Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев ЕАЭО саммитіне қатысады

85
(Жаңартылды 08:42 19.05.2020)
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің басшылары сейсенбі күні видеоконференция форматында кездесу өткізеді

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады. Жиын коронавирус эпидемиясына байланысты 19 мамыр күні видеоконференция форматында өтеді.

Саммит кесте бойынша Минск қаласында өтуі тиіс болатын.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің басшылары сейсенбі күні еуразиялық экономикалық интеграцияның 2025 жылға дейінгі дамуының стратегиялық бағыттарының жобасын бекітеді.

Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграция және макроэкономика министрі Сергей Глазьевтің айтуынша, РИА Новости-ге құжатта одақтың тауар нарығының тиімділігін арттыру механизмдерін қарастырады. Сондай-ақ, кедендік реттеу, тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұтынушылардың құқығын қорғау мәселесі қамтылады.

Тағы оқыңыз: Неге ЕАЭО елдерінде COVID-19 індетінің симптомсыз түрі жиі анықталып жатыр?

Мұнымен қоса, мемлекет басшылары ЕАЭО-да цифрлық кеңістікті қалыптастыру, эко жүйесі, пандемия кезіндегі байланыс жайы сөз болады.

85
Кілт сөздер:
саммит, ЕАЭО, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
ЕАЭО мықты экономикалық одаққа айналуы тиіс – Тоқаев
Ресей бетперделерді тек ЕАЭО-ға мүше елдерге ғана экспорттайтын болды
ЕАЭО елдерінің премьерлері онлайн байланыс арқылы маңызды мәселені талқылайды
Кешенді дамудың жаңа картасы: ЕАЭО елдерінің бірыңғай ақпараттық ресурсы құрылады
Коронавирустың салдарынан ЕАЭО өзара саудасы төрттен бір есеге төмендейді
Ақша, теңге

Төтенше жағдай аяқталған соң 42 500 теңгені қалай алуға болады

7559
Төтенше жағдай аяқталғаннан кейін табыссыз қалған қызметкерлерге жұмыс берушілер ең төменгі жалақы мөлшерінде ақы төлеуі тиіс

АЛМАТЫ, 21 мамыр – Sputnik. Алматылық жұмыс берушілерге қызметкерлерге 42 500 теңге төлеу ұсынылды.

Егер басшылық оларға ақша төлеуден бас тартса, қызметкерлер әлеуметтік қамсыздандыру бөліміне жүгіне алады.

"Қазір жалақысы сақталмай, демалысқа кеткен қызметкерлер көп. Еңбек кодексінің 112-бабына сәйкес, жұмыстың тоқтап қалу уақытын рәсімдеп, соған сәйкес, қызметкерлерге ең төменгі жалақы – 42 500 теңге төлеуді ұсынамыз. Егер ұжымдық шартта үлкен сома көрсетілмеген болса", - деді Алматы қаласының бас еңбек инспекторы Айнұр Мұқажанова.

Басшылық 42 500 теңге төлегісі келмесе...

Егер басшылық жұмыс тоқтаған уақытқа қаржы төлеуден бас тартса, әл-ауқат басқармасына жүгіну қажет.

"Біз тексеру жүргіземіз. Егер жағдай дәлелденсе, онда айыппұл түрінде әкімшілік жаза көзделеді. Шағын бизнеске жалақыны төлемегені және кешіктіргені үшін 60 АЕК (1 айлық есептік көрсеткіш -2 778 теңге), орта бизнес 100 АЕК, ірі бизнес 150 АЕК төлеуі тиіс", – деп жауап берді Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева.

Төтенше жағдай кезінде қызметін тоқтатқан компания не істеуі керек

Кәсіпкерлердің жұмыстың мәжбүрлі түрде тоқтап қалғанын рәсімдеуге байланысты біраз қиындық бар, деп атап өтті Алматы кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов.

"Жұмыс кәсіпкердің кінәсінен емес, карантин режимінің салдарынан тоқтатылғанын түсіну керек. Біз бұл мәселені жүйелі түрде қарастырамыз", - деді ол.

Оның айтуынша, қызметкерлеріне жалақы төлеу үшін бизнеске жеңілдік кезеңі ұсынылуы мүмкін.

"Егер осы жыл ішінде жағдай тұрақтанса, кәсіпорын қызметкерлеріне дәл бұрынғыдай жағдай жасайды.  Яғни жеңілдіктер мен субсидиялар беру туралы ұсыныс жасалады. Еңбек министрлігі мәселені қарастыруда", - деді Әбілшайықов.

Іркіліс уақытында төлем жасау

Жұмыстың тоқтатылу уақытына ақы төлеу Еңбек кодексінің 112-бабында жазылған.

Жұмыс берушіге және жұмыскерге байланысты емес себептер бойынша іркілісті рәсімдеу тәртібі және жұмыстың тоқтап қалу уақытына ақы төлеу талаптары еңбек, ұжымдық шарттарда айқындалады. Жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмайтын мөлшерде, ал жұмыс берушінің кінәсінен болғанда – жұмыскердің орташа жалақысының кемінде елу пайызы мөлшерінде белгіленеді.

