігі шектеулі спортшылардың барлық санаты арасында шахматтан ашық онлайн турнир. Жарысқа есту, көру және тірек-қимыл кемістігі бар спортшылар қатыса алады.  Жарыстар Қазақстанда 2020 жылы 16 тамызда аталып өтетін Спорт күніне орайластырылған. Турнирді Нұр-Сұлтан әкімдігінің бұқаралық спорттық шаралар дирекциясы Мүгедек спортшыларға арналған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебімен бірлесіп ұйымдастырып отыр. (+7 701 641 36 58 телефоны арқылы тіркелуге болады).

18.00 – "Бетховен – Бессмертие - Любовь" балеті, "Астана Опера" театры (трансляция tengri.tv-да).

19.00 - Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының концерті (Мәдениет және спорт министрлігінің Youtube каналында трансляцияланады).

16 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

12.00 – "Классика детям" - "Музыка рисует и показывает" концерті, "Астана Опера" театры (Трансляция tengri.tv-да).

19.00 – "Салтанат" мемлекеттік би ансамблі ұжымының жазып алынған қойылымдары көрсетіледі (Мәдениет және спорт министрлігінің Youtube каналында трансляцияланады).

20 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

19.00 - "Тоска" операсы, "Астана Опера" театры (трансляция tengri.tv-да)

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.


0