Ақша, теңге

Министр қате ақпарат таратқаны үшін кешірім сұрады

5607
Министр бұған дейін дағдарыс шараларына бөлінетін қаражат бюджеттен алынады деген болатын. Бірақ бір бөлігі Ұлттық қордан да аударылады

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қате ақпарат таратқаны үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр бұған дейін дағдарыс шараларына бөлінетін қаражат бюджеттен алынады деген болатын. Бірақ бір бөлігі Ұлттық қордан да аударылады.

"Қазақстанда дағдарысқа қарсы шараларға бөлінетін қаражаттың жалпы көлемі 4 триллион теңгеден асады. Оны жақсы білесіздер. Осы шығындар республикалық бюджеттен 2,1 триллион теңгеге өтеледі. Сосын инфрақұрылымдық облигациялардың қаржысы тартылады. Бұдан бөлек, Ұлттық қордың кепілдендірілген трансферті 1 триллион 825 миллиард теңгеге дейін артады. Алғашқы брифингтерде мен Ұлттық қордан ақша алынбайды деп айтқанмын. Бұл - қате ақпарат. Мен оны әдейі таратқан жоқпын. Сол үшін кешірім сұраймын", - деді Абаев бүгінгі онлайн брифингте.

Тағы оқыңыз: Қазақстандағы тағы бір қала карантинге жабылады

5607
Кілт сөздер:
қате, Дәурен Абаев, министр
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (879)
Тақырып бойынша
Елордада вирус жұқтырған екі пациент ауыр хәлде жатыр
Қарағанды карантинге жабылады
Ақмола облысында бүтін бір отбасы коронавирус жұқтырды
Қазақстанда тағы 14 адамнан коронавирус табылды
Коронавирус жұқтырған екінші медбике туралы ақпарат жарияланды
Қазақстан үкіметінің басшысы Асқар Мамин

Стратегиялық жоспар жаңа экономикалық сын-тегеуріндерге жауап болады Мамин

29
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары президенттің қарауына 1 тамызға дейін ұсынылады

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин президент жанындағы экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысын өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Мамин мемлекеттік комиссияның басты міндеті Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының жобасын жаңа редакцияда әзірлеу екенін атап өтті. Жоба президенттің қарауына осы жылдың 1 тамызына дейін енгізіледі.

Құжатта орташа мерзімді кезеңге арналған елдің жаңа экономикалық бағытының бағдарлары айқындалады. Оның ішінде сыртқы экономикалық конъюнктурадағы өзгерістерді ескеріп, экономикада институционалдық және құрылымдық реформаларды жүргізуге қатысты түбегейлі жаңа тәсілдер қамтылады.

"Стратегиялық құжат ағымдағы және әлеуетті экономикалық сын-тегеуріндерге жауабымыз болады. Бізге еліміздің бәсекелі артықшылықтарын барынша пайдаланып, Қазақстан экономикасының жаңа құрылымын қалыптастыру бойынша шараларды әзірлеп, қабылдау қажет", - деді Мамин.

Тағы оқыңыз: Үкімет экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды бекітті

Ол мемлекеттік қолдауды отандық өндірістің әлеуетін көтеруге бағыттау арқылы экономиканың дербестігін арттырудың, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және Қазақстанды әлемдік азық-түлік хабына айналдырудың, шағын және орта бизнесті дамытудың, сондай-ақ, барлық саланы цифрландырудың маңыздылығын атап өтті.

Бұған дейін Мамин ұлттық экономика министрлігіне Қазақстанның 2025 жылға дейінгі жаңа стратегиялық даму жоспарын 1 шілдеге дейін үкіметке енгізуді тапсырған болатын.

29
Кілт сөздер:
Асқар Мамин, Үкімет
Жүк көліктері

ЕАЭО мен Қытай шекарасы арқылы тыйым салынған тауарларды өткізуге бақылау күшейеді

39
(Жаңартылды 11:27 04.06.2020)
Құжатта екі тараптың кедендік аумағына әкелінетін тауарларға қатысты кедендік операцияларды жүргізуді жеделдету, ақпарат алмасу және халықаралық логистикалық арналарды құру көзделген

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Қазақстан парламенті сенаты ЕАЭО мен Қытай кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен халықаралық тасымал көліктері жөнінде ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялау жайлы заңды қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Келісімге 2019 жылы 6 маусымда қол қойылған. Құжатта екі тараптың кедендік аумағына әкелінетін тауарларға қатысты кедендік операцияларды жүргізуді жеделдету, ақпарат алмасу және халықаралық логистикалық арналарды құру көзделген. 

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, ақпарат алмасу ЕАЭО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесі мен Қытай өкілетті органдарының ұлттық ақпараттық жүйесі арқылы электронды түрде жүзеге асады. 

"Келісім күшіне енген күннен бастап 18 айдан кешіктірмей мәліметтің құрылымын, форматын, ақпарат алмасудың техникалық шарттарын анықтайтын жекелеген хаттамалар қабылданады. Бұл хаттамалар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің орталық кеден органдарымен және Қытайдың бас кеден басқармасы арасында жасалады, ратификациялауды талап етпейді", - деді Жамаубаев сенат отырысында. 

