Щучинск қаласындағы ет өңдеу зауыты

Елімізде өнеркәсіпті дамыту қоры құрылады: оның артықшылықтары қандай?

50
(Жаңартылды 10:20 19.05.2020)
Қор арқылы өңдеуші кәсіпорындарға 3%-тен аспайтын мөлшерлемемен кредит беріледі. Сондай-ақ, осы жоба аясында бір қарыз алушыны бірнеше банктің бірлесіп кредиттеуі қарастырылады

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Қазақстанда өнеркәсіпті дамыту қоры пайда болуы мүмкін. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Өнеркәсіпті дамыту қорын құру ұсынылады. Қор арқылы 3%-тен аспайтын мөлшерлемемен өңдеуші кәсіпорындарға кредит беру жоспарлануда", – деді Дәленов үкіметте 2020 жылға арналған экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды таныстыру барысында.

Кешенді жоспарда өңдеуші өнеркәсіпті қолдау үшін қаржыландыру тетіктері айтарлықтай кеңейтілген.

Ұлттық банктің бағдарламасы бойынша өңдеу өнеркәсібі субъектілерінің айналым қаражаты жеңілдікпен қаржыландырылады.

Сонымен қатар, өңдеуші кәсіпорындар "Бизнестің жол картасы–2025" бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие алады. Оларға экспорттық кредит беріледі.

"Бірнеше банктің бір қарыз алушыны бірлесіп кредиттеуі үшін банктік синдикатталған кредит беру жоспарлануда", – деді министр.

Бұдан бөлек, үкімет отандық өндірушілердің тауарларын өткізу бойынша бірқатар шараны қолға алмақ.

"Бұл мемлекеттік сатып алуда, квазимемлекеттік сектор мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуында оффтейк-келісімшарттар жасау. Жеңілдетілген қаржыландыруды алушыларға отандық материалдар мен жабдықтарды пайдалану бойынша міндеттемелер белгілеу. Міндеттемелер жеке инвесторлармен лицензиялық келісімшартта бекітілетін болады", – деді Дәленов.

Оқи отырыңыз: 3 проценттік қолжетімді кредит: президент жаңа қор құруды ұсынды

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу кезінде инвестициялық субсидия беру тетігі жетілдіріледі. Жоғары экспорттық өнім өндірушілердің тасымалдау шығынын өтеу 80 процентке дейін ұлғайтылады.

50
Тақырып бойынша
Қазақстанда алиментті төлеп беретін қор құрылады
Доллардың құбылуы зейнетақы жинақтарына қалай әсер етті – қор басшысы жауап берді
"Рұқсат етілмейді": Тоқаев Назарбаев құрған Ұлттық қор туралы айтты
"Той кредитіне" тыйым салына ма – Досаев несие беруді шектеу мәселесін көтерді
Қазақстанда ипотеканы қаржыландыру мәселесі қолға алынды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев БҰҰ форумында сөз сөйлейді

43
(Жаңартылды 18:22 28.05.2020)
Қазақстан Теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер тобына төрағалық етеді, мемлекет басшысы әлем лидерлері қатысатын шарада сөз сөйлейді

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 28 мамырда "COVID-19 тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру" атты жоғары деңгейдегі форумға қатысады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те хабарлады.

Форум БҰҰ бастамасымен ұйымдастырылған және бейнеконференция форматында өтеді. Тоқаев қазіргі уақытта Қазақстан төрағалық ететін Теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер тобының атынан сөз сөйлейді.

Сессия барысында БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш, Канада премьер-министрі Джастин Трюдо, Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Эмманюэль Макрон, Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ және басқа да мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшылары сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.

Форум тікелей эфир арқылы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 18.00-де көрсетіледі.

