Ақша, тиын

Вирустың екінші толқыны: сарапшылар экономика мен теңгенің тағдыры не болатынын айтты

453
(Жаңартылды 16:29 29.06.2020)
Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан экономикасына қатысты болжамдардың бәрі қазір –  негативті. Халықаралық ұйымдар мен рейтинг агенттіктерінің болжамы да көңіл көншітпейді

НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik, Нұргүл Абай. Мамыр айының соңынан бері Қазақстан коронавирус пандемиясының екінші толқынымен күресуде. Карантин, алғашында, жеңілдегенімен, індеттің өршуіне байланысты қайта күшейді. Бірінші толқыннан оңалып үлгермеген ел экономикасы толығымен қашан жанданатынын әзірге ешкім білмейді. Бұл тұста көп дүние әлемдік экономикаға байланысты екенін де ұмытпау қажет. Sputnik Қазақстан тілшісі коронавирустың екінші толқыны ұлттық валютаға және экономикаға қалай әсер ететінін отандық сарапшылардан сұрап білді.

Теңге құнсызданады. Сұрақ – қаншаға?

Соңғы уақытта Қазақстанның төл теңгесі біршама нығайды, дәл қазір 402 мен 405 маңайында. Экономист Мақсат Халық бұған әсер еткен бірнеше факторды атады.

"Олар: рубльдің күшеюі, әлемде мұнай бағасының қалыпқа келе бастауы. ОПЕК+ келісімі белгілі бір дәрежеде өз жемісін берді деп айтуға болады. Одан кейін президенттің ұлттық компаниялар шетелдегі долларлық табысын елге алып келсін деген тапсырмасы да септігін тигізді. Бұдан бөлек, жыл сайын жаз басталысымен доллар қымбаттап кететін, бұл табиғи құбылыс еді. Себебі қазақстандықтар шетелге демалысқа барады. Ал биыл карантинге байланысты ешкім басқа елге саяхат жасауды жоспарлап отырған жоқ. Демек бұл да белгілі бір дәрежеде теңгенің құндырақ болуына әсер етеді", - дейді ол.

Тағы оқыңыз: Қазақстандық кәсіпкерлерге 6%-тік кредит беріледі

Дегенмен, сарапшының пікірінше, ұлттық валютаның нығаю тенденциясы ұзаққа созылмайды. Айтуынша, Халықаралық валюта қорының әлемдік экономиканың құлдырауына қатысты негативті болжамы бірден мұнай бағасының түсуіне әкеп соқты. Ал "қара алтын" құнының барреліне 40 доллардан төмен болуы Қазақстан экономикасы үшін мүлде тиімсіз.

"Егер мұнай бағасы алдағы уақытта да тұрақсыз болса, әрине, ол теңгеге негативті әсер етеді. Біздің экономикамыз үшін мұнайдың қолайлы бағасы –  55 доллардан жоғары. Сол кезде ғана ел бюджетіне табыс келеді, экономика тұрақталып, ақырындап оң өсімге қол жеткіземіз", - деп санайды Мақсат Халық.

Экономист теңгенің құнсызданатынын анық болжаса да, доллардың қаншаға шарықтайтынын айтқысы келмеді.

"Доллар бағамын айтып, қазақстандықтарды дүрліктірмей-ақ қояйын. Бірақ, теңгенің әлсірейтіні айқын. Басқаша айтқанда, тұрақтылығынан айырылады: бірде көтеріледі, бірде түседі. Бұған енді жиі куә боламыз", - деді сарапшы.

"Ryskulov analitics" орталығының директоры Жасұлан Көшебаевтың да ұлттық валютаның тағдырына қатысты болжамы экономистің ойларымен үндес шықты.

"Таяуда теңгенің құнсыздану қаупі бар. Бұл мұнай бағасымен тікелей байланысты. Қытай, АҚШ сияқты алпауыт мемлекеттерде індеттің жаңа толқыны пайда бола бастады. Бұл өндіріс ошақтарының жабылып, мұнайға деген сұраныстың азаюына әкеледі. Ал сұраныс азайса, "қара алтын" құны автоматты түрде құлап, теңге құнсызданады", - дейді сарапшы.

Бұл ретте ол доллардың қаншаға қымбаттайтынын да болжады.

"Менің болжамым бойынша, жақын арада доллар 420-450 теңгеге дейін барады. Бірақ одан әрі аспайды", - деді Көшебаев.

22 жылда болмаған теріс көрсеткіш

Мақсат Халықтың айтуынша, бүгінде Қазақстан экономикасына қатысты болжамдардың бәрі –  негативті. Халықаралық ұйымдар мен рейтинг агенттіктері, негізінен, теріс болжам айтып отыр.

