Архивтегі фото

Назарбаев "Самұрық-Қазынаның" басшысын қабылдады

135
Есімов төтенше жағдай кезінде өндіріс қызметкерлерін қысқартуға және жалақыны кешіктіруге жол берілмегенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады.

Кездесу барысында қордың портфельдік компанияларының қазіргі экономикалық жағдайда үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, деп хабарлады Елбасы сайты.

Оқи отырыңыз: Экономиканы қалпына келтіру бағдарламасын бастау қажет – Назарбаев 

"Самұрық-Қазынаның" барлық кәсіпорны қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатыр. Қордың алдын ала қарастырылған қаржылық резервтерінің арқасында өндіріс қызметкерлерінің қысқаруына және жалақы төлеудің кешіктірілуіне жол берілген жоқ", - деді Есімов.

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, аудит қорытындысы бойынша бюджетке төленетін төлемдер алдыңғы жылдармен салыстырғанда 52 процентке артып, 1,1 триллион теңгеден асты.

135
Кілт сөздер:
Назарбаев, Самұрық-Қазына
Тақырып бойынша
Назарбаев коронавирус пандемиясынан кейін не болатынын айтты 
Маған пейілі кең, бауырмал халыққа басшылық ету бақыты бұйырды – Елбасы
"Назарбаев елге жариялап қойыпты": Әубәкіров қалай ғарышкер болғанын айтып берді
"Мамырдан бастаймыз": Назарбаев Байбекке тапсырма берді
Назарбаев елге қандай адамдар қажет екенін айтты 
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев БҰҰ форумында сөз сөйлейді

44
(Жаңартылды 18:22 28.05.2020)
Қазақстан Теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер тобына төрағалық етеді, мемлекет басшысы әлем лидерлері қатысатын шарада сөз сөйлейді

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 28 мамырда "COVID-19 тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру" атты жоғары деңгейдегі форумға қатысады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те хабарлады.

Форум БҰҰ бастамасымен ұйымдастырылған және бейнеконференция форматында өтеді. Тоқаев қазіргі уақытта Қазақстан төрағалық ететін Теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер тобының атынан сөз сөйлейді.

Сессия барысында БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш, Канада премьер-министрі Джастин Трюдо, Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Эмманюэль Макрон, Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ және басқа да мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшылары сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.

Форум тікелей эфир арқылы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 18.00-де көрсетіледі.

44
Кілт сөздер:
форум, БҰҰ, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Есімовті Ақордаға не үшін шақырды
Тоқаев мемлекеттік комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды
Тоқаев қорғаныс министріне тапсырма берді
Ақша, теңге

Аса ірі көлемде пара алған басқарма төрағасына қатысты тергеу басталды

142
(Жаңартылды 14:57 28.05.2020)
Күдіктінің кінәсін сот анықтайды. Бүгінде тергеу мүддесі үшін болған жағдайға байланысты басқа ақпарат жарияланбай отыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр - Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамынының басқарма төрағасын құрықтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тергеуші Данияр Биғайдаровтың айтуынша, орталық басшысы аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін айыпталып отыр. 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлуге және орындалған жұмыстардың актілеріне қол қоюға көмектескені үшін аса ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" басқарма төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деді Биғайдаров бүгінгі онлайн брифингте. 

Оның айтуынша, күдіктінің кінәсін сот анықтайды. Бүгінде тергеу мүдделері үшін басқа ақпаратты жариялауға рұқсат жоқ.

Тағы оқыңыз: Серік Сәпиевтің орынбасары ұсталды – видео

Сондай-ақ, мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарлары ұсталғаны хабарланды. Олар 380 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Ал Түркістан облысында ауылдық округте жер учаскесін бергені үшін 400 мың теңге көлемінде пара алған әкім ұсталды.

142
Кілт сөздер:
тергеу, басқарма төрағасы, пара
Тақырып бойынша
Шенеунік тергеушілердің көзінше дәлелдерді жеп қойды – видео
Алматыда судьяның пара алып жатқан сәті видеоға түсіп қалды
СҚО-да карантинде кедергісіз жүру үшін полицей 1 миллион 300 мың пара алған
Блок-бекетте пара алған шенеуніктерге қатысты сот үкімі шықты
Пара алған әкім қамауға алынбады – агенттік түсініктеме берді
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеуге үлес қоса алады Тоқаев

2
Қасым-Жомарт Тоқаев "COVID-19 дәуірінде және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру" атты жоғары деңгейдегі шарада сөз сөйледі

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Қазақстан қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеуге өз үлесін қоса алады, деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ форумында.

Мемлекет басшысы теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ Дамушы елдер тобының атынан сөз сөйледі.

"Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігі, делдалдық, жанжалдарды шешу және бейбітшілік орнату сияқты негізгі салалардағы жаһандық күш-жігерге өз үлесін қоса алады", - деді Тоқаев  "COVID-19 дәуірінде және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру" атты жоғары деңгейдегі шарада.

Ол пандемия кезінде Қазақстан коронавирустың өршуіне гуманитарлық жауап қату жаһандық жоспары аясында қаражат жібергенін атап өтті.

"Біз вирусқа қарсы күресте бірқатар елге гуманитарлық көмек көрсеттік", - деді Тоқаев.

Президент өз сөзінде жеке инвесторларды цифрлық теңсіздікті еңсеруге көмектесуге шақырды.

"Халықаралық сауда да барлық елдің, ең алдымен, аз дамыған елдердің мүдделері үшін тез дамып отыруы керек", - деп толықтырды ол.

Оқи отырыңыз: БҰҰ Бас хатшысы Қазақстанның коронавируспен күреске елеулі үлес қосқанын айтты 

"COVID-19 дәуірінде және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру" форумы БҰҰ бастамасымен ұйымдастырылып, бейнеконференция түрінде өтіп жатыр.

Сессия барысында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо, Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Эммануэль Макрон және басқа елдердің басшылары сөз сөйледі.

2
Кілт сөздер:
БҰҰ, коронавирус, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Коронавирус салдары қандай болады - мамандар болжам жасады
Тоқаев: Қазақстан мен Швейцарияның ұстанымдары ортақ
Коронавирус пандемиясы кезінде Тоқаевтың жұмыс кестесі қалай өзгерді?
БҰҰ Тоқаевтың шешіміне қатысты пікір білдірді
Бөлінген қаржы қалай игерілуде: Тоқаев есеп комитетінің басшысын қабылдады