ақша, теңге

Мемлекет басшысы кредит алғандарға қатысты тағы бір тапсырма берді

15663
(Жаңартылды 15:58 12.05.2020)
Қаржы нарығын реттеу жөніндегі агенттік проблемалық қарызы бар қарыз алушыларды оңалту мүмкіндігін қарастырады

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұтынушылық кредит беру нарығын жіті бақылауда ұстауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Халықтың табысы төмендеген кезде тұтынушылық кредиттеу нарығын бақылауды жалғастырған маңызды. Азаматтардың қарыз жүктемесі өсіп кетпеу керек. Соған жол бермеуіміз керек", - деді Тоқаев төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында.

Оқи отырыңыз: Тоқаев кредит процентін алып тастауды сұрайтындарға жауап берді

Осы орайда президент қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне маңызды бір тапсырма берді.

"Қаржы нарығын реттеу жөніндегі агенттік проблемалық қарызы бар қарыз алушыларды оңалту мүмкіндігін қарастыруға міндетті. Бұдан бөлек, қарыз алушының санаты мен кредиттің түріне қарай қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесін есептеу тетіктерін қарап шығу қажет ", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, азаматтардың мүддесін қорғау мақсатында банктің емес кредит ұйымдарын бақылау шаралары күшейеді. Ал келесі жылдан бастап микроқаржы ұйымдарына лицензия беру жүйесі енгізіледі.

15663
Кілт сөздер:
президент, кредит
Тақырып бойынша
Қазақстанда банк салымшыларына қауіп жоқ – Тоқаев
Тоқаев қазақстандықтарды қайғыға салынбауға шақырды
"Кредитті артығымен төлейміз": Kaspi Bank халықтың наразылығына жауап берді 
Тоқаев тапсырмасы: қазақстандықтардың кредит және салық төлемі кейінге шегеріледі
Кредитті үш айға шегеру: банк процентті алып тастай ма?
Қылмыстық іс

Әкімнің заңсыз әрекеті әшкере болды - видео

9
(Жаңартылды 13:31 28.05.2020)
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл іске қатысты тергеу жалғасып жатқанын айтты. Соңғы шешімді сот шығарады

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр - Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі пара алған Түркістан облысында әкімі ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, Келес ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округының әкімі жер учаскесін бергені үшін заңсыз ақша алған. 

"Әкім 400 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін айыпталып отыр. Ол қамауға алынған жоқ. Себебі сотқа дейінгі өндірісті тездетіп өткізуге өтініш берді. Тергеу жалғасуда. Соңғы шешімді сот шығарады", - дейді агенттіктің тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Сондай-ақ, мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарлары ұсталғаны хабарланды. Олар 380 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

9
Кілт сөздер:
видео, пара, әкім
Тақырып бойынша
Серік Сәпиевтің орынбасары ұсталды – видео
Алматыда судьяның пара алып жатқан сәті видеоға түсіп қалды
Пара алған әкім қамауға алынбады – агенттік түсініктеме берді
Қостанай облысында пара алған полицей видеоға түсірілді
Блок-бекетте пара алған шенеуніктерге қатысты сот үкімі шықты
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ахметжан Есімов

Тоқаев Есімовті Ақордаға не үшін шақырды

412
(Жаңартылды 11:41 28.05.2020)
Ахметжан Есімов мемлекет басшысына компанияның қазіргі ахуалы, жекешелендіру бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы есеп берді

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Ахметжан Есімов мемлекет басшысына компанияның қазіргі ахуалы туралы баяндады. Айтуынша, дағдарыс пен карантин басталғалы бері "Самұрық-Қазына" компаниялар тобына қарасты өндіруші кәсіпорындарда жұмыс орындарын қысқартуға, еңбекақыны кешіктіруге жол берілмеген.  

"Қор мен компаниялар тобының қаржылық тұрақтылығын күшейту жөніндегі бұған дейін жүргізілген шаралар өткен жылдарда жиналған сыртқы қарызды 8 миллиард долларға азайтуға мүмкіндік берді. Бұл 1 триллион теңге көлемінде қаржы шығынының алдын алуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар 1 миллиард доллар болатын күрделі әрі операциялық шығындар оңтайландырылды", - деді Есімов. 

Ақорданың хабарлауынша, қор президенттің сатып алу жүйелері арқылы ел экономикасына қолдау көрсету жөніндегі тапсырмаларын орындайды. Биыл жыл басынан бері "Самұрық-Қазына" компаниялар тобы 250 мыңға жуық адам жұмыс істейтін отандық кәсіпорындарға 9 мың тапсырыс берген. Бұдан бөлек қазақстандық кәсіпорындарды қолдау және жаңа өндіріс орындарын ашу бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр.

Кездесуде Ахметжан Есімов Қасым-Жомарт Тоқаевқа жекешелендіру бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы есеп берді.

Оқи отырыңыз: Індет жұқтырғандар саны артып барады – Тоқаев

 

412
Кілт сөздер:
Ахметжан Есімов, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев мемлекеттік комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды
Тоқаев қазақ тілін тиімді оқытудың әдісін тапты
"Басқа да жігіттер түсінсін" Есімов соңғы кезде неге алаңдап жүргенін айтты
Есімов Назарбаевқа сыртқы қарыз 5,1 миллиард долларға азайғанын хабарлады
"Жауапқа тарту қажет": Тоқаев оқулықтардың сапасы өте төмен екенін айтты