Мұнай өндіру құрылғысы

Brent мұнайының бағасы көтерілді

328
(Жаңартылды 10:58 27.04.2020)
Brent мұнайының маусымдық фьючерстерінің бағасы барреліне 21,64 долларға, ал шілде айындағы бағасы 25,04 долларға дейін өсті

НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Сауда-саттық мәліметтері Brent маркалы мұнайдың шілде айындағы бағасы барреліне 25 доллардан асқанын көрсетті.

"Нұр Сұлтан уақытымен сағат 5.54-те шілде айындағы Brent фьючерстерінің бағасы барреліне 0,93%-ке - 25,04 долларға дейін өсті", – деп хабарлайды РИА Новости.

Сонымен қатар, Brent маркалы мұнайдың маусымдық фьючерстерінің бағасы барреліне 21,64 долларды құрайды.

Ал WTI маркалы мұнайдың маусым айындағы бағасы 1,42%-ке төмендеп, 16,70 доллар болды.

Мұнай бағасы қалай өзгерді

Әлемдік нарықта мұнай бағасы наурыз айының басында коронавирус пандемиясына байланысты сұраныстың төмендеуінен және ОПЕК+ қатысушылары өндірісті қысқарту туралы ортақ мәмілеге келе алмағандықтан құлдырады. Нәтижесінде, баға белгілеулері екі еседен аса төмендеп кетті.

Оқи отырыңыз: Жазға қарай мұнай бағасы 60 долларға жетуі мүмкін – экономист

Осыдан кейін ОПЕК+ елдері жаңа келісім бекітті. Оған сәйкес мамыр мен маусым айында мұнай өндіру тәулігіне 9,7 миллион ​​баррельге, екінші жартыжылдықта – 7,7 миллионға, ал 2022 жылдың сәуір айының соңына дейін 5,8 миллион баррельге азайту жоспарланған.

328
Тақырып бойынша
Мұнай дағдарысынан кейін газ нарығы қалай өзгереді?
Мұнай мен газ бағасы мың құбылды: жағдай қалай өзгереді
Ақша, теңге

Аса ірі көлемде пара алған басқарма төрағасына қатысты тергеу басталды

105
(Жаңартылды 14:57 28.05.2020)
Күдіктінің кінәсін сот анықтайды. Бүгінде тергеу мүддесі үшін болған жағдайға байланысты басқа ақпарат жарияланбай отыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр - Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамынының басқарма төрағасын құрықтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тергеуші Данияр Биғайдаровтың айтуынша, орталық басшысы аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін айыпталып отыр. 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлуге және орындалған жұмыстардың актілеріне қол қоюға көмектескені үшін аса ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" басқарма төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деді Биғайдаров бүгінгі онлайн брифингте. 

Оның айтуынша, күдіктінің кінәсін сот анықтайды. Бүгінде тергеу мүдделері үшін басқа ақпаратты жариялауға рұқсат жоқ.

Тағы оқыңыз: Серік Сәпиевтің орынбасары ұсталды – видео

Сондай-ақ, мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарлары ұсталғаны хабарланды. Олар 380 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Ал Түркістан облысында ауылдық округте жер учаскесін бергені үшін 400 мың теңге көлемінде пара алған әкім ұсталды.

105
Кілт сөздер:
тергеу, басқарма төрағасы, пара
Тақырып бойынша
Шенеунік тергеушілердің көзінше дәлелдерді жеп қойды – видео
Алматыда судьяның пара алып жатқан сәті видеоға түсіп қалды
СҚО-да карантинде кедергісіз жүру үшін полицей 1 миллион 300 мың пара алған
Блок-бекетте пара алған шенеуніктерге қатысты сот үкімі шықты
Пара алған әкім қамауға алынбады – агенттік түсініктеме берді
Қылмыстық іс

Әкімнің заңсыз әрекеті әшкере болды - видео

227
(Жаңартылды 14:36 28.05.2020)
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл іске қатысты тергеу жалғасып жатқанын айтты. Соңғы шешімді сот шығарады

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр - Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысында пара алған әкім ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, Келес ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округының әкімі жер учаскесін бергені үшін заңсыз ақша алған. 

