Монеталар, архивтегі фото

Сарапшы мұнай бағасының құлдырауы Қазақстанға қалай әсер ететінін айтып берді

2150
Маманның айтуынша, әлемдік мұнай нарығында қиын-қыстау кезең туды, ал бұл жағдайдың Қазақстан экономикасына әсер етпей қоймасы анық

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Brent маркалы мұнайдың әлемдік бағасы 17 доллардан төмен түсті. Соңғы рет ондай көрсеткіш 2001 жылы қараша айында тіркелген болатын. Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген Қазақстанның мұнай сервистік компаниялары одағының басшысы Рәшид Жақсылықов "қара алтынның" құнына және теңгенің болашағына болжам жасады.

Шикі мұнайға қызығушылық жоқ

"Бүгінде экономика адам баласына бағынбай кетті. Біз ондай жағдайға алғаш рет тап болып отырмыз. Бір вирус жер бетіндегі барлық мемлекеттің экономикасын тоқтатты. Бұл індет Қытайда анықталғанда қатты карантин енгізіліп, осы елдің экономикасы ақырындап тоқтай бастады. Мұнайға деген сұраныс та азайды. Сол азайғаннан бастап күннен-күнге азайып келеді. Өйткені вирустың таралуына байланысты әлем елдері бірінен соң бірі шекараны жауып, халқын карантинге тықты", - дейді Жақсылықов.

Дүниежүзі бойынша карантиндік шаралар енгізіліп, кәсіпорындар мен көліктер тоқтаса да, мұнай өндіруші елдер шикізатты шығаруды азайтқан жоқ. Наурыз айында Сауд Арабиясы, керісінше, ұлғайтып жіберді. Содан сұраныс азайса да, ұсыныс көбейе берді. Екі ортада үлкен дисбаланс пайда болды. Бұл жағдайда ОПЕК+ қысқартамын деп отырған 9,7 миллион баррель де көмектесе алмайды. Рәшид Жақсылықовтың ойынша, ұйым нарықтағы мұнайдың үштен бір бөлігін ғана қысқартты. Сол кезде оны 30 миллион баррелге қысқарту керек еді.

Қазіргі кезде сарапшылар да жер бетінде сатылмай тұрған мұнайдың нақты көлемін айта алмай отыр. Қытай өз қоймаларын шикі мұнайға толтырып тастады деген қауесет бар. Америка 500 миллион баррельге дейін қор жинап алды деген әңгіме тарады. Оған қоса, мұхит пен теңіздерде жүрген танкерлерде 280 миллион баррель сатылмай тұрған мұнай бар дейді.

"Кеше WTI маркалы мұнайдың бағасы минус 40 долларға құлады. Ондай оқиға мұнай тарихында алғаш рет болды. Сол кезде 100 мың баррельдей ғана сатылды. Бірақ осының өзі шикі мұнайға деген ешкімнің қызығушылығы жоқ екенін көрсетіп отыр", - деп атап көрсетті Жақсылықов.

"Теңгенің құнсыздануына әкеледі"

Сарапшының айтуынша, бүгінде әлем бойынша шикі мұнайдың 60 проценті бензин жасауға жіберіледі. Ал карантин жағдайында көліктердің бәрі тоқтап тұр. Содан сұраныс жоқ. Мұнай өңдеу зауыттарының қоймалары да толып кетті.

"Бұрын мұнай бағасы төмен болса, ертең түзеледі-ау деген үміт болушы еді. Бірақ маусым айындағы сауданың өзі 17 доллардан жоғары болмай отыр. Соған қарағанда мұндай жағдай ұзаққа баратын сияқты. Жылдың аяғына дейін 24-25 доллардың деңгейіне шықсақ, ол өте жоғары жетістік болар еді. Бірақ қазіргі сұраныс мен ұсыныстың арасындағы дисбалансты реттеуге біраз уақыт кетеді. Сосын ғалымдар мына індеттің қай кезде тоқтайтынын нақты айта алмай отыр ғой", - дейді Жақсылықов.

Оның сөзіне қарағанда, әлемдік экономика бір күнде дөңгеленіп кетпейді. Себебі барлық мемлекет карантиннен бір уақытта шықпайды. Ал күзде вирустың екінші толқыны болса, тағы төрт қабырғаға қамалып отыруға тура келеді.

