Тоқаев

Қазақстан президенті ОПЕК+ келісіміне қатысты пікір білдірді

313
ОПЕК+ келісімі аясында Қазақстан мамыр-маусым айында мұнай өндіруді тәулігіне 390 мың баррельге азайтады

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің бейнеконференция формасында өткен отырысында Ресей федерациясының ОПЕК+ келісімі бойынша жетістікке жету жолындағы күш-жігерін Қазақстан жоғары бағалайды деп мәлімдеді.

"Біз ОПЕК+ шеңберіндегі өндірісті қысқарту және энергетикалық нарықтағы тепе-теңдікті қалпына келтіру туралы келісімді қолдаймыз. Ресей федерациясының осы келісім бойынша жетістікке жету жолындағы күш-жігерін жоғары бағалаймыз", – деген Тоқаевтың пікірі Ақорданың Twitter-дегі парақшасында жарияланды.

Мемлекет басшысы Қазақстан келіссөздерге бақылаушы ретінде қатысқанын және мұнай өндіруді айтарлықтай қысқартуға келіскендігін атап өтті.

Оқи отырыңыз: ОПЕК+ келісімінің нәтижесі: Қазақстан қандай бағыт ұстанды

Айта кетейік, ОПЕК+ және оған мүше емес елдер 12 сәуірде мұнай өндіруді мамыр-маусым айында тәулігіне 9,7 миллион ​​баррельге, екінші жартыжылдықта 7,7 миллионға ​​және 2022 жылдың сәуір айының соңына дейін 5,8 миллионға қысқартуға келіскен болатын.

313
Тақырып бойынша
Тоқаев ЕАЭО-ның онлайн-саммитіне қатысады
Бірлескен мәлімдеме жасалады - Тоқаев коронавируспен күрес туралы айтты
Нарықты бірге сақтаймыз: ОПЕК+ келіссөзі қандай нәтиже беруі мүмкін
ОПЕК-тің он сағаттық келіссөзінің нәтижесі қандай
Ақша, теңге

Аса ірі көлемде пара алған басқарма төрағасына қатысты тергеу басталды

103
(Жаңартылды 14:57 28.05.2020)
Күдіктінің кінәсін сот анықтайды. Бүгінде тергеу мүддесі үшін болған жағдайға байланысты басқа ақпарат жарияланбай отыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр - Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамынының басқарма төрағасын құрықтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тергеуші Данияр Биғайдаровтың айтуынша, орталық басшысы аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін айыпталып отыр. 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлуге және орындалған жұмыстардың актілеріне қол қоюға көмектескені үшін аса ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" басқарма төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деді Биғайдаров бүгінгі онлайн брифингте. 

Оның айтуынша, күдіктінің кінәсін сот анықтайды. Бүгінде тергеу мүдделері үшін басқа ақпаратты жариялауға рұқсат жоқ.

Тағы оқыңыз: Серік Сәпиевтің орынбасары ұсталды – видео

Сондай-ақ, мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарлары ұсталғаны хабарланды. Олар 380 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Ал Түркістан облысында ауылдық округте жер учаскесін бергені үшін 400 мың теңге көлемінде пара алған әкім ұсталды.

103
Кілт сөздер:
тергеу, басқарма төрағасы, пара
Тақырып бойынша
Шенеунік тергеушілердің көзінше дәлелдерді жеп қойды – видео
Алматыда судьяның пара алып жатқан сәті видеоға түсіп қалды
СҚО-да карантинде кедергісіз жүру үшін полицей 1 миллион 300 мың пара алған
Блок-бекетте пара алған шенеуніктерге қатысты сот үкімі шықты
Пара алған әкім қамауға алынбады – агенттік түсініктеме берді
Қылмыстық іс

Әкімнің заңсыз әрекеті әшкере болды - видео

222
(Жаңартылды 14:36 28.05.2020)
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл іске қатысты тергеу жалғасып жатқанын айтты. Соңғы шешімді сот шығарады

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр - Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысында пара алған әкім ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, Келес ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округының әкімі жер учаскесін бергені үшін заңсыз ақша алған. 

"Әкім 400 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін айыпталып отыр. Ол қамауға алынған жоқ. Себебі сотқа дейінгі өндірісті тездетіп өткізуге өтініш берді. Тергеу жалғасуда. Соңғы шешімді сот шығарады", - дейді агенттіктің тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Сондай-ақ, мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарлары ұсталғаны хабарланды. Олар 380 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

222
Кілт сөздер:
видео, пара, әкім
Тақырып бойынша
Серік Сәпиевтің орынбасары ұсталды – видео
Алматыда судьяның пара алып жатқан сәті видеоға түсіп қалды
Пара алған әкім қамауға алынбады – агенттік түсініктеме берді
Қостанай облысында пара алған полицей видеоға түсірілді
Блок-бекетте пара алған шенеуніктерге қатысты сот үкімі шықты
Сынықтар, архивтегі сурет

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты төрт адамның өмірін қиды

0
"Жетісай – Шардара" автожолында екі жеңіл автокөлік бетпе-бет соқтығысқан, сотқа дейінгі тергеу басталды

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Түркістан облысында жол апатынан төрт адам көз жұмды.

Жол апаты 28 мамыр сағат 14:30 шамасында Кетебай ауылының бойында, "Жетісай – Шардара" автожолында болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Екі жеңіл көлік – "Нексия" мен "Лада-Vesta" бетпе-бет соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан "Нексия" жүргізушісі мен екі жолаушы, "Лада-Vesta" көлігінің бір жолаушысы көз жұмды.

Тағы оқыңыз: Блок бекеттегі трагедия: күдіктінің әкесі полиция мәлімдемесін жоққа шығарды - видео

Оқиға орнында Жетісай аудандық полиция бөлімінің жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы "Жол жүру немесе көлік пайдалану ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

0
Кілт сөздер:
Түркістан облысы, жол апаты, автокөлік