Министр Қазақстанның ақпараттық жүйесі толығымен дайын екенін атап өтті. Бұл "Астана-1" ақпараттық жүйе. Кедендік жүйе былтыр өнеркәсіптік деңгейде іске қосылған. 

"ЕАЭО-ға келетін болсақ, одақтың комитетінде интеграцияланған ақпараттық жүйе бар. Ол жүйеге "Астана-1"-ден тиісті ақпаратты беріп отырамыз. Қазір ақпаратты беру тетіктері ЕЭК-пен талқыланып жатыр", - деді ол.

Жамаубаев бастапқы кезеңде Қытаймен тәуекелділігі жоғары тауарлар, мәселен, аяқ киім, халық тұтынатын киімдер, ойыншықтар және басқа да қымбат бұйымдар туралы ақпарат алмасу көзделгенін айтты. Кейін тауарлар тізбесі тағы кеңейтілетін болады. 

"Біздің мақсат – контрабанданы болдырмау, бюджетке көптеп ақша түсіру және ақпараттың барынша толық алмасуын қамтамасыз ету", - деді министр. 

Орталық кеден органдары арасында экспортталатын тауарлар шығарылғаннан кейін 4 сағаттан кешіктірмей ақпарат алмасуды жүзеге асыру мүмкіндігі беріледі. 

Келісімді іске асыру республикалық бюджеттен ақша бөлуді талап етпейді. Сенат депутаттары заңды бірауыздан қабылдады.

39
Тақырып бойынша
Қытаймен шекарадағы әскери техниканың не үшін шығарылғаны белгілі болды – видео
Қазақ-қырғыз шекарасынан жерасты каналы табылды: тергеу жүріп жатыр
Қазақстан-Қырғызстан шекарасынан өту жеңілдейді – президент заңға қол қойды
Қазақстан мен Өзбекстан шекарадағы кептеліс мәселесін шешті
Шекара маңы ынтымақтастығын дамытудың бағдарламасы әзірленді – видео
Архивтегі фото

Біртанов карантинді қатаңдату туралы: "Коронавирус ешқайда кетпеген"

0
Қайтадан қатаң карантинге кіруге себеп бар. Алайда онымен мәселенің бәрі шешілмейді, деп мәлімдеді Біртанов  

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қатаң карантиндік шараларды енгізуге болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, карантин тәртібін жеңілдеткеннен кейін бірқатар өңірде науқастардың саны артқан. Мәселен, 15-24 мамыр аралығында республикада 2 800 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, 25 мамыр мен 3 маусым аралығында 3 500 науқас анықталған. Осылайша инфекция жұқтырғандардың саны 25 процентке көбейген.

"Қайтадан қатаң карантинге кіруге себеп бар, сөйтіп науқастардың санын азайта аламыз. Алайда тәжірибе көрсетіп тұрғандай, қатаң карантин бәрін шеше алмайды. Әрине, оны қиын жағдайда қолдануға болады. Коронавирустың алғашқы толқыны кезінде ондай шара өз тиімділігін көрсетті", - деді Біртанов онлайн брифингте.

Осы орайда министр карантин шараларын жеңілдету шешімін дұрыс түсіну қажеттігін жеткізді. Себебі қазір санитарлық нормаларды бәрібір сақтау қажет.

"Бізге тұрақты карантин жағдайында өмір сүруге үйрену керек. Карантин бар ма, жоқ па, коронавирус ешқайда кетпеген. Оған қарсы вакцина әлі шыққан жоқ. Сондықтан сақтық шараларын барынша сақтау қажет", - деп атап көрсетті Біртанов.

Оқи отырыңыз: Коронавирустың екінші толқыны басталып кетті – Біртанов 

Министр науқастардың саны қай өңірде күрт артқанын да айтты. Бірінші орында Маңғыстау облысы тұр. Одан кейін Батыс Қазақстан мен Қызылорда облыстары келеді. Ал Шығыс Қазақстан облысы мен Нұр-Сұлтанда науқастардың саны біртіндеп азайып жатыр.

"Біз осындай жағдайды күнделікті байқап отырғаннан кейін әр өңірде ерекше шектеу шараларын енгіземіз. Оған жергілікті деңгейдегі бас санитар дәрігерлердің құзіреті бар. Мысалы, Теңізшевройлда коронавирус жұқтырғандар көбейгеннен кейін Жылой ауданында шектеу шаралары енгізіледі. Тек сол ауданға, тек сол жерге шектеу енгізіледі. Бірақ ондай шешімдер жергілікті штабтарда қабылданады", - деп түсіндірді Біртанов.

0
Кілт сөздер:
Біртанов, карантин, коронавирус
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Денсаулық сақтау министрі коронавирустан өздігінен жазылатындар туралы айтты
Тоқаев карантинге байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады
Күн сәулесі коронавирусты өлтіре ме – Бекшин жауап берді
"Халық емханаға бармайды": денсаулық сақтау министрлігі жаңа қызметті іске қоспақшы  
Министр Біртанов митинг өткізуге үзілді-кесілді қарсылық білдірді