Көлік, архивтегі сурет

ЕАЭО елдері ұрланған автокөліктердің бірыңғай базасын құрады 

51
(Жаңартылды 13:03 20.05.2020)
Хаттаманың негізгі мақсаты – ұрланған автокөлік иелерінің құқығын қорғау.  Құжатқа Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Беларусь, Қырғызстан және Молдова ішкі істер министрлері қол қойған

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ елдері айдап әкетілген автокөліктердің бірыңғай базасын құрады. Мәжіліс хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Мәжіліс "2005 жылғы 25 қарашадағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің автокөліктерді жымқыруға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасы қаралды. 

Хаттамаға Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Беларусь, Қырғызстан және Молдова ішкі істер министрлері қол қойған. 

Хаттаманың негізгі мақсаты – ұрланған автокөлік иелерінің құқығын қорғау. 

"Трансұлттық топтар автокөлікті ұрлап, кейін оны заңдастырумен айналысады. Қымбат көліктердің көбі шетелде ізім-ғайым жоғалады. 1993 жылдан бері елімізде 75 мыңнан астам ұрланған және айдап әкетілген көліктің тек 14,5 мыңы табылған", - деді мәжіліс депутаты Василий Олейник.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, соңғы бес жылда автокөлікті ұрлау және айдап әкету фактілерінің саны тек 30 процентке азайған. 

Министр ЕАЭО елдері арасында айдап әкетілген көліктердің бірыңғай базасы құрылып жатқанын атап өтті. 

"Ішкі істер министрліктері арасында өзара тығыз қарым-қатынас орнатылған, біз бірлесіп жедел шаралар өткіземіз. Ұрланған автокөлік табылған кезде, біздің басты мақсатымыз көліктің ұрланған елдің аумағында заңдастырылуына жол бермеу. Біз қазір айдап әкетілген автокөліктердің бірыңғай базасын құрып жатырмыз. Әзірге бес мемлекет – ЕАЭО қатысушылары арасында. Осылайша, қандай автокөлік ұрланғанын онлайн режимде көріп, сол елдің аумағында тиісті шаралар қабылдаймыз", - деді Тұрғымбаев. 

Министрдің айтуынша, ұрланған көліктердің ел аумағына қайтарылмауы сұрау салу нормасының жүзеге аспауынан болып отыр. 

Осы кемшіліктерді жою үшін құжатқа жаңа норма енгізілген. Енді ереже бойынша сұрау салуды орындауға бір ай ғана уақыт беріледі. Сұрау салу бойынша ақпарат ұсынудан бас тарту үшін нақты негіз болуы қажет. 

Хаттамада жол-көлік, өрт және табиғи апаттан зардап шеккен автокөліктер туралы мәлімет беру, кеден орындарымен ақпарат алмасу және бір жыл ішінде сұрауы жоқ автокөлік қай жерде анықталса, сол мемлекеттің меншігінде қалдыру мәселелері қарастырылады. 

Мәжіліс заң жобасын мақұлдады.

 

51
Кілт сөздер:
автокөлік, ЕАЭО
Тақырып бойынша
Қазақстанда жаңа көліктер қалай тіркелетіні белгілі болды
Алматыда белгілі адвокат Омарованың көлігі өртеніп кетті
Бозымбаев шағын литражды көліктер салықтан босатылуы мүмкін екенін айтты
Бір табын жылқының күші бар: қазақстандық сұлу 17 тонналық көлікті сүйреді – видео
Көлікті тіркеу мәселесі: Армения мен Қырғызстанға қайта бару керек пе?
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев БҰҰ форумында сөз сөйлейді

46
(Жаңартылды 18:22 28.05.2020)
Қазақстан Теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер тобына төрағалық етеді, мемлекет басшысы әлем лидерлері қатысатын шарада сөз сөйлейді

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 28 мамырда "COVID-19 тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру" атты жоғары деңгейдегі форумға қатысады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те хабарлады.

Форум БҰҰ бастамасымен ұйымдастырылған және бейнеконференция форматында өтеді. Тоқаев қазіргі уақытта Қазақстан төрағалық ететін Теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер тобының атынан сөз сөйлейді.

Сессия барысында БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш, Канада премьер-министрі Джастин Трюдо, Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Эмманюэль Макрон, Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ және басқа да мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшылары сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.

Форум тікелей эфир арқылы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 18.00-де көрсетіледі.

