Экономика

Экономиканы қалпына келтіру бағдарламасын бастау қажет – Назарбаев

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге монеты стопка
Деньги, тенге монеты стопка - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елбасы әлем елдері өздерінің экономикалық стратегияларын қайта қарап жатқанын айтты. Барлығы өз ресурстарына, өндірістер мен қаржы жүйесінің тұрақтылығына сүйенеді

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев экономиканы қалпына келтіру бағдарламасын бастау қажеттігін жеткізді, деп хабарлады Елбасының ресми сайты

"Ең алдымен, дағдарысқа қарсы шаралар кешенін іске асыру қажет. Әрбір теңгені қадағалап, барлық көмектің бизнес пен халыққа шұғыл жеткізілуін бақылау керек. Қазірден бастап экономиканы қалпына келтіру мен дағдарыстан кейінгі даму бағдарламаысын іске қосқан жөн. Осы орайда қаржы жүйесі, әлеуметтік сала, қала мен ауылдар, болашақ экономикасы мен базалық салалардың негізгі бағыттарын айқындауымыз қажет", - деді Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің бүгінгі отырысында.

Елбасының айтуынша, бүгінде әлем елдері өздерінің экономикалық стратегияларын қайта қарап жатыр. Барлығы өз ресурстарына, өндірістер мен қаржы жүйесінің тұрақтылығына сүйенеді. Экономиканың тиімсіз салалары жабылады. Ал басқа секторлар экономиканы дөңгелетіп, халыққа жұмыс беретін болады. Жалпы, бүгінгі дағдарыстан кейін жаңа технологиялық және экономикалық тәртіп орнайды.

"Қазақстанда жаһандық қауіп-қатерлерді еңсеруге қажетті ресурстар бар. Бұған дейін біз біраз шаруа атқарып, шикізат ресурстарына деген тәуелділікті барынша азайтуға тырыстық. Сол себепті индустриализация, шағын және орта бизнес, инфрақұрылым, агроөнеркәсіп кешені және әлеуметтік сала бойынша негізгі бағдарламалар қолға алынған болатын", - деді Назарбаев.

Ол бұл мақсатқа қыруар қаржы бөлініп, Ұлттық қорға біраз қаржы жиналғанын атап өтті.

"Қазір сол елді дағдарыстан құтқарып жатыр. Бірақ оның да шегі бар. Сондықтан қордың қаржысын үнемді пайдалану қажет", - деп атап көрсетті Назарбаев.

Тағы оқыңыз: Назарбаев коронавирус пандемиясынан кейін не болатынын айтты

Жаңалықтар
0