43
Кілт сөздер:
форум, БҰҰ, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Есімовті Ақордаға не үшін шақырды
Тоқаев мемлекеттік комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды
Тоқаев қорғаныс министріне тапсырма берді
Ақша, теңге

Аса ірі көлемде пара алған басқарма төрағасына қатысты тергеу басталды

139
(Жаңартылды 14:57 28.05.2020)
Күдіктінің кінәсін сот анықтайды. Бүгінде тергеу мүддесі үшін болған жағдайға байланысты басқа ақпарат жарияланбай отыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр - Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамынының басқарма төрағасын құрықтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тергеуші Данияр Биғайдаровтың айтуынша, орталық басшысы аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін айыпталып отыр. 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлуге және орындалған жұмыстардың актілеріне қол қоюға көмектескені үшін аса ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" басқарма төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деді Биғайдаров бүгінгі онлайн брифингте. 

Оның айтуынша, күдіктінің кінәсін сот анықтайды. Бүгінде тергеу мүдделері үшін басқа ақпаратты жариялауға рұқсат жоқ.

Тағы оқыңыз: Серік Сәпиевтің орынбасары ұсталды – видео

Сондай-ақ, мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарлары ұсталғаны хабарланды. Олар 380 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Ал Түркістан облысында ауылдық округте жер учаскесін бергені үшін 400 мың теңге көлемінде пара алған әкім ұсталды.

139
Кілт сөздер:
тергеу, басқарма төрағасы, пара
Тақырып бойынша
Шенеунік тергеушілердің көзінше дәлелдерді жеп қойды – видео
Алматыда судьяның пара алып жатқан сәті видеоға түсіп қалды
СҚО-да карантинде кедергісіз жүру үшін полицей 1 миллион 300 мың пара алған
Блок-бекетте пара алған шенеуніктерге қатысты сот үкімі шықты
Пара алған әкім қамауға алынбады – агенттік түсініктеме берді
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеуге үлес қоса алады Тоқаев

0
Қасым-Жомарт Тоқаев "COVID-19 дәуірінде және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру" атты жоғары деңгейдегі шарада сөз сөйледі

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Қазақстан қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеуге өз үлесін қоса алады, деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ форумында.

Мемлекет басшысы теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ Дамушы елдер тобының атынан сөз сөйледі.

"Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігі, делдалдық, жанжалдарды шешу және бейбітшілік орнату сияқты негізгі салалардағы жаһандық күш-жігерге өз үлесін қоса алады", - деді Тоқаев  "COVID-19 дәуірінде және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру" атты жоғары деңгейдегі шарада.

Ол пандемия кезінде Қазақстан коронавирустың өршуіне гуманитарлық жауап қату жаһандық жоспары аясында қаражат жібергенін атап өтті.

"Біз вирусқа қарсы күресте бірқатар елге гуманитарлық көмек көрсеттік", - деді Тоқаев.

Президент өз сөзінде жеке инвесторларды цифрлық теңсіздікті еңсеруге көмектесуге шақырды.

"Халықаралық сауда да барлық елдің, ең алдымен, аз дамыған елдердің мүдделері үшін тез дамып отыруы керек", - деп толықтырды ол.

Оқи отырыңыз: БҰҰ Бас хатшысы Қазақстанның коронавируспен күреске елеулі үлес қосқанын айтты 

"COVID-19 дәуірінде және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру" форумы БҰҰ бастамасымен ұйымдастырылып, бейнеконференция түрінде өтіп жатыр.

Сессия барысында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо, Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Эммануэль Макрон және басқа елдердің басшылары сөз сөйледі.

0
Кілт сөздер:
БҰҰ, коронавирус, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Коронавирус салдары қандай болады - мамандар болжам жасады
Тоқаев: Қазақстан мен Швейцарияның ұстанымдары ортақ
Коронавирус пандемиясы кезінде Тоқаевтың жұмыс кестесі қалай өзгерді?
БҰҰ Тоқаевтың шешіміне қатысты пікір білдірді
Бөлінген қаржы қалай игерілуде: Тоқаев есеп комитетінің басшысын қабылдады