Алматы әуежайындағы ұшақ

Табыс күрт азайды: Қазақстанның әуе тасымалына мемлекет қандай қолдау көрсетеді

185
(Жаңартылды 19:11 21.05.2020)
Әуе компаниялары мен әуежайлар және басқа да авиация салалары мемлекеттің қосымша қолдауына ие болады

АЛМАТЫ, 21 мамыр – Sputnik. Коронавирус пандемиясы Қазақстандағы әуе тасымалының табысына айтарлықтай әсер етті. Жолаушыларды тасымалдаудан түсетін табыс өткен жылмен салыстырғанда 32,3%-ке азайған. Ал ұлттық экономика министрлігінің мәлімдеуінше, әуе кеңістігіне қатысты салаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі.

"Әуе көлігі кәсіпорындарының қаңтар-сәуір айында жолаушыларды тасымалдаудан түскен табысы 69,1 миллиард теңгені құрады. Мұны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырсақ 32,3%-ке аз", – делінген Ranking.kz порталында жарияланған ақпаратта.

Табыс деңгейі наурыз айында 13,8 миллиард теңгені құраған. Ал Қазақстанның ішкі рейстерінің барлығы тоқтатылған 1 сәуірге дейін жыл басынан бері әуе көлігімен 1,7 миллион жолаушы тасымалданған.

Осыған орай ұлттық экономика министрлігінің хабарлауынша, мемлекет тарапынан әуе компаниялары мен әуежайларға қосымша қолдау шаралары ұсынылады. Атап айтқанда, жыл соңына дейін ұшаққа сатып алынған қосалқы бөлшектер импорты қосымша құн салығынан босатылады. Техникалық және өзге де қызмет көрсету түрлерінің барлығы осындай жеңілдікке ие болады. Сондай-ақ, әуежайлардан жер салығы мен жерді пайдаланғаны үшін ешқандай төлемақы алынбайды.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан мен Алматыдан бірқатар қалаға әуе қатынасы жанданды

Айта кетейік, Қазақстанда 1 мамырдан бастап ұшақтар қайта ұша бастады. Алғашқы күні-ақ еліміздің ірі әуежайлары орналасқан Нұр-Сұлтан мен Алматыда 700-ге жуық азамат әуе компанияларының қызметін пайдаланған.

185
Кілт сөздер:
әуе тасымалдары, жолаушылар, әуе қатынасы, әуежай
Тақырып бойынша
Карантинге жабылған Нұр-Сұлтан әуежайына түнде бірнеше ұшақ қонды - видео
Әскери ұшақ құлады: ұшқыштардың аты-жөні белгілі болды
Енді ұшақ жолаушыларынан коронавирус анықтамасы талап етілмейді
Министр әуе тасымалы қалай жүзеге асырылатынын айтты
Карантин аяқталғаннан кейін ұшақ жолаушыларынан анықтама талап етіле ме?
Теңге, ақша

Енді қазақстандықтар үйден шықпай-ақ банктерден кредит ала алады

6090
Жаңа жүйе "бет-әлпетті тану" технологиясы бойынша жұмыс істейді, оның көмегімен төлем картасын да шығаруға болады

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Ұлттық банк 1 қазаннан бастап қаржылық қызметтерді алуға арналған қашықтан биометриялық сәйкестендіру жүйесін іске қосады.

"Қазақстан ұлттық банкі 2020 жылдың 1 қазанынан бастап қаржылық қызметтерді алу үшін қашықтан биометриялық сәйкестендіру сервисін өндірістік пайдалануға қосады. Бұл сервисте "бет-әлпетін тану" технологиясын қолдана отырып, қаржы ұйымына бармай-ақ, қаржылық қызметтерді алу мүмкіндігі көзделген", - делінген хабарламада.

Енді қазақстандықтар үйден шықпай-ақ, биометриялық сәйкестендірудің көмегімен банкте шот немесе депозит ашып, төлем карталарын шығара алады, кредит алуға да мүмкіндік бар.

"Қашықтан биометриялық сәйкестендіруді енгізу әлемдегі күрделі эпидемиологиялық жағдай аясында жаңа сын-қатерлерге жауап береді. Қаржы қоғамдастығының сервисті пайдалануы халыққа қашықтан көрсету тәсілімен ұсынылатын қызметтер тізімін кеңейтеді", - деді ұлттық банк төрағасының орынбасары Есжан Біртанов.

Жаңа сервис банктермен қоса, сақтандыру компанияларына, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына, төлем және микроқаржы ұйымдарына да қолжетімді.

Ұлттық банк сервисті қаржы нарығының қатысушыларымен бірлесіп әзірледі. Жүйе осы жылдың сәуірінде пилоттық режимде іске қосылған болатын. Осы уақыт ішінде биометриялық сәйкестендіру екінші деңгейлі 11 банкке халыққа 2,8 миллион қызмет көрсетуге мүмкіндік берді.

Жаңа жүйенің операторы – ұлттық банктің еншілес ұйымы "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" РМК.

