Адамның қолындағы ақша, архивтегі сурет

Банктегі ақшасын ала алмай жүр: қазақстандықтар Тоқаевқа хат дайындап жатыр

3389
(Жаңартылды 19:41 22.04.2020)
Tengri Bank төтенше жағдай кезінде жағдайды тұрақтандыру үшін қажетті шаралар қолға алынғанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Tengri Bank клиенттері ұзақ уақыт бойы банктегі шотынан ақша шеше алмай жүр. Осыған байланысты олар бас прокуратура мен президентке хат жазбақ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ал банктің өзі операциялық қызмет жақын арада қайта қалпына келеді деп сендіруде.  

Карантин кезінде ақшасыз қалды

Tengri Bank-те транзакциялармен проблема сәуір айының басында басталған, дейді банк клиенті Роман Миразимов Sputnik Қазақстанға берген сұқбатында.

Айтуынша, халық банкоматтан ақша шеше алмаған, қаражат мобильді қосымша арқылы басқа карталарға да аударылмайды.

"Біз қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгіндік. Жауап болған жоқ. Біздің проблемаға бей-жай қарағаны ашуымызды келтірді. Агенттік пен Tengri Bank бізбен байланысқа шықпайды.  WhatsApp-тағы топта жүзден аса адам жиналып қалды: біз бас прокуратура, сондай-ақ президенттің атына ұжымдық хат дайындап жатырмыз", - деді Миразимов.

Ол төтенше жағдай кезінде адамдар ақшасыз қалғанын айтты.

"Кейбірі, тіпті, аш отыр. Агенттік пен банктің өзі ресми түрде ақшаны шешіп алуға болатынын мәлімдейді –  50 мың теңгеге дейін. Мен кеше ғана шешпекші болдым, бірақ ала алмадым. Топтағы басқа клиенттерде де солай. Оның ішіне жалақы карточкасы да бар",- деді ол.

Tengri Bank түсініктемесі

Халықаралық Moody's Investors Service рейтинг агенттігі Tengri Bank-тің ұзақмерзімді депозит рейтингін төмендетті.

Банк өтімділікті едәуір нығайту шараларын қабылдап, акционерлердің қолдауына ие болса, рейтинг Саа3 белгісінен көтеріледі.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда банк шотынан ақша шешіп алуға шектеу енгізілді

"Әлемдік қаржы нарығындағы қалыптасқан жағдайға байланысты банк шектеулі режимде жұмыс істеп тұр. Елдегі төтенше жағдай режимі кезінде біз өтімділікпен байланысты жағдайды тұрақтандыру үшін қажетті шаралар қабылдап жатырмыз. Бұл мәселелерді реттеушімен және акционерлермен, соның ішінде негізгі акционар – Punjab National Bank-пен де талқылау үстіндеміз",- деп мәлімдеді Tengri Bank баспасөз қызметінен.

Банк операциялық қызметін қалпына келтіріп, төлемдер мен аударымдар жүргізуді жоспарлап отыр, делінген хабарламада.

Tengri Bank банкрот па, жоқ па?

Экономист Айдархан Құсайыновтың айтуынша, банктің төмен рейтингі оның өз депозиторлары алдында жауап беру қабілетінің төмендегенін білдіреді.

"Бұл банкроттық емес. Рейтинг агенттіктері көп жағдайда болған оқиғаларды негізге алады", - деді ол Sputnik Қазақстанға.

Ол Tengri Bank төңірегіндегі мәселеде үш нәрсеге назар аудару қажет екенін атап өтті.

Тағы оқыңыз: Байығыңыз келсе: қазақстандық маман қандай санның ақша тартатынын айтты

"Біріншіден, банктің экономикаға ықпалы болмашы ғана. Ал бұл дегеніміз реттеуші оны құтқаруға аса мүдделі емес. Бізде, негізінен, банктерді емес, салымшыларды құтқаратынын атап өткім келеді. Екіншіден, Tengri Bank-тің проблемалары салымшылардың байбаламынан кейін басталған жоқ. Сондықтан бұл жерде "қосымша қарызға" дәмеленудің қажеті жоқ", - деді ол.

Үшіншіден, егер акционер тарапынан нақты кепілдік болса, банкке кредит берілер еді.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олег Смоляков 16 наурызда: "Банкроттық туралы айтуға негіз жоқ. Қаржы институтын қолдау, ең алдымен, банк пен акционерлердің міндеті", деп атап өткен еді.

