Номиналы 100 теңгелік коллекциялық монета

Қазақстанда "Жеңіске 75 жыл" монеталары айналымға шықты

162
"Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясы аясында дайындалған монеталарды сату төтенше жағдайға байланысты кейінірек жүзеге асырылады

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Қазақстан ұлттық банкі номиналы 500 теңгелік күмістен, 100 теңгелік МН25 мельхиор қоспасынан және  100 теңгелік нейзильбер қоспасынан "Жеңіске 75 жыл" коллекциялық монеталарын айналымға шығарды.

Монеталар "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясы аясында шығарылған.

"Қазақстанда жарияланған төтенше жағдайға байланысты монеталарды сату кейінірек жүзеге асырылады. Сату күні туралы ақпарат ұлттық банктің ресми сайтында жарияланады", -делінген банктің хабарламасында.

"Жеңіске 75 жыл" монетасында кеңес жауынгерінің стильдендірілген бейнесі бар.

Жеңіске 75 жыл монеталары айналымға шықты
© Photo : ҚР ұлттық банкінің баспасөз қызметі
"Жеңіске 75 жыл" коллекциялық монетасы

Алдыңғы жағында мәңгілік оттың бейнесі, оның жалынынан жер бетіндегі бейбітшілік үшін күрескен жауынгерлер өмірінің нышаны іспеттес көгершіндердің көкке самғаған бейнесі көрсетілген.

Композицияның оң бөлігінде – қалампыр гүлінің стильдендірілген бейнесі. Жоғарғы бөлігінде – мерейтойлық даталарды бөліп тұрған және жауынгердің бейнесін ұстап тұрған бес қырлы жұлдыз бейнеленген.

Монетаның реверсіндегі жазу кириллицада орындалған, бұл сол уақыттағы оқиғалармен тарихи байланысты баса көрсетеді.

Жеңіске 75 жыл монеталары айналымға шықты
© Photo : ҚР ұлттық банкінің баспасөз қызметі
Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған

Монетаның дизайнына Қазақстан ұлттық банкі өткізген "Жеңіс монетасын жаса!" республикалық конкурсы жеңімпаздарының идеялары пайдаланылды.

Күмістен номиналы 500 теңгелік 2 000 дана, МН25 мельхиор қоспасынан  100 теңгелік 8 000 дана, МНЦ 15-20 нейзильбер қоспасынан 100 теңгелік 100 000 дана монета дайындалды.

Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 8 процентпен кредит беріледі

Номиналы 500 теңгелік және 100 теңгелік коллекциялық монеталар Қазақстанның бүкіл аумағында олардың белгіленген құнымен қабылдануға, сондай-ақ банк шоттарына есепке жазылуға және аударылуға міндетті, Қазақстанның барлық банкінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Күмістен дайындалған монеталар кәдесыйлық орамда шығарылады және Қазақстан ұлттық банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Мельхиор қоспасынан дайындалған монеталар арнайы полиграфиялық орамда шығарылады.

162
Кілт сөздер:
Жеңіс күні, монета, Ұлттық банк
Тақырып бойынша
Ұлттық банк салмағы 1 кг тартатын монета шығарды
Теңге, архивтегі фото

Еңбек министрлігі 21 250 теңгеге қатысты ақпарат жариялады

856
(Жаңартылды 21:23 05.08.2020)
Жақын арада ақшалай қаражат азаматтардың шоттарына аударылады, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстан аумағында карантиннің 2 аптаға созылуына байланысты біржолғы төлем алатын 969,5 мың адамға қосымша 21 250 теңге төленді.

"Осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр. Жақын арада ақшалай қаражат азаматтардың шоттарына аударылады", - деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Бұған дейін хабарланғандай, 2020 жылдың шілдесінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем алған қазақстандықтарға карантиннің ұзартылуына байланысты қосымша ақы автоматты түрде тағайындалады. Қайта өтініш берудің қажеті жоқ.

Карантин ұзартылғаннан кейін біржолғы төлем тағайындауға алғаш рет өтініш берген азаматтарға төлем 1,5 ең төменгі жалақы немесе 63 750 теңге (42 500 + 21 250 теңге) мөлшерінде тағайындалады.

Өтініш 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қабылданады.

Оқи отырыңыз: Ақорданың маңына жиналған бір топ адам кредиттің кешірілуін талап етті 

Айта кетейік, шілде айына 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,4 миллионнан астам өтініш қабылданды. Төлем 2 миллион 201 мың адамға тағайындалып, оның 2 миллион 182 мыңына ақша түсті.   

