Экономика

"Қазатомөнеркәсіп" акциялары сатылғаннан кейін ұлттық қор $206 миллионға толықты

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге, доллары
Деньги, тенге, доллары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандықтар 8 маусымға дейін брокерлік ұйымға өтініш беру арқылы атом компаниясының акцияларын иелене алады

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясындағы үлесінің 6,28 процентін 206 миллион долларға сатты. Бұл туралы қордың активтерді дамыту және жекешелендіру жөніндегі тең басқарушы директоры Ержан Тұтқышев хабарлады.

Оның айтуынша, қор жаһандық капитал нарығы тұрақтанғаннан кейін акциялардың бір бөлігін сатуды ұйғарған.

"Самұрық-Қазына" салыстырмалы түрде аз болып саналатын 6,28% қосымша пакетпен шығуға шешім қабылдады. Институционалды инвесторлардың өтінішін жинау нәтижесінде қор бір акцияға 13 доллар немесе 5,230,81 теңге бағамен 206 миллион доллар сомасына акциялар орналастырды", - деп түсіндірді Тұтқышев.  

Бұған дейін қазақстандық ұлттық әл-ауқат қоры "Қазатомөнеркәсіп" атом компаниясындағы өз үлесінің 4,55 процентін немесе 11,8 миллион акциясын сатуға ниетті екендігін мәлімдеді. Бұл саудаларға тек шетелдік және қазақстандық заңды тұлғалар қатыса алады.

3 маусым сағат 14.00-ден бастап жеке транш ашылады, ол жеке тұлғаларға – осы акцияларды халықаралық және қазақстандық заңды тұлғаларға ұсынылған шарттармен сатып ала алатын Қазақстан азаматтарына арналған.

Қазақстандықтардың өтініші 8 маусым сағат 16:00-ге дейін қабылданады.

Қызығушылық танытқан қазақстандықтар брокерлік ұйымға хабарласып, қаржы аударып, акция сатып алуға өтініш беруі керек.

"Қазақтелеком" KCell-ді сатып алады: абоненттер үшін не өзгереді? 

Ержан Тұтқышев "Қазатомөнеркәсіпті" жекешелендіруден түскен барлық қаражат Қазақстанның ұлттық қорын толықтыруға жұмсалатынын айтты.

Айта кету керек, "Қазатомөнеркәсіп" компаниясы Қазақстан үкіметі бекіткен жекешелендіру тізіміне енгізілді. "Самұрық-Қазына" қорына компаниялардың акцияларын 25% дейін сатуға рұқсат етілді.

2018 және 2019 жылдары қор рұқсат етілген 25% акциялардың 18,8%-ін орналастырды. Қор биыл 6,28% акцияны сатады және өз балансында ұлттық атом компаниясы акцияларының 75%-ін қалдырады.   

Жаңалықтар
0