Оқи отырыңыз: Мамин карантин режиміне қандай өзгеріс енгізілуі мүмкін екенін айтты 

"Бұл жағдайдың кері әсері көп. Біріншіден, мемлекетіміздің қамбасына түсетін бюджеттік салықтар азаяды. Екіншіден, табыс төмендейді. Себебі мұнайды доллармен сатып отырмыз. Ал доллардың азаюы міндетті түрде теңгенің құнсыздануына әкеледі, инфляцияға жетелейді", - деп атап көрсетті Жақсылықов.

Тағы 20 процентке қысқарту қажет

Рәшид Жақсылықов ОПЕК-тің кешегі шұғыл бейнеконференциясының кейбір тұстарын да ашып берді. Оның айтуынша, ұйым бұған дейін қысқартамыз деген мұнайдың үстіне әрбір мемлекетке тағы 20 процент қосып отыр.

"Бұған дейін Қазақстан ОПЕК+ аясында мұнай өндіруді күніне 390 мың баррельге қысқартуға келісті. Енді, ұйым тағы 20 пайыздан қосыңдар деп жатыр. Бұл дегеніміз, біздің қысқартуымыз 500 мың баррельдің төңірегіне барады. Қазір жыл сайын 90 миллион баррель өндіріп отырмыз, жаңағы қысқартуға баратын болсақ, биыл өткізетін мұнайымыз 70 миллионнан аспайын деп тұр", - деді сарапшы.

Оның сөзіне қарағанда, мұнай өндіру көлемі азайса, табыстың мөлшері де айтарлықтай төмендейді. Осы салада жұмыс орындары да қысқаруы әбден мүмкін. Ал қазіргі жағдайды оңалту үшін мұнай өндіруші елдердің ашықтығы керек. Олар нақты қанша мұнай өндіргенін және сақтап отырғанын айтуы тиіс. Сосын мойнына алған міндеттерін жауапкершілікпен атқарса, мұнай нарығындағы жағдайды өзгертуге болады. 

"Мұнай өндіретін мемлекеттердің бәрі бас қосып, нақты менің артық мұнайым мынау, өндіріп отырғаным мынау деп ашық айтуы керек. Өйткені олар шикізатты өндіріп отырғанда кейбір мәліметтерді жасырады ғой. Бір-бірімізге ашық болатын сәт туды. Осы сәтті дұрыс пайдалану қажет. Онсыз мұнай бағасының түбін таба алмаймыз. Сосын мұнайды қай жерден бастап қысқартамыз? Соның есептеу нүктесін таппай отырмыз", - деп атап көрсетті Жақсылықов.

Сарапшы мұнай өндіруші елдердің бүкіл келісімдерін реттейтін жаңа органды құруға болатынын да жеткізді. Әйтпесе, бүгінде барлығы бірдей өздеріне жүктелген міндеттерді орындамайды. Ал біреуі алдап кетсе, артынан екіншісі де өз есесін жібермеуге тырысады. Ондай қарым-қатынасты тоқтатпаса, мұнай нарығын ретке келтіру мүмкін емес.

2150
Кілт сөздер:
теңге, мұнай
Тақырып бойынша
Теңге құнсыздана ма – сарапшылар болжам жасады
Жарты айда 1 миллиард: алматылық автопарктер шығын орнын толтыруды сұрайды
ТМД елдерінің тулары

ТМД елдері премьер-министрлерінің онлайн-отырысы өтті

43
Үкімет басшыларының отырысы онлайн-режимде өтті. Жиында коронавирус инфекциясына қарсы тұру және елдердің экономикалық байланысын нығайту мәселесі сөз болды

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр  - Sputnik. Ресейдің премьер-министрі Михаил Мишустин коронавирус ТМД елдерінің экономикасына кері әсерін тигізіп жатқанын айтты. Сондықтан экономиканы цифрландыруды қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды.

"Сауда-экономикалық саладағы әріптестікті нығайтудың маңыздылығы артып отыр. Коронавирус эпидемиясының салдарын жою үшін сауда кедергілері мен шектеулерді жою жұмысын белсенді жүргізу керек. Көлік саласындағы байланысты нығайту қажет", - деді Мишустин.

