Экономика

Премьер-министр әкімдерге бірқатар тапсырма берді

© Sputnik / Владислав ВодневПремьер-министр Казахстана Аскар Мамин на заседании правительства
Премьер-министр Казахстана Аскар Мамин на заседании правительства  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үкімет басшысы әкімдерге халықты жұмыспен қамтуды, ал қаржы нарығын реттеу агенттігіне банктермен тиісті ұсыныстар әзірлеуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Төтенше жағдайға байланысты көпбалалы отбасылар мен жұмыссыздарға тұрмыстық, азық-түлік жиынтығы беріледі. Бұл туралы премьер министр Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Көпбалалы отбасылар мен жұмыссыздарға тұрақты негізде тұрмыстық, азық-түлік жиынтығы тегін берілетін болады. Шамамен 800 мыңнан аса адам қамтылады", - деді Мамин үкімет отырысында.

Бұдан бөлек, ол әкімдерге мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, халықты жұмыспен қамтуды және әлеуметтік қолдаудың барлық түрін төлеуді тапсырды.

Үкімет басшысы төтенше жағдай кезінде банктер де халық пен бизнеске көмектесуі керек екенін атап өтті.

Осыған байланысты қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне екінші деңгейлі банктермен тиісті ұсыныстар әзірлеу тапсырылды.

Тағы оқыңыз: Мамин 42 500 теңгені қанша миллион қазақстандық алатынын айтты

Жаңалықтар
0