мұнай базасы, архив

Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша мұнай өндіруді қысқартуды бастайды

345
Екі айдың ішінде мұнай өндіруді тәулігіне 9,7 миллион баррельге қысқартуды қарастыратын ОПЕК+ келісімі аясында Қазақстан тәулігіне 390 мың баррельге азайтуға міндеттеме алды

НҰР-СҰЛТАН, 1 мамыр — Sputnik. Қазақстанның энергетика министрлігі мамыр-маусымда мұнай өндіру қысқартылатын кен орындары анықталған қаулының жобасын әзірледі, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Әлемде және Қазақстанда мұнайға сұраныстың төмендеуі аясында мұнай қорларының едәуір профицитінің болуына байланысты биылғы жылдың екінші тоқсанында мұнай сақтау орындарының толып кету және қазақстандық кен орындарының апаттық тоқтау қаупі туындайды.

"Осыған байланысты министрлік мамыр-маусым айларында мұнай өндіру шектелетін бірқатар учаскелердің тізбесімен бірге "Көмірсутектерді барлау және өндіру жөніндегі операцияларды және өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскелерін пайдалануға уақытша шектеулер енгізу туралы" үкімет қаулысының жобасын әзірледі", - делінген хабарламада.

Мұнай өндірісі орташа, ірі және алып кен орындарында шектеледі.  

Жер қойнауы тізбесіне шағын және ұсақ кен орындары кірмеген, өйткені бұл жерлерде  экономикалық факторларға байланысты өндіріс өзі-ақ төмендейді деп күтілуде.

345
Кілт сөздер:
мұнай
Нан

Қазақстанда ең қымбат және ең арзан нан қай қалада сатылатыны анықталды

97
(Жаңартылды 11:21 15.07.2020)
Республика қалаларының ішінде нан бағасының арзандауы жалғыз ғана Ақтөбе қаласында тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Қазақстанда нан бағасы бір жылда орташа есеппен 10,5%-ке қымбаттады, деп хабарлайды Ranking.kz сараптамалық порталы.

Бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан 9,2%-ке, жоғары сұрыпты ұн өнімі – 13,5%-ке, ал қара бидай ұнының наны – 12,6%-ке қымбаттады.

2020 жылдың маусым айында ел аумағындағы қалаларда бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай нанының бір килограмы орташа есеппен 151 теңге (жылына +9%), жоғары сұрыпты ұн нанының килограмы 289 теңге (+13,6%) және қара бидай нанының килограмы 249 теңгеге (+13,8%) бағаланды.

Ал ірі қалалар мен мегаполистер арасында бірінші сұрыпты ұннан жасалған нанның қымбат бағасы Атырау (килограммы үшін 178 теңге) мен Ақтауда (173 теңге) тіркелген. Ал ең арзан баға Алматы (килограммы үшін 132 теңге) мен Таразда (138 теңге) болды.

Соңғы айда Көкшетауда да нан бағасы бірден 5,6%-ке, килограмы 169 теңгеге дейін, ал Таразда бір жыл бұрынғы баға 27,8 процентке дейін едәуір қымбаттағаны байқалды.

Қара бидай нанының бағасы қанша?

Қара бидай нанының қымбат бағасы Нұр-Сұлтанда (килограмы 315 теңге), Өскеменде (314 теңге) және Семейде (313 теңге) тіркелген. Ал ең арзанын Ақтөбе мен Талдықорғаннан сатып алуға болады (187 теңге).

Бір ай ішінде қара бидай наны Көкшетауда (+4,3%), Оралда (+4%) және бір жыл ішінде Атырауда +39,1 процентке өскен.

Қазақстанда ақ нан неше теңге тұрады?

Ең жоғары сұрыпты бидай ұны Нұр-Сұлтан тұрғындары үшін килограмы үшін 414 теңге, одан кейін Өскеменде 376 теңге және Семей 337 теңге болған. Нанның ең арзанын Қызылорда (203 теңге) мен Тараздан (207 теңге) Нұр-Сұлтанға қарағанда екі есе арзан бағаға сатылуда.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Қырғызстан мен Тәжікстанға 5 мың тоннадан ұн берілетінін айтты

Байқағанымыздай, бір ай ішінде жоғары сұрыпты бидай ұнынан жасалған нанның бағасы Қазақстан қалаларының арасынан Алматыда (+4,3%), ал Таразда (+21,1 процентке) қымбаттаған.

Нан бағасының арзандауы жалғыз ғана Ақтөбе қаласында тіркелді.