Оның айтуынша, еркін сауда жөніндегі келісімді барынша жылдам жасау керек. Осының арқасында экономикаларды цифрландыру қамтамасыз етіледі.

Пкіріталасқа қатысушылар ТМД-ның 2030 жылға дейін дамуы стратегиясының жобасын қабылдады.

ТМД-ға мүше елдер премьер-министрлерінің келесі отырысы 6 қарашада Өзбекстанда өтеді деп жоспарланып отыр.

43
Әуежай, архивтегі сурет

Қазақстан қандай мемлекеттермен әуе қатынасын жандандырады

89
(Жаңартылды 16:10 29.05.2020)
Алдымен коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайы жақсы мемлекеттермен әуе қатынасы ашылатыны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр - Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі халықаралық рейстерді ашу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевтың айтуынша, ведомствоаралық комиссияның бүгінгі отырысында бірнеше халықаралық бағытта рейстерді ашуға тапсырма берілді.

Алдымен коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайы жақсы мемлекеттермен әуе қатынасы ашылады. Қазіргі кезде комитет мамандары Қытай, Оңтүстік Корея және Әзербайжанмен арадағы рейстерді ашу мәселесін пысықтауға кірісті. Осы мемлекеттерде эпидемиологиялық жағдай өзгерсе, тиісті шаралар қолға алынады.  

"Екінші кезеңде Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия, Таиланд және Чехия қарастырылады. Айта кетер жәйт, осы рейстердің бәрі ертеңнен бастап ашылмайды және эпидемиологиялық жағдайға қарай барлық инстанциялармен келіскеннен кейін басталады. Рейстердің ашылатын күнін қосымша хабарлаймыз", - деді Ластаев бүгінгі онлайн брифингте.    

Айта кетейік, карантин енгізілгелі бері Қазақстанда 97 халықаралық бағытқа әуе қатынасы тоқтатылған болатын. Ұшақтар аптасына 440 рейс жасап тұрды.

89
Кілт сөздер:
әуе қатынасы, мемлекет, Қазақстан
Тақырып бойынша
Қазақстанда блок бекеттер алынып, қалааралық автобустар жолға шығады
"Ешқайда шықпайды": пойыздағы жаңа тәртіп туралы айтылды
Карантин баспана бағасына қалай әсер етті?
Қазақстанның туризм саласы миллиардтаған шығынға ұшырауы мүмкін
Алматыда 30 мамырда діни ғимараттар ашылады
Аурухана қызметкері

Қазақстанда тағы 476 адам коронавирус жұқтырды

0
Өткен тәулікте вирус жұқтырған 476 адам анықталды, өсім қарқыны 4,6 процентті құраған, ауырғандардың ең көбі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Қазақстанда бір тәуліктің ішінде індетке шалдыққан тағы 476 адам тіркелді, деп хабарлайды жедел штаб.

"Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 476 адам тіркелді. Өсім қарқыны – 4,6%", - делінген хабарламада.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 149 (7,6%)
  • Алматы қаласы – 117 (4,7%)
  • Қарағанды облысы – 44 (5,3%)
  • Батыс Қазақстан облысы – 41 (7,1%)
  • Маңғыстау облысы – 31 (13,8%)
  • Қызылорда облысы – 25 (7,2%)
  • Шымкент қаласы – 22 (2,7%)
  • Қостанай облысы – 12 (7,3%)
  • Атырау облысы – 12 (1,2%)
  • Жамбыл облысы – 7 (1,9%)
  • Түркістан облысы – 6 (1,7%)
  • Шығыс Қазақстан облысы – 5 (4,4%)
  • Алматы облысы - 4 (1,1%)
  • Ақмола облысы – 1 (0,7%).

Республикада вирус жұқтырғандар саны 10 858 адамға жетті. 5220 адам жазылып шықса, отыз сегіз науқас қайтыс болды.

0
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 14 науқас жансақтау бөлімінде жатыр 
Сұлтанғазиев қай облыстарда коронавирус жұқтырғандар саны артқанын айтты 
Дәрігер салонға барғанда коронавирус жұқтырудан қалай сақтану керектігін айтты
Кентауда коронавирус жұқтырған әйел дені сау бала туды