Теңге, ақша

Теңгенің қазіргі бағамы қандай?

838
(Жаңартылды 17:04 24.04.2020)
Өткен аптаның соңында теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы 426,44 теңге болған. Ал дүйсенбі күні WTI маркалы мұнайдың әлемдік бағасы минус 40 долларға дейін түсті

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сауда-саттық өтті. Соның негізінде алдағы демалыс күндері теңгенің бағамы бекітіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бір аптаның ішіне бес теңгеге күшейді  

Бүгінгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы 430,99 теңгені құрады. Осылайша, бір күннің ішінде ұлттық валюта 1,25 теңгеге күшейді. Енді, осы бағам алдағы демалыста - 25-27 сәуір күндері Ұлттық банктің ресми бағамы болады. 

Айта кетейік, өткен аптаның соңында теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы 426,44 теңге болған. Ал дүйсенбі күні WTI маркалы мұнайдың әлемдік бағасы минус 40 долларға дейін кетіп қалды. Оның артынан Brent маркалы мұнай да арзандап, 17 доллардан төмен түскен. Сол кезде теңгенің ресми бағамы бір доллар үшін 435,82 теңге болды. Бүгінгі сауда-саттықтан кейін ұлттық валюта бір аптаның ішінде бес теңгеге күшейіп отыр.

Қазіргі кезде үкіметтің шешімімен Алматы, Нұр-Сұлтан мен Шымкент сияқты ірі қалаларында валюта айырбастау пунктерінің жұмысы тоқтатылды. Kurs.kz сайтының ақпараты бойынша Талдықорған, Қостанай мен Тараз да валютаны айырбастап жатқан жоқ. Ал Риддерде бір долларды 434 теңгеге сатуда, сатып алу бағасы – 429 теңге.

Екінші деңгейлі банктерде долларды сатып алу бағасы 430-432 теңге болса, сатудың бағасы 436-437 теңгенің айналасында. 

Мұнайдың бағасы не болып жатыр?

Осы аптаның басында мұнайдың әлемдік бағасы күрт құлдырап кеткен. Бірақ бір күннен кейін біртіндеп көтеріле бастады. Оған бірқатар мемлекеттердің мұнай өндіруді қысқарту туралы мәлімдемесі мен Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленіс те әсер етті. Мәселен, кеше Алжир ОПЕК+ елдерін мұнай өндіру көлемін шұғыл қысқартаныны ескертті. Ал KUNA ақпараттық агенттігі Кувейттің ОПЕК+ келісімі күшіне енгенге дейін мұнай сатуды азайтқанын хабарлады. 

Бүгін таңертең Brent маркалы мұнайдың маусым айындағы фьючерстері 4,5 процентке өсіп,  бір баррелі үшін 22,29 долларға дейін көтерілген. Ал WTI-дің бір баррелі 17,41 долларға жетті.

Айта кеткен жөн, 12 сәуірде ОПЕК+ елдері мамыр айынан бастап мұнай өндіруді күніне 9,7 миллион баррельге дейін қысқартуға келіскен болатын. Жылдың екінші жартысында ұйымға мүше мемлекеттер күніне 7,7 миллион баррельді азайтса,  2020 жылы сәуірдің аяғына дейін 5,8 миллион баррельді қысқартатын болады. 

Мұнай тарихында бұл ең үлкен қысқарту болып саналады. Қазақстан да осы келісімге қосылып, күн сайын мұнай өндіруді 390 мың баррельге қысқартуға келісті.

838
Кілт сөздер:
доллар бағамы, доллар, теңге
Тақырып бойынша
42 500 теңге бір айға жете ме? Нұр-Сұлтан тұрғындары жауап берді - видео
Қазақстан дағдарысқа қарсы шараларға 10 миллиард доллар бөледі
Қазақстанның әуе компаниялары коронавирустан 300 млрд теңге жоғалтуы мүмкін
Экономист қазақтардың басты кемшілігін атады
Жазға қарай мұнай бағасы 60 долларға жетуі мүмкін – экономист
ТМД елдерінің тулары

ТМД елдері премьер-министрлерінің онлайн-отырысы өтті

44
Үкімет басшыларының отырысы онлайн-режимде өтті. Жиында коронавирус инфекциясына қарсы тұру және елдердің экономикалық байланысын нығайту мәселесі сөз болды

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр  - Sputnik. Ресейдің премьер-министрі Михаил Мишустин коронавирус ТМД елдерінің экономикасына кері әсерін тигізіп жатқанын айтты. Сондықтан экономиканы цифрландыруды қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды.

"Сауда-экономикалық саладағы әріптестікті нығайтудың маңыздылығы артып отыр. Коронавирус эпидемиясының салдарын жою үшін сауда кедергілері мен шектеулерді жою жұмысын белсенді жүргізу керек. Көлік саласындағы байланысты нығайту қажет", - деді Мишустин.

