Экономика

Тоқаев ұлттық банкті көшіру туралы жарлыққа қол қойды

© Sputnik / Владислав ВодневҚазақстанның ұлттық банкі
Қазақстанның ұлттық банкі  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық банктің орталық аппараты Алматыдан Нұр-Сұлтанға осы жылдың бірінші шілдесіне дейін көшуі керек

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық банкті Алматы қаласынан Нұр-Сұлтанға көшіру туралы жарлыққа қол қойды.

"Қазақстанның ұлттық банкіне 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұлттық банктің орталық аппаратын Алматы қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына көшіруді қамтамасыз ету тапсырылды", - делінген жарлықта.

Ұлттық банктің Алматыдан елордаға көшірілетіні туралы бұған дейін айтылған болатын.

Осы жылдың қаңтарынан Қазақстанның ұлттық банкі қайта құрылды. Банктен жаңа дербес құрылым - қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бөлініп шықты.

Тағы оқыңыз: Қазақстандық банктердің жаңа жұмыс кестесі жарияланды

Ұлттық банк секілді агенттік те Қазақстан президентіне тікелей бағынып, есеп береді.

Ұлттық банктің бас кеңсесі Нұр-Сұлтан қаласына көшірілсе, ал агенттік Алматыда қалады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Қазақстанның орталық банкінің штатынан 500 адам ауысты.

Жаңалықтар
0