Экономика

ЕАЭО елдерінің премьерлері онлайн байланыс арқылы маңызды мәселені талқылайды

© Sputnik / Ольга Тонконог-ДарибаеваФлаги стран ЕАЭС, Молдовы и Евразийского союза на цифровом форуме в Алматы
Флаги стран ЕАЭС, Молдовы и Евразийского союза на цифровом форуме в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үкіметаралық кеңес қатысушылары экономикалық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттарын әзірлеу мәселесін қарастырады

НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір — Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақтың үкіметаралық кеңесі алғаш рет бейнебайланыс арқылы отырыс өткізеді.

Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі эпидемиологиялық жағдайға байланысты 10 сәуір күні экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге арналған онлайн-отырыс өтетінін хабарлады.

"COVID-19 инфекциясы таралуы кезінде Еуразиялық экономикалық одақ аясында атқарылатын шараларды бекіту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, үкіметаралық кеңес мүшелері 2025 жылға дейін еуразиялық экономикалық интеграцияның даму бағыттары айқындалады", - деп жазылған хабарламада.

Бұдан бөлек, тауарларды баж салығынсыз шекарадан өткізу, электронды сауданы дамыту тәсілдері талқыланады.

Жаңалықтар
0