6090
Кілт сөздер:
кредит, клиенттер, Ұлттық банк
Тақырып бойынша
Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты мәлімдеме жасады
Ұлттық банк 3 қазаннан кейін кейбір банкноттарды қабылдауды тоқтатады
Ұлттық банк экономикаға қатысты болжамын өзгертті
Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты шешім қабылдады
Ақша, теңге, доллар

Қазақстанның айырбастау пунктерінде доллар қымбаттады

658
Шымкенттің валюта айырбастау пунктерінде долларды 432 теңгеге сатып жатыр. Ал Ұлттық банктің 29 қыркүйектегі ресми бағамы 428,35 теңгені құрады

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның валюта айырбастау пунктерінде доллар қымбаттады – қазір ол 430-431 теңгеге сатылып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ал Ұлттық банктің 29 қыркүйектегі ресми бағамы 428,35 теңгені құрады. Демалыс және дүйсенбі күндері ұлттық валютаның долларға шаққандағы ресми бағамы 426,32 теңге болған еді.

Нұр-Сұлтан

Kurs.kz мәліметінше, Нұр-Сұлтанның айырбастау пунктерінде доллар орташа есеппен 429,5 теңгеге сатып алынуда, ал 431 теңгеге сатылып жатыр.

Еуроны 500 теңгеге сатып алуға болады, сату бағамы – 505-506 теңге.

Рубль 5,45 теңгеге сатып алынуда, ал 5,70 теңгеге сатылып жатыр.

Алматы

Алматының валюта айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы - 429 теңге, 431 теңгеге сатылып жатыр.

Еуроны 502 теңгеге сатып алуға болады, 505 теңгеге сатылуда.

Рубль 5,45 теңге тұрады, ал 5,55 теңгеге сатылуда.

Шымкент

Шымкентте бір доллар орта есеппен 429,5 теңгеге сатып алынуда, 432 теңгеге сатылып жатыр.

Еуроны 501 теңгеге сатса, 505 теңгеге сатып алады.

Рубльді 5,4 теңгеге сатып алуға болады, сату бағасы – 5,55 теңге.

Мұнай нарығы

Brent маркалы мұнай бүгінгі таңда барреліне 42,71 доллар тұрады, барреліне 0,4%-ке төмендегені байқалып отыр.

WTI маркалы мұнай бағасы  – барреліне 40,41 доллар. "Қара алтын" 0,47%-ке арзандады.

658
Кілт сөздер:
айырбастау, доллар
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жабыла ма Отбасы банкін құру тәртібі жарияланды

3
(Жаңартылды 13:35 01.10.2020)
Бүгінде халық арасында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі негізінде құрылатын Отбасы банкіне қатысты сан алуан әңгіме тарап жүр

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан – Sputnik. "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басшылығы Отбасы банкін құру тәртібін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Орталық филиалдың басшысы Жансұлтан Матаевтың айтуынша, бүгінде халық арасында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі негізінде құрылатын Отбасы банкіне қатысты сан алуан әңгіме тарап жүр. 

"Тіпті, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жабылады" деген сыбыс та бар. Кейбір адамдар осы банктің орнына жаңа банк ашылады деп ойлап жүр. Олай емес. Бұны "ребрендинг" деп атауға болады. Иә, алдағы уақытта "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" деген атау болмайды. Енді, ол "Отбасы банк" деп аталады", - деді Матаев Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте. 

Оның сөзіне қарағанда, Отбасы банкінің қызметі мен мақсаты өзгермейді. Осыған байланысты бұған дейінгі келісімшарттар, депозиттер, сыйақылар, ипотекалар және тағы басқа міндеттемелер орындала береді. 

"Біз өз жұмысымызды жалғастыра береміз. Бірақ Отбасы банкіне қосымша функциялар жүктеледі. Біріншіден, әкімдіктегі баспана кезегін жүргізу функциясы беріледі. Енді, Отбасы банкі кезекке тұрғандарды тіркейді және есебін жүргізеді. Сосын банкте алғашқы баспана орталығы құрылады. Адамдар бұрынғыдай алдымен әкімдікке, одан кейін банкке шапқылап жүрмейді. Бәрі бір жерде болады", - деп атап көрсетті Матаев. 

Отбасы банкіне берілетін тағы бір функция – ол арендалық төлемдерді субсидиялау. Осы тапсырманы президент биылғы жолдауында жариялаған болатын.

Қалтасына қарай баспана таңдайды 

Бұған дейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Отбасы банкінің қызметі туралы айтқан болатын. Оның айтуынша, сол жерде табысына қарай тұрғын үй сатып алу жолдары ұсынылады. Мысалы, егер адамның табысы 1 ең төменгі күнкөріс деңгейіне, яғни 32,7 мың теңгеге жетпесе, онда жалдамалы пәтерді алуға мүмкіндік беріледі. Ондай баспана жеке меншікке сатылмайды. Арендалық үйді алу үшін алдымен Отбасы банкіне барып, тіркеуге тұру қажет. Жалдамалы пәтерлер кезекпен таратылады. 

Ал табысы жоғары азаматтар сан алуан ипотекалық бағдарламаларға қатыса алады.

 

3
Кілт сөздер:
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі
Тақырып бойынша
Депутаттар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басты кемшілігін атады
Тұрғын үй бағасы 30%-ке қымбаттауы мүмкін – сарапшылар болжамы
Үкіметте жеке тұрғын үй мәселесін шешу жайы талқыланды
Әкімдікте баспана кезегі болмайды - "Отбасы банкі" қалай жұмыс істейді 
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі депозит сатуды неге тоқтатқанын түсіндірді