Валюта айырбастау пункті

Валюта айырбастау пункттерінің жұмыс уақыты өзгерді

62
(Жаңартылды 09:12 19.05.2020)
Өңірлерде валюта айырбастау пунктері таңғы 9-дан кешкі беске дейін жұмыс істейтін болады. Алматы мен астанадағы банктердің жұмыс уақыты - 9.00 - 18.00

НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр - Sputnik. Ұлттық банк пен қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттік валюта айырбастау пунктері мен ломбардтардың 18-24 мамыр аралығындағы жаңа жұмыс кестесін бекітті. Валюта айырбастау пункттері таңғы 9-дан кешкі беске дейін жұмыс істейтін болады. Алматы мен астанадағы банктердің жұмыс уақыты - 9.00 - 18.00.

"Республика аумағында валюта айырбастау пункті және ломбардтарда қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жұмыс уақыты 9.00 - 17.00 аралығында бекітілді", – деп жазылған бірлескен бұйрықта.

Бұған дейін жұмысы қайта жанданған пункттер мен ломбардтар 10.00 - 15.00 аралығында ғана ашық болатын.

Осы аптада Алматы мен астанада банктер, сақтандыру компаниялары мен микроқаржылық ұйымдар 9.00 - 18.00 аралығында жұмыс істейді.

Еске сала кетсек, 29 сәуір күні мемлекеттік комиссия  4 мамырдан бастап жұмысқа кірісетін кәсіпкерлік субъектілерінің тізімін бекітті. Валюта айырбастау пункттері мен ломбардтар солардың қатарында. 11 мамырда Қазақстанда төтенше жағдай режимі алынды.

Тағы оқыңыз: "Жалған ақпарат": министр 13,5 млрд доллар туралы жазған блогерлерге жауап берді

62
Кілт сөздер:
жұмыс кестесі, валюта нарығы, валюта бағамы
Тақырып бойынша
Теңгенің тағдыры не болмақ – экономистер болжам жасады
Мұнайдың қымбаттауы теңге бағамына қалай әсер етті
Тоқаев теңгенің әлсіреуіне байланысты Ұлттық банкке тапсырма берді
Әр тұрғынға – 400 мың теңге: әлем елдері карантиннен қалай шығып жатыр
Смайылов 5,9 трлн теңге қалай жұмсалатынын айтты
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев БҰҰ форумында сөз сөйлейді

40
(Жаңартылды 18:22 28.05.2020)
Қазақстан Теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер тобына төрағалық етеді, мемлекет басшысы әлем лидерлері қатысатын шарада сөз сөйлейді

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 28 мамырда "COVID-19 тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру" атты жоғары деңгейдегі форумға қатысады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те хабарлады.

Форум БҰҰ бастамасымен ұйымдастырылған және бейнеконференция форматында өтеді. Тоқаев қазіргі уақытта Қазақстан төрағалық ететін Теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер тобының атынан сөз сөйлейді.

Сессия барысында БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш, Канада премьер-министрі Джастин Трюдо, Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Эмманюэль Макрон, Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ және басқа да мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшылары сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.

Форум тікелей эфир арқылы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 18.00-де көрсетіледі.

40
Кілт сөздер:
форум, БҰҰ, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Есімовті Ақордаға не үшін шақырды
Тоқаев мемлекеттік комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды
Тоқаев қорғаныс министріне тапсырма берді
Ақша, теңге

Аса ірі көлемде пара алған басқарма төрағасына қатысты тергеу басталды

132
(Жаңартылды 14:57 28.05.2020)
Күдіктінің кінәсін сот анықтайды. Бүгінде тергеу мүддесі үшін болған жағдайға байланысты басқа ақпарат жарияланбай отыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр - Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамынының басқарма төрағасын құрықтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тергеуші Данияр Биғайдаровтың айтуынша, орталық басшысы аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін айыпталып отыр. 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлуге және орындалған жұмыстардың актілеріне қол қоюға көмектескені үшін аса ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" басқарма төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деді Биғайдаров бүгінгі онлайн брифингте. 

Оның айтуынша, күдіктінің кінәсін сот анықтайды. Бүгінде тергеу мүдделері үшін басқа ақпаратты жариялауға рұқсат жоқ.

Тағы оқыңыз: Серік Сәпиевтің орынбасары ұсталды – видео

Сондай-ақ, мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарлары ұсталғаны хабарланды. Олар 380 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Ал Түркістан облысында ауылдық округте жер учаскесін бергені үшін 400 мың теңге көлемінде пара алған әкім ұсталды.