Оның айтуынша, еркін сауда жөніндегі келісімді барынша жылдам жасау керек. Осының арқасында экономикаларды цифрландыру қамтамасыз етіледі.

Пкіріталасқа қатысушылар ТМД-ның 2030 жылға дейін дамуы стратегиясының жобасын қабылдады.

ТМД-ға мүше елдер премьер-министрлерінің келесі отырысы 6 қарашада Өзбекстанда өтеді деп жоспарланып отыр.

44
Әуежай, архивтегі сурет

Қазақстан қандай мемлекеттермен әуе қатынасын жандандырады

91
(Жаңартылды 16:10 29.05.2020)
Алдымен коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайы жақсы мемлекеттермен әуе қатынасы ашылатыны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр - Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі халықаралық рейстерді ашу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевтың айтуынша, ведомствоаралық комиссияның бүгінгі отырысында бірнеше халықаралық бағытта рейстерді ашуға тапсырма берілді.

Алдымен коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайы жақсы мемлекеттермен әуе қатынасы ашылады. Қазіргі кезде комитет мамандары Қытай, Оңтүстік Корея және Әзербайжанмен арадағы рейстерді ашу мәселесін пысықтауға кірісті. Осы мемлекеттерде эпидемиологиялық жағдай өзгерсе, тиісті шаралар қолға алынады.  

"Екінші кезеңде Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия, Таиланд және Чехия қарастырылады. Айта кетер жәйт, осы рейстердің бәрі ертеңнен бастап ашылмайды және эпидемиологиялық жағдайға қарай барлық инстанциялармен келіскеннен кейін басталады. Рейстердің ашылатын күнін қосымша хабарлаймыз", - деді Ластаев бүгінгі онлайн брифингте.    

Айта кетейік, карантин енгізілгелі бері Қазақстанда 97 халықаралық бағытқа әуе қатынасы тоқтатылған болатын. Ұшақтар аптасына 440 рейс жасап тұрды.

91
Кілт сөздер:
әуе қатынасы, мемлекет, Қазақстан
Тақырып бойынша
Қазақстанда блок бекеттер алынып, қалааралық автобустар жолға шығады
"Ешқайда шықпайды": пойыздағы жаңа тәртіп туралы айтылды
Карантин баспана бағасына қалай әсер етті?
Қазақстанның туризм саласы миллиардтаған шығынға ұшырауы мүмкін
Алматыда 30 мамырда діни ғимараттар ашылады
Маска киген супермаркет қызметкері

Нұр-Сұлтанда бірқатар сауда орталығы қайта жабылды

3
Екі күн ішінде алпыстан астам нысан тексерілді, жиырма екі нысанда санитарлық нормалар бұзылғаны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Елордада санитарлық нормаларды бұзған 14 сауда нысаны қайта жабылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

28-29 мамыр аралығында арнайы комиссия 60-тан аса нысанды тексерген.

Бұған дейін "Еуразия"сауда орталығына бірнеше рет ескерту жасалған. Алайда соңғы рейд кезінде заңбұзушылықтар жойылмағаны анықталды. Санитарлық дәрігердің рұқсаты болмаса да, сауда орталығында маникюр кабинеті мен басқа да қызметтер іске қосылған.

Рейдтік топ, сонымен қатар, "Аспан" базарында да болды.

"Рейд барысында 60-тан астам нысан тексерілді. Тексеріс қорытындысы бойынша 22 нысанда санитарлық нормалар бұзылғаны анықталды, 14 нысан санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз етпейінше жабық болады", - деп мәлімдеді әкімдіктен.  

Тағы оқыңыз: Жұмысқа кірісетін балабақшаларға қандай талап қойылды

Негізгі заңбұзушылықтар: қызметкерлердің маска режимін сақтамауы; тепловизорлардың жоқтығы; қызметкерлерді дене қызуын өлшеп тіркеу журналы; ауаны зарарсыздандыру үшін бактерицидті шамдар мен диохлор құралдарының болмауы, қоғамдық тамақтану орындарында үстелдер арасында ара қашықтықтың сақталмауы.

Бұған дейін санитарлық талаптарды бұзған 34 нысан жабылған еді. Оның ішінде құрылыс комапниялары, дүкендер, дәмханалар мен мейрамханалар бар. 150 кәсіпорын ескерту алды.

3
Кілт сөздер:
сауда орталығы, Нұр-Сұлтан
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Алматыда 30 мамырда діни ғимараттар ашылады
1 маусымнан бастап курорттар мен шипажайлар ашылады
Алматыда балабақшалар қашан ашылады – қала әкімі жауап берді