Экономика

Қазақстанның әуе компаниялары коронавирустан 300 млрд теңге жоғалтуы мүмкін

© Sputnik / Тимур БатыршинСамолет в аэропорту Алматы
Самолет в аэропорту Алматы  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Пандемия кесірінен азаматтық авиация саласында ішкі әуе рейстері жүз пайыз, ал халықаралық рейстер 98%-ке тоқтатылды

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов коронавирусқа байланысты азаматтық авиация жыл соңына дейін қанша теңге жоғалтуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгінгі таңда елімізде азаматтық авиация саласында ішкі әуе рейстері жүз пайыз, ал халықаралық рейстер 98%-ке тоқтатылды.

"Қазақстанның азаматтық авиация саласы өкілдерінің болжамынша, операциялық кірістердің төмендеуі жыл соңына дейін шамамен 300 миллиард теңгені құрауы мүмкін", - деді Атамқұлов үкімет отырысында.

Министр әлемдегі жағдайға қарамастан, биыл бірінші тоқсанда жолаушылар ағыны көрсеткішінде өсім болғанын атап өтті.

Есепті кезеңде 1,7 миллион жолаушы тасымалданған, бұл 2019 жылғы сәйкес кезеңнен 5,2% артық.

Бұдан бөлек, ведомство басшысы іске қосылатын әуежайларға тоқталды.

"Биыл біз Түркістан қаласында жаңа халықаралық әуежай мен Шымкентте жаңа жолаушылар терминалын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Үржар қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңартуды бастаймыз", - деді ол.

Оқи отырыңыз: Әскери ұшақтың құлаған сәтінің видеосы жарияланды

Қаржы бөлінген жағдайда, Өскемен мен Үшарал қалаларындағы әуежайлардың тағы екі ұшу-қону жолағы да қайта жаңартылмақ.

Атамқұловтың айтуынша, алдағы бес жылда 13 әуе айлағын салу көзделіп отыр.

Қазір жергілікті әуе желілерінің 3 әуе айлағы Үшарал, Үржар, Зайсанда жұмыс істейді.

Жаңалықтар
0