97
Кілт сөздер:
азық-түлік, нан
Тақырып бойынша
Мемлекет басшысы азық-түлік бағасына қатысты тапсырма берді 
Түрікменстанда бір адамға бір келі ұн, жарты келі қанттан ғана сатылып жатыр
Қазақстан астық пен ұн экспортына қойылған шектеуді алып тастайды 
Азық-түлік сатып алыңыздар: Нұр-Сұлтан қатаң карантинге оралады
Нұр-Сұлтанда нан бағасы 95 теңгеден аспайды
Банк карталары

Қазақстанның сегіз банкіне айыппұл салынды

464
Бірінші жартыжылдықта банктерге қатысты әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 47,6 миллион теңгені құрады

АЛМАТЫ, 15 шілде – Sputnik. Қазақстанның 8 банкіне 47 миллион теңге әкімшілік айыппұл салынды. Бұл жайында Finprom.kz хабарлады.

Басылымның хабарлауынша, 2020 жылдың мамыр айының соңына дейін Қазақстанда банк секторындағы қызметті екінші деңгейлі 27 банк ұсынды. Оның ішінде14 шетелдік банк бар. Елдегі екінші деңгейлі банктер активінің жалпы сомасы бір жылда 13%-ке артып, 28,2 триллион теңгені құрады.

"Активтердің және басқа да көптеген қаржылық көрсеткіштердің өсуіне қарамастан, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында банктерде қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қатысты 87 ықпал ету шаралары қолданылды. Оның ішінде әкімшілік айыппұлдар, қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары, жазбаша ұйғарымдар бар",– делінген ақпаратта.

Банктер көп жағдайда Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан ұлттық банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нормаларды сақтамаған. Оның ішінде банктік қарызға қызмет көрсету, төлемдер мен ақша аударымдары, банктік шоттарға қызмет көрсетуді орындауда белгіленген нормалар сақталмаған.

Осылайша, екінші деңгейлі сегіз банкке әкімшілік айыппұл салынды. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында банктерге қатысты әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 47,6 миллион теңгені құрады.

Әкімшілік айыппұлдың ең көп сомасы – 21,9 миллион теңге Asia Credit Bank-ке салынған, сондай-ақ, Ресей Сбербанкіне 11,1 миллион теңге, Capital Bank Kazakhstan-ға 7,8 миллион теңге айыппұл салынды. Tengri Bank 4,2 миллион теңге, Альфа банк 1,1 миллион теңге төлейді.

Оқи отырыңыз: Салық, айыппұл мен мемлекеттік қызметтерді QR-код арқылы төлеуге болады

Банктер "төлемдер және төлем жүйелері туралы" ҚР заңында белгіленген ақша төлемі және аударымы жөніндегі нұсқауды орындау мерзімін бұзу, Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстыруға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы ақпаратты құжаттық тіркеу, сақтау және беру бойынша заңнаманы бұзуға жол берген.

464
Кілт сөздер:
банк, айыппұл, қаржы нарығы
Тақырып бойынша
Ұлттық банк Алматыдан Нұр-Сұлтанға көшті
Қазақстанда төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін салынатын айыппұл 10 есе өседі
Нұр-Сұлтанда 40 млн теңге айыппұл төлей алмаған экс-басшы жеті жыл түрмеде отырады
Енді той өткізгендер де, тойға барғандар да айыппұл төлейді
Тоқаев: экономиканы әртараптандыру үшін жаңа реформаларды жүзеге асыру қажет
Оркестр, архивтегі сурет

Қазақстанда 16 шілдеде қандай маңызды оқиғалар болады

0
(Жаңартылды 15:41 15.07.2020)
Sputnik Қазақстан 16-22 шілде аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

16 шілдеге жоспарланған шаралар

09.00 – Жастардың 48 сағаттық хакатоны өтеді. Студенттер мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мобильдік қосымша әзірлейді. Хакатон 16-18 шілдеге жоспарланған. Онлайн-форматтағы хакатонға 16-22 жас аралығындағы студенттер, дизайнерлер, сарапшылар қатыса алады.  Өтініш 10 шілдеге дейін мына сілтеме бойынша қабылданады.

12.00 – "Астана Опера" театрының "Дружная семейка струнных инструментов" концерті (Трансляция на TengriTV).

17 шілдеге жоспарланған шаралар

19.00 – "Астана Опера" театры әртістерінің орындауындағы "Корсар" балеті (Трансляция  TengriTV)

19 шілдеге жоспарланған шаралар

18.00 - "Астана Опера" театрының "От Севильи до Неаполя" концерті (Трансляция  TengriTV)

22 шілдеге жоспарланған шаралар

19.00 - "Астана Опера" театрының "Қыз Жібек" операсы (Трансляция  TengriTV).

18.00 - "Астана Опера" театрының "Восемь времен года" концерті (Трансляция  TengriTV).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

0
Кілт сөздер:
оқиғалар, шілде, Қазақстан