46
Кілт сөздер:
форум, БҰҰ, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Есімовті Ақордаға не үшін шақырды
Тоқаев мемлекеттік комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды
Тоқаев қорғаныс министріне тапсырма берді
Ақша, теңге

Аса ірі көлемде пара алған басқарма төрағасына қатысты тергеу басталды

147
(Жаңартылды 14:57 28.05.2020)
Күдіктінің кінәсін сот анықтайды. Бүгінде тергеу мүддесі үшін болған жағдайға байланысты басқа ақпарат жарияланбай отыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр - Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамынының басқарма төрағасын құрықтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тергеуші Данияр Биғайдаровтың айтуынша, орталық басшысы аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін айыпталып отыр. 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлуге және орындалған жұмыстардың актілеріне қол қоюға көмектескені үшін аса ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" басқарма төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деді Биғайдаров бүгінгі онлайн брифингте. 

Оның айтуынша, күдіктінің кінәсін сот анықтайды. Бүгінде тергеу мүдделері үшін басқа ақпаратты жариялауға рұқсат жоқ.

Тағы оқыңыз: Серік Сәпиевтің орынбасары ұсталды – видео

Сондай-ақ, мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарлары ұсталғаны хабарланды. Олар 380 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Ал Түркістан облысында ауылдық округте жер учаскесін бергені үшін 400 мың теңге көлемінде пара алған әкім ұсталды.

147
Кілт сөздер:
тергеу, басқарма төрағасы, пара
Тақырып бойынша
Шенеунік тергеушілердің көзінше дәлелдерді жеп қойды – видео
Алматыда судьяның пара алып жатқан сәті видеоға түсіп қалды
СҚО-да карантинде кедергісіз жүру үшін полицей 1 миллион 300 мың пара алған
Блок-бекетте пара алған шенеуніктерге қатысты сот үкімі шықты
Пара алған әкім қамауға алынбады – агенттік түсініктеме берді
Архивтегі фото

"Кіріме дейін жуды": Індетті жеңген 89 жастағы кейуана дәрігерлерге алғыс айтты

0
Күмісхан Оразақынова коронавирус инфекциясын Кеген аудандық ауруханасына емделуге барғанда жұқтырып алған

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Алматы облысында 89 жастағы кейуана коронавирустан емделіп шықты.

1931 жылы дүниеге келген Күмісхан Оразақынова бұл індетті Кеген аудандық ауруханасына емделуге барып, сол жердегі дәрігерлерден жұқтырып алған, деп хабарлайды "Хабар 24".

Ол 4 мамыр күні Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылындағы аудандық ауруханаға жатқызылған.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 99 жастағы қария коронавирус жұқтырды 

"Пациент ауруханаға түскен кезде жағдайы орташа ауыр болды. Жас ерекшелігін ескере отырып, оны реанимация бөліміне орналастырдық. Өйткені қан қысымының жоғары болуы кез келген ауруды асқындыруы мүмкін еді. Сондықтан қатаң бақылауда ұстадық", - дейді дәрігерлер.

Кейін кейуананың 3 немересі коронавирус инфекциясын жұқтырып алғаны анықталды. Олар қазір Қарасай аудандық ауруханасында ем қабылдап жатыр. Ал Күмісхан Оразақынова ауруынан толық айығып, туған ауылы Кегенге оралды.

"14 күн бойы клиникалық протоколдарға сәйкес ем-шара жасалып, 15-күні COVID-19 ПЦР анализі оң нәтиже көрсеткендіктен, ары қарай 5 күнге ем-шараларды жалғастырдық", - дейді дәрігер-инфекционист Алмагүл Асқарқызы.  

Ал одан кейінгі екі ПЦР талдауы теріс нәтиже көрсетіп, жалпы клиникалық-лабораториялық көрсеткіштер дұрысталғандықтан ауруханадан шығарылған.

"Осы Шелектегі ауруханада жатып, жазылып шығып жатырмын. Сексен тоғыздамын, бәрі жақсы қарады. Өз үйімдегі балаларымнан артық қарады. Уақытымен тамағымды іштім, уақытымен жаттым. Кіріме дейін жуды. Оларға рахметімді айтамын. Дендері сау болсын!", - дейді Күмісхан Оразақынова.

0
Кілт сөздер:
кейуана, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Коронавирус жұқтырмағаныңды қалай білуге болады?
Нұр-Сұлтанда қарт адамдарға дәрі-дәрмек үйге жеткізіліп жатыр
Қазақстанда коронавирус жұқтырған ең қарт адамның жасы белгілі болды
Ғалым коронавирустан айыққан адам қандай қиындыққа тап болатынын айтып берді