Ақорда ғимараты

Ақорда президент қол қойған заң жарлығын жариялады

10126
(Жаңартылды 13:10 27.06.2020)
Қазақстанда шетелдік жүк тиелген көліктер қадағаланатын болады. Президент тиісті заңға қол қойғаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Автомобиль көлігі туралы" заңға толықтыру енгізу жөніндегі құжатқа қол қойды.

ЕАЭО аумағында халықаралық тасымалды жүзеге асыратын алты мыңнан астам жүк көлігі жіті бақыланатын болды. Бұған дейін тиісті заңды парламент қабылдады.

Толықтырулар аясында елге заңсыз транзиттік тауардың кіруіне тосқауыл болатын жүйе пайда болады. 

Құжат парламентте қаралған кезде депутаттар Қазақстанға транзит ретінде кіріп, заңсыз елде қалатын көліктер жиі кездесетінін алға тартқан болатын. Кейін көліктегі тауар Қазақстанда заңсыз сатылады. Салдарынан салықтар төленбей, көлеңкелі экономика пайда болады.

Тасымалдаушылар электронды идентификаторды (навигациялық пломба) қолдануға міндеттеледі. Сондай-ақ, Қазақстан үкіметі халықаралық тасымалды қадағалаушы ұлттық операторды анықтау бойынша өтемақы алады.

6200 жосықсыз тасымалдаушы жіті қадағаланатын болады. Бұл Еуразиялық кеңістікте жүзеге асырылатын тасымалдар санының 6 процентіне тең.

10126
Кілт сөздер:
жарлық, заң, президент, Ақорда, Қазақстан
Тақырып бойынша
"Қазақстанда Польшаға арналған гуманитарлық жүк ұрланды": Алматы әуежайының мәлімдемесі
Қазақстан транзиттік жүк көліктерін қадағалап отыратын болды
Жүк арасындағы жеңіл көлік: шекарада жүргізушінің заңсыз әрекеті әшкере болды
Қазақстанда шетелдік жүк тиелген көліктерді қадағалау жүйесі іске қосылады
Қазақстан мен Өзбекстан арзан автобустар мен жүк көліктері өндірісін іске қосты
құрылыс

Қазақстанда құрылысқа салынатын инвестиция азайды

25
Қазақстанның 13 өңірінде құрылысқа құйылатын инвестиция көлемі қысқарды, деп мәлімдеді сарапшылар

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда құрылыс саласындағы негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі 38,5 миллиард теңгені құрады. Бұл 2019 жылдың дәл осы кезеңіндегі көрсеткіштен 45,9%-ке төмен.

Сарапшылардың мәліметі бойынша, бұл осы уақытқа дейінгі ең төменгі рекордтық көрсеткіш болып отыр, деп хабарлайды FinProm.

Инвестицияның азаюы ел аумағының көп бөлігінде – 17 өңірдің 13-інде байқалады. Бірінші орында Атырау облысы тұр, мұнда инвестиция 69,8%-ке, яғни 7 миллиард теңгеге қысқарған.

Бұл ретте, құрылыс секторындағы ауқымды инвестиция Алматыда тіркелген: 7,7 миллиард теңге. Павлодар, Түркістан және Қостанай облыстарында, сондай-ақ, Алматыда инвестициялық өсім байқалған.

Құрылыс саласын қаржыландырудың негізгі көзі – бизнестің жеке қаржысы.

Бұған дейін Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі республикадағы құрылыс құнының төмендейтінін хабарлаған болатын. Бұл құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті енгізген тетіктердің есебінен жүзеге асырылады.

25
егін ору

Қазақстан Қытайға бидай экспортын ұлғайтуы мүмкін

54
(Жаңартылды 10:17 22.09.2020)
Биыл елімізде 18 миллион тонна астық жиналады деп жоспарланып отыр. Орташа түсім - бір гектардан 12,2 центнер

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Биыл Қазақстан Қытайға бидай экспортын ұлғайтуы мүмкін. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жаңа маусымда қазақстандық бидай мен ұн дәстүрлі түрде Орта Азия елдері мен Ауғанстан нарығына жөнелтіледі. Астық сапасының жоғары болуынан Қытайға бидай (HI-Pro) экспорты артуы мүмкін", - деді Омаров үкімет отырысында.

Астық жөніндегі халықаралық кеңестің есебіне сәйкес, Ресейде, Канадада, Австралияда астық өндірісінің артуына байланысты 2020 жылы өнім көлемі әлемдік рекордтық деңгейде – 2,2 триллион тонна болады деп бағалануда. 2019 жылы 2,1 триллион тонна болған.

Қазір республикада егін жинау жұмысының 93 проценті аяқталды. Барлығы 18 миллион тонна астық жиналады деп жоспарланып отыр. Орташа түсім бір гектардан 12,2 центнерді құрады.

54
Кілт сөздер:
Қытай, бидай
Архивтегі фото

Талдықорғанда 35 жыл түрмеде отырған баукеспе ұры ұсталды

0
(Жаңартылды 19:06 22.09.2020)
Бірнеше рет ұрлық жасады деген күдікке ілінген Талдықорған қаласының 54 жастағы тұрғыны бұрын он рет сотталған болып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Талдықорғанда аса қауіпті рецидивист ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Осы жылдың сәуір айынан бастап жеке үйлерде бірнеше рет ұрлық жасалған. Оңай олжаға дәніккен азамат үй иелері кеткен сәтті күтіп, түрлі жолдармен үйге кірген. Ұрланған мүліктің ішінде әртүрлі тұрмыстық техника, азық-түлік және велосипед сияқты түрлі заттар бар.

"Криминалдық полиция қызметкерлері көптеген күдіктіні тексерді, ақырында Талдықорған қаласының 54 жастағы тұрғыны болып табылатын аса қауіпті рецидивист анықталды. Ол он рет сотталған", – дейді Талдықорған қаласы ПБ Батыс ҚПБ бастығы Айдын Аденбаев.

Күдікті алғаш рет заңға қайшы әрекетін 15 жасында жасаған, содан бері ол темір тордың арғы жағында 35 жыл өмірін өткізген. Ол негізінен ұрлық жасағаны үшін, бір рет ауыр дене жарақаты үшін сотталған. 2020 жылдың ақпан айында түрмеден босап шыққан.

Оқи отырыңыз: Талдықорғанда ұры жүргізушілерге үндеу жасады – видео 

"Бүгінгі күні күдіктінің 12 эпизодқа қатысы бар екенін дәлелдей алдық. Ұрланған заттардың бір бөлігін тауып, заңды иелеріне қайтардық, ал қалған бөлігін күдікті сатып, ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған ", – деп толықтырды полицей Айдын Аденбаев.  

0
Кілт сөздер:
ұры, Талдықорған
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда қарақшылық шабуыл жасаған ағалы-інілі ұсталды
Талдықорғанда ер адам төлем терминалын ұрлап кетті – видео
Ақтөбе тұрғыны қонаққа келіп, Kaspi қосымшасы арқылы үй иесін тонап кеткен
Талдықорғанда екі жігіт аса қауіпті қылмыскерді ұстады
Қарағанды облысында ұрланған көлік өртеніп кетті