Ал 42 500 теңге төлем алуға өтінімдер бірнеше жолмен қабылданады. 2,4 миллионнан астам өтінімнің ішінде 835,5 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді.

"Тағы 621,4 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар, 358,7 мың адам 42500.enbek.kz порталы, 634,8 мың адам екінші деңгейлі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген", - деп нақтылады ведомство.

856
Тақырып бойынша
Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
"Қалай құдайдан қорықпайды?": Әбілдина кімге сенуге болмайтынын айтты
Депутат 42 500 теңге төлеуге қатысты тың ұсыныс жасады
Министрлік тамыз айында кімдер 63 мың теңге алатынын айтты
Қазақстанда қанша адамға 21 250 теңге берілетіні белгілі болды
Мұнай бұрғылау қондырғысы мен ОПЕК таңбасы

Қазақстанның ОПЕК+ келісімі аясында қалай жұмыс істеп жатқаны айтылды

51
Министрліктің хабарлауынша, Қазақстан келісім міндеттемелерін орындағаны туралы деректерді ОПЕК+ хатшылығына жолдаған

АЛМАТЫ, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында қабылданған міндеттемелерді орындап жатыр. Келісімге сәйкес, Қазақстанның шілде айындағы міндеттемелері тәулігіне 1,319 миллион баррельді құрайды. Бұл жайында энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алдын ала келтірілген мәлімет бойынша, шілде айында орташа тәуліктік өндіру тәулігіне 1,313 миллион баррель немесе міндеттемелердің 101%-ін құрады.

Министрліктің хабарлауынша, республика келісімнің міндеттемелерін орындағаны туралы деректерді ОПЕК+ хатшылығына жолдады.

Айта кетейік, Қазақстан сәуір айында ОПЕК+ қатысушы елдер арасында 2020 жылдың мамыр-шілдесінде мұнай өндіруді тәулігіне 9,7 миллион баррельге дейін ұжымдық қысқарту туралы келісім бойынша жаңа міндеттемелерге қосылды.

"ОПЕК+ келісіміне қатысу сұраныспен ұсыныс теңгерімін және мұнай бағасын қалпына келтіруге бағытталған. Қоймаларда мұнайдың толып кету қаупін болдырмау үшін энергетика министрлігі орта, ірі және алып кен орындарында өндірісті шектеу туралы шешім қабылдаған болатын", - делінген ақпаратта.

Мәмілеге қатысу арқасында нарықтың барлық қатысушысы мұнай өндірудің бақылануына және біртіндеп төмендеуіне қол жеткізді. Бұл әлемдік мұнай саласына оң әсеретті, деп толықтырды ведомство.

Оқи отырыңыз: Мұнай бағасы төмендеуінің себебі айтылды

51
Кілт сөздер:
мұнай бағасы, мұнай
Тақырып бойынша
"Өте ауыр жағдайға түсеміз": мұнай саласының маманы коронавирустың салдары туралы айтты 
Ноғаев: ОПЕК+ келісіміне қосылудың нәтижесінде мұнай өндіру тоқтаған жоқ
Мұнай саласында үш жарым мың адам жұмыссыз қалды – министр
"Мұнай дәуірінің" аяқталып келе жатқаны рас па
Энергетика министрі эпидемия мұнай саласына қалай әсер еткенін айтты
Архивтегі фото

Ақтау Жаңаөзен тасжолында бірнеше адам көз жұмды видео

0
Полицияның мәліметінше, Toyota Alphard минивэнінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Ақтау – Жаңаөзен тасжолында Toyota Alphard минивэні аударылып кетті.

Трагедия 5 тамыз күні таңертең болды. Оқиғаның қалай болғанын Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды Lada.kz.  

Полицияның мәліметінше, Toyota Alphard минивэнінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен.

"Бұл факт Қарақия аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді), - деп хабарлады ведомство.

Бұл баптың жазасы бес жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге соттауды, сондай-ақ жеті жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруды көздейді.

"Суық хабар жетті": үш қазақстандық балуан жол апатынан қаза болды

Алдын ала мәлімет бойынша, апаттан 4 адам адам көз жұмған, тағы төртеуі ауруханада жатыр.

0
Кілт сөздер:
видео, жол апаты, Ақтау
Тақырып бойынша
"Астана Опера" театрының жетекші солисі жол апатынан қаза болды
Нұр-Сұлтанда автокөлік бағанды құлатып, аялдамаға соғылды
Атырау облысында жедел жәрдем бригадасы көз жұмды
Блок бекеттегі апат: марқұм полицейдің әйелі алғаш рет қайғылы оқиға жайлы айтты
Атырау облысында болашағынан үміт күттірген үш боксшы қаза болды