"Әкім 400 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін айыпталып отыр. Ол қамауға алынған жоқ. Себебі сотқа дейінгі өндірісті тездетіп өткізуге өтініш берді. Тергеу жалғасуда. Соңғы шешімді сот шығарады", - дейді агенттіктің тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Сондай-ақ, мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарлары ұсталғаны хабарланды. Олар 380 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

227
Кілт сөздер:
видео, пара, әкім
Тақырып бойынша
Серік Сәпиевтің орынбасары ұсталды – видео
Алматыда судьяның пара алып жатқан сәті видеоға түсіп қалды
Пара алған әкім қамауға алынбады – агенттік түсініктеме берді
Қостанай облысында пара алған полицей видеоға түсірілді
Блок-бекетте пара алған шенеуніктерге қатысты сот үкімі шықты
Дрон, архивтегі фото

Сәкен Сәрсенов сәлем-сауқат дронмен қалай жеткізілетінін айтып берді

0
(Жаңартылды 18:06 28.05.2020)
"Қазпошта" басшысының айтуынша, таулы аймақтарда сәлем-сауқатты дронмен жеткізу аса тиімді, онымен біраз ақшаны үнемдеуге болады

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов сәлем-сауқаттарды дронмен жеткізу қызметі туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Компания басшысының айтуынша, бас кезінде мұндай қызметті республика бойынша іске қосу жоспарланған. Алайда көп жерде ауа-райы қолайсыз болғандықтан қатты жел тұрғанда дронмен тапсырыс жеткізу мүмкін болмаған. Осыған байланысты ондай қызметті тек оңтүстік аймақтарда ғана қалдыруға шешім қабылданды.

"Қазіргі кезде дрондар Алматы, Жамбыл мен Түркістан облыстарында ұшады. Осы уақытқа дейін ұшқышсыз аппараттардың көмегімен 22 тонна жүк жеткізілді. Оған көбінесе хаттар мен басылымдар кіреді", - деді Сәрсенов Sputnik Қазақстан редакциясында өткен онлайн брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, таулы аймақтарда сәлем-сауқатты дронмен жеткізу аса тиімді. Онымен біраз ақшаны үнемдеуге болады.

"Мысалы, кей кезде шалғай жатқан бір ауылға сәлем-сауқат жеткізу керек. Төтесінен 50 шақырым болса, айналма жолмен 250 шақырым шығады. Екі келі газет үшін көлік жіберген тиімсіз. Ал дрон таудан асып өтеді де, газетті тастай салады. Сөйтіп, қайтып ұшып келеді", - деп түсіндірді Сәрсенов.

"Кез келген адам ақша таба алады": Қазпошта жаңа қызметті іске қоспақшы 

Компания басшысы дронды ұшыру үшін құқық қорғау органдарынан рұқсат алынатынын жеткізді. Азаматтық авиация комитеті де өз келісімін беруі керек.

"Әлем осы қызметті біртіндеп дамытып жатыр. Алайда дрондарды қалада ұшыру жағынан бірқатар қиындық бар. Себебі ұшақтар мен тікқұшақтар ұшып жүреді. Халықтың қауіпсіздігі бар және тағы басқа шектеулер енгізілген. Сол себепті біз әзірге ондай қызметті шалғай жерде ғана дамытуды ұйғардық. Болашақта әлемдегі жағдайға қарай дрондарды қолдануды кеңейтетін шығармыз", - деп түйіндеді "Қазпошта" басшысы.

 

0
Кілт сөздер:
Қазпошта, дрон
Тақырып бойынша
Көзбен басқарылатын дрон сынақтан өткізілді
Енді дрондар шалғай ауылдарға төрт келі жүк жеткізетін болады