7559
Кілт сөздер:
карантин, теңге, төтенше жағдай
Тақырып бойынша
Төтенше жағдай аяқталды: министр 42 500 теңгеге өтініш беру туралы айтты
Министр "халық аштан өледі" деген әншіге 42 500 теңгеге құжат тапсыруды ұсынды
42 500 теңге: министрлік әлеуметтік төлем алғандар саны көп үш өңірді атады
42 500 теңгені алғандарға мемлекеттік қолдау көрсетіледі
Үш миллионға тарта адам 42 500 теңгені екінші рет алды
Алматыдағы базар

Алматыда азық-түлік сатпайтын базарлар қашан ашылады

488
Қалада жабылған базарлардың қызметіне қойылған шектеулерді алу кезең-кезеңмен жүргізілетіні хабарланды

АЛМАТЫ, 21 мамыр – Sputnik. Алматыда 25 мамырдан бастап ХҚКО жұмысын бастайды, ал бұрын жабылған базарлардың қызметіне қойылған шектеулерді алу кезең-кезеңмен жүргізілетін болады. Бұл туралы Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"25 мамырдан бастап, карантин режимін жеңілдетудің кезекті кезеңінің шеңберінде қаладағы барлық халыққа қызмет көрсету орталығының, сондай-ақ бұдан бұрын жабылған азық-түлік базарларымен әмбебап базарларының азық-түлік қатарларының қызметіне қойылған шектеулерді алу жоспарланып отыр. Ол үшін нысандарда санитариялық-эпидемиологиялық нормалар қатаң сақталуы қажет", - деді Оразалин.

Айтуынша, шектеулер алынғаннан кейін қалада 16 фронт-кеңсе жұмысын бастайды, оның ішінде бес арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы, екі миграциялық қызметкөрсету орталығы, екі цифрлық қызмет көрсететін орталық бар. Соған сәйкес, 1 600 адам, оның ішінде клиенттермен тікелей байланыста жұмыс істейтін 933 қызметкер жұмысқа оралады.

"Нысандар ғимарат ішінде індетке қарсы санитарлық режимді қатаң сақтау, әлеуметтік арақашықтық және адамдар ағынын реттеу секілді шараларды сақтай отырып жұмыс істейтін болады", - деді басқарма басшысы.

Қай базар ашылады

Базарларды ашу қаладағы эпидемиологиялық жағдайға және нысандардың әзірлігіне байланысты кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.

25 мамырдан бастап карантин басталғанда жабылған азық-түлік және әмбебап базарларына қойылған шектеулерді алу жоспарланып отыр. Алайда әзірге әмбебап базарлардың азық-түлік бөлігіне ғана жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

Сонымен қатар азық-түлік сатпайтын базарлар 1 маусымнан бастап іске қосылады. Нысандарды ашу ол жердегі барлық талаптардың сақталуына, келушілерді қабылдауға әзірлігіне міндетті бағалау жүргізілгеннен кейін ғана жүзеге асады.

Оразалиннің айтуынша, Алматы облыста тұратын қызметкерлерге қалаға кіріп-шығуға рұқсат берілді. Қызметкерлердің жеке дерегі almaty.infokazakhstan.kz. базасына енгізілуі керек.

488
Кілт сөздер:
базар, азық-түлік, Алматы
Тақырып бойынша
Екі айға жуық үйде отырған астаналықтар шаштаразға лап қойды - видео
"Бала-шағам жейтін тамақ жоқ" дейді": полицейлер карантиндегі жұмысы туралы айтты
Бас санитар дәрігер карантин кезіндегі моншалардың жұмысы туралы айтты
Қазақстанда төтенше жағдай аяқталды - мешіттер қашан ашылады
Нұр-Сұлтанда орталық базар ашылды
Архивтегі фото

Ресейлік танымал актриса коронавирус жұқтырды

0
Алена Бабенко әлеуметтік желіде COVID-19 індетін жұқтырғанын және денсаулығының нашарлағанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Алена Бабенко коронавирус диагнозымен  ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы актриса өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алена Бабенко (@alena_babenko_official)

Алена Бабенко сырқат екенін сезген бойда "Танцы со звездами" шоуынан кетіп, өзін оқшаулағанын атап өтті.

"Мен өз денсаулығыма ғана емес, достарым мен әріптестерімнің денсаулығына да жауаптымын. Өкінішке қарай, бұл әлгі коронавирус болып шықты", - деді актриса.   

Бабенко аурудың дене қызуының көтерілуі, әлсіздік секілді белгілерін байқаған. Қазір ол ауруханада емделіп жатыр, жағдайы біршама жақсарған.

Ресейлік актриса Алена Бабенко кинода, театрда және телехикаяларда ойнайды. Актриса ондаған рөлді сомдаған. 2013 жылы ол режиссер Ермек Аманшаев пен Георгий Шенгелияның "Параллель әлемдер" Қазақстан-Ресей мелодрамасында ойнады.

24 мамырдағы мәлімет бойынша Ресейде COVID-19 індетін жұқтырған 344 481 адам тіркелді.

0
Кілт сөздер:
актриса, коронавирус
Тақырып бойынша
"Басқаша түсініп қалды": Нұрлан Еспанов коронавирус туралы айтқан сөзін түсіндірді
Әйгілі Голливуд актері әйелі екеуі коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді
Коронавирус індеті: COVID-19 жұқтырған танымал адамдар - фото
Танымал қазақстандық әнші төтенше жағдайға байланысты әскерге шақырылды – видео