132
Кілт сөздер:
тергеу, басқарма төрағасы, пара
Тақырып бойынша
Шенеунік тергеушілердің көзінше дәлелдерді жеп қойды – видео
Алматыда судьяның пара алып жатқан сәті видеоға түсіп қалды
СҚО-да карантинде кедергісіз жүру үшін полицей 1 миллион 300 мың пара алған
Блок-бекетте пара алған шенеуніктерге қатысты сот үкімі шықты
Пара алған әкім қамауға алынбады – агенттік түсініктеме берді
Бойжеткен, иллюстративті фото

Америкалық отбасы асырап алған қыз Қазақстандағы ата-анасын іздеп жатыр видео

1
(Жаңартылды 20:10 28.05.2020)
Азия Бергер Флорида штатында Диснейлендтен бес минуттық жерде тұрады. Лекси, Ари деген бір әпке, бір сіңлісі бар. Колледжде өнер саласында оқиды

АЛМАТЫ, 28 мамыр – Sputnik. Азия Бергерді 2001 жылы америкалық отбасы асырап алған. Қазақстанның Семей қаласында туған бойжеткен биологиялық ата-анасын тапқысы келеді. Бұл жайында ол Facebook қолданушысына берген сұхбатында айтты.

Азияның айтуынша, биологиялық ата-анасы Құралай және Қуат Ашқановтар есімді жұп. Бойжеткен 2000 жылы дүниеге келген, 2001 жылы америкалық отбасы асырап алған.

Оқи отырыңыз: Америкалық отбасы асырап алған Айсұлудың қалай Дэвинге айналғаны белгілі болды 

"Аты-жөнім – Asia Berger. Бұл есімді Америкадағы ата-анам қойған. Шын есімім – Салтанат Ашқанова. Мені Қазақстанның Семей қаласынан 16 ай кезімде асырап алған. Өзімнің биологиялық ата-анамды табамын деп шешім қабылдадым. Тегім – Бергер, бірақ біз неміс емеспіз. Әкемнің ата-бабасы, туыстарының неміске қатысы болуы мүмкін", - дейді бойжеткен сұхбатында.

Азия Флоридада тұрады, отбасында екі бауыры бар. Колледжеде өнер саласында оқиды.  

"Мен Флоридада Диснейлендтен бес минуттық жерде тұрамын. Ол жерге бала кезімде баратынмын. Лекси, Ари деген бір әпкем, бір сіңлім бар. Үйде ортаншы баламын. Колледжде өнер саласында оқимын. Біз бір-бірімізбен өте жақын араласамыз, бірге қыдырамыз", - деді ол отбасы жайлы.

Айтуынша, америкалық ата-анасы асырап алғанын жасырмаған.

"Мені асырап алғанын сұрастырып білген жоқпын. Оны бұрыннан білетінмін. Әкем Нью-Йоркте Бруклинде туып өскен. Анам Орталық-батыста туған. Анамның шашы сары, көздері көк. Сырт келбетімізде айырмашылықтар байқалатын. Ата-анам асырап алғаны жайлы жасырған емес", - дейді ол.

Азия сұхбат барысында үйінде Қазақстан жайлы кітаптың көп екенін айтты.

"Барлық жағынан ашық сөйлесе білеміз. Әкем туған жерін білуді маңызды деп санайды. Әсіресе, үйімізде Қазақстан жайлы кітап көп. Қай жерден екенімді біле бермеймін, алайда ата-анамның маған көмек көрсетіп жатқаны үшін ризамын", - дейді бойжеткен.

"Қазақстан жайлы ешқашан жаман пікірде болған емеспін. Себебі туған ата-анамның өз қиындығы болған шығар. Одан бөлек асырап алынған барлық баланың атынан да сөйлей алмаймын, әр адамның өз қиындығы, өмір тәжірибесі бар. Сол туралы ойлаған кезде туған ата-анама деген өкпе-реніш те, сағыныш та жоқ, - дейді ол.

Бойжеткен биологиялық ата-анасының өткен өмірін білмей тұрып, оларды талқылай алмайтынын айтты.

"Менің америкалық ата-анам көп саяхаттайды. Әртүрлі елді, мәдениетті көрген кезде бірден үйренісе алмайды. Мен де Қазақстанға барсам, дәл солай мәдени шок алуым мүмкін", - дейді Азия Бергер.

1
Кілт сөздер:
видео, Америка, бала асырап алу
Тақырып бойынша
Қостанай облысының тумасы ағасын 23 жылдан кейін тапты 
Аружан Сайын шетелдіктерге бала сатты деп айыптағандарға жауап берді
"Көкшетауда тұратынын сеземін": Бішкек тұрғыны туған анасын іздеп жүр
Америкалық отбасы асырап алған Айсұлудың неден көз жұмғаны айтылды