Экономика

Айырбастау пунктерінде доллар қаншадан сатылып жатыр

© Sputnik / Абзал КалиевАқша, валюта, теңге, доллар
Ақша, валюта, теңге, доллар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елорданың айырбастау пунктерінде доллар сатылып жатқан жоқ, ал Алматыда 450-453 теңгеге сатып алуға болады

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Жексенбі, 29 наурызда Қазақстанның айырбастау пунктерінде долларды 445-448 теңгеге сатып алып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

27 наурызда ұлттық банк демалыс күндеріне доллардың ресми бағамын 445,84 теңге деңгейінде бекітті.

kurs.kz порталының  ақпаратынша, Алматының валюта айырбастау пунктерінде доллар 445-448,5 теңгеге сатып алынса, сату 450 теңгеден 453 теңгеге дейін құбылады.

Ал елордада бір доллар 445-450 теңге сатып алынып жатыр. Шетелдік валютаны сату тоқтаған.

Тағы оқыңыз: "7-20-25" және "Баспана Хит" бойынша ипотека алғандарға төлемді шегеруге болады

Шымкентте бір долларды шамамен 452 теңгеге сатып алуға болады.

Бұған дейін ұлттық банк айырбастау пункттерінде шетел валютасын теңгеге сату операциялары үшін бағаның ауытқу шегін белгіледі: АҚШ доллары – 6 теңге, еуро – 7 теңге. Мұндай ережелер төтенше жағдай режимі кезінде, яғни 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін қолданыста болады.

Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин кезінде айырбастау пунктері сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін істейді.

Жаңалықтар
0