3389
Кілт сөздер:
төтенше жағдай, ақша, клиенттер, банк
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (397)
Тақырып бойынша
Банк кредит төлемей жүргендердің қарызын 42 500 теңгеден ұстап қала ала ма?
Ұлттық банк долларды сатып алу мен сату арасындағы айырмашылыққа шектеу енгізді
Банк салымшылары үшін қауіп-қатер жоқ – Әбілқасымова
Ұлттық банк 500 теңгелік банкнотқа қатысты мәлімдеме жасады
Ұлттық банк пен қор биржасы бірлескен мәлімдеме жасады 
Кредитті үш айға шегеру: банк процентті алып тастай ма?
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев БҰҰ форумында сөз сөйлейді

58
(Жаңартылды 18:22 28.05.2020)
Қазақстан Теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер тобына төрағалық етеді, мемлекет басшысы әлем лидерлері қатысатын шарада сөз сөйлейді

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 28 мамырда "COVID-19 тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру" атты жоғары деңгейдегі форумға қатысады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те хабарлады.

Форум БҰҰ бастамасымен ұйымдастырылған және бейнеконференция форматында өтеді. Тоқаев қазіргі уақытта Қазақстан төрағалық ететін Теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер тобының атынан сөз сөйлейді.

Сессия барысында БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш, Канада премьер-министрі Джастин Трюдо, Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Эмманюэль Макрон, Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ және басқа да мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшылары сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.

Форум тікелей эфир арқылы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 18.00-де көрсетіледі.

58
Кілт сөздер:
форум, БҰҰ, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Есімовті Ақордаға не үшін шақырды
Тоқаев мемлекеттік комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды
Тоқаев қорғаныс министріне тапсырма берді
Ақша, теңге

Аса ірі көлемде пара алған басқарма төрағасына қатысты тергеу басталды

182
(Жаңартылды 14:57 28.05.2020)
Күдіктінің кінәсін сот анықтайды. Бүгінде тергеу мүддесі үшін болған жағдайға байланысты басқа ақпарат жарияланбай отыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр - Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамынының басқарма төрағасын құрықтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тергеуші Данияр Биғайдаровтың айтуынша, орталық басшысы аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін айыпталып отыр. 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлуге және орындалған жұмыстардың актілеріне қол қоюға көмектескені үшін аса ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" басқарма төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деді Биғайдаров бүгінгі онлайн брифингте. 

Оның айтуынша, күдіктінің кінәсін сот анықтайды. Бүгінде тергеу мүдделері үшін басқа ақпаратты жариялауға рұқсат жоқ.

Тағы оқыңыз: Серік Сәпиевтің орынбасары ұсталды – видео

Сондай-ақ, мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарлары ұсталғаны хабарланды. Олар 380 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Ал Түркістан облысында ауылдық округте жер учаскесін бергені үшін 400 мың теңге көлемінде пара алған әкім ұсталды.

182
Кілт сөздер:
тергеу, басқарма төрағасы, пара
Тақырып бойынша
Шенеунік тергеушілердің көзінше дәлелдерді жеп қойды – видео
Алматыда судьяның пара алып жатқан сәті видеоға түсіп қалды
СҚО-да карантинде кедергісіз жүру үшін полицей 1 миллион 300 мың пара алған
Блок-бекетте пара алған шенеуніктерге қатысты сот үкімі шықты
Пара алған әкім қамауға алынбады – агенттік түсініктеме берді
Нұр-Сұлтан, архивтегі фото

Аптап ыстық, найзағай және бұршақ: жұмада ауа райы қандай болады

0
Қазақстанның үш өңірінде аптап ыстық болады, найзағай ойнап, қатты жел соғады деп болжануына байланысты дабылды ескерту жарияланды  

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Қазгидромет метеорологтары 29 мамырда ауа-райы қандай болатынын болжады.

Ел аумағының басым бөлігі бұрынғыдай жоғары қысым аясында болады, осыған байланысты жауын-шашын болмайды. Синоптиктер тек солтүстікте, солтүстік-батыста өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнап, дауыл тұрады, сондай-ақ бұршақ жаууы мүмкін деп болжап отыр.

Оқи отырыңыз: Биылғы жаз қандай болады - ауа райы болжамы жарияланды 

Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл, оңтүстік-батыста тұман түседі.

Дабылды ескерту

29 мамырда таңертең және түстен кейін Қостанай облысының кей жерлерінде күн күркірейді, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алдағы екі күнде, 29-30 мамырда Түркістан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

29 мамырда күндіз Атырау облысында қатты ыстық болады – 35-38 градус.

Өңірлердегі ауа райы

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде дауыл соғады, бұршақ жауып, жел күшейеді – екпіні 25 м/с дейін.

Жамбыл, Ақмола, Шығыс Қазақстан, түнде Алматы, күндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды ​​облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында шаңды дауыл тұрады.

Атырау, Ақтөбе облыстарында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Қостанай облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында қатты ыстық болады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда түнде 11-13 градус жылы, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

Алматыда түнде 12-14 градус жылы, күндіз – 26-28 градус.

Шымкентте түнде ауа температурасы 19-21 градус жылы, күндіз 33-35 градус ыстық болады.

0
Кілт сөздер:
аптап ыстық, бұршақ, жаңбыр, ауа райы
Тақырып бойынша
"Қазгидромет" мамыр айына болжам жасады