"Шындығына келсек, біздің экономикамыз қазірдің өзінде құлдырауға қарай бет алды. Ұлттық экономика министрлігінің болжамынша, ел экономикасы минус 9% көрсеткішті көрсетеді. Қазақстанда жалпы ішкі өнім өсімінің минус көрсеткіші соңғы жиырма екі жылда болмаған дүние. 2007-2009 жылдардағы қаржылық дағдарыстың өзінде экономикамызда 1%-тік өсім байқалды. Одан кейінгі 2014-2016 жылдардағы дағдарыстан да бір пайыздық өсіммен шықтық. Мұның бәрі, әрине, экономикамыз үшін жақсы емес", - дейді экономист.

Сарапшы осындай сценарийде не болатынын айтты.

"Жұмыссыздық артады, көптеген зауыт-фабрика жабылады, шағын және орта бизнестің біраз субъектісі қызметін уақытша тоқтатады немесе банкрот болады. Салдарынан осы саланың адамдары жұмыссыз қалады. Баға өседі, азық-түлік қымбаттайды. Дағдарыстың заңдылығы сол. Ал енді осындай дағдарыс жағдайында мемлекет экономикаға араласуы қажет. Мемлекетте қазір ақша бар, соның арқасында халық аса қатты қиындық көрмей отыр. Егер ол болмағанда, азаматтарымыз өте ауыр жағдайға тап болатын еді", - деді Мақсат Халық.

Экономист қазіргі қиын-қыстау кезеңде мемлекет шағын және орта бизнеске көп қолдау көрсетуі тиіс деп санайды. Өйткені үкіметтің бүгінге дейін бизнеске берген жәрдемі аздық етеді дейді ол.

Елде жұмыссыздардың нақты саны қанша?

Сарапшы коронавирустың екінші толқынынан қазақстандықтардың кедейлену қаупі барын жасырмады. Мұның бәріне ол қате жасалған статистиканы кінәлап отыр.

"Неге? Өйткені, бізде жұмыссыздық деңгейі пандемияға дейін 4,8% болды. Шындығында, бұл қате ақпарат. Елде жұмыссыздық деңгейі әлдеқайда жоғары. Қазақстанда екі миллионнан астам адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатында. Ал олардың бәрі фрилансер болып кетуі мүмкін емес. Жарайды, фрилансерлер саны миллионға жетті дейік. Қалған бір миллионы әлі де жұмыссыз, олардың бәрін қоссақ, жұмыссыздық деңгейі 15%-ке барады. Біз мұны өткен жылдарда талай рет ескертіп айттық. Бірақ сөзімізге құлақ асқан ешкім болмады, бәрі сол күйі қалды. Пандемия басталды, барлығы карантинге өтті. Сол кезде үкіметтің 42 500 теңгені 4,5 миллион адамға бергені біздің сөзіміздің дәлелі болды", - деді Мақсат Халық.

Тағы оқыңыз: 42 500 теңге тағы төлене ме – министр жауап берді

Егер мемлекет айтқандай Қазақстанда 500 мың адам ғана жұмыссыз жүрсе, үкіметке алақан жайғандар саны соншалық көп болмайтын еді, деп жалғады сөзін экономист.

"Мұның бәрі нені білдіреді? Статистика бұған дейін дұрыс жүргізілмеген. Ұлттық экономика министрлігі, ең алдымен, елдегі жұмыссыздар санын нақты анықтап, есепке алып, тек содан кейін ғана оларды жұмысқа орналастыру мәселесімен айналысуы керек. Ал "картинканы" нақты көрмей тұрып, қандай да бір қадам жасауға болмайды", - деді сарапшы.

Бұдан бөлек, ол ең төменгі күнкөріс деңгейін де қайта есептеу керек деген пікірде.

"Шағын және орта бизнес қатты зардап шегеді"

"Ryskulov analitics" орталығының директоры Жасұлан Көшебаев коронавирустың екінші толқыны ШОБ-қа ауыр тиетінін болжады. Себебі экономиканың өзге салалары бірінші толқын кезінде қашықтан жұмыс істеуді біршама үйреніп алды.

"Екінші толқында, менің ойымша, шағын және орта бизнес қатты зардап шегеді. Әсіресе, қонақ үйлер, мейрамхана, қызмет көрсету орталықтары, бутиктер, әуе компаниялары. Қазір індеттің екінші толқынын ескерсек, біздің ЖІӨ-міз минус алты пайызға кемуі мүмкін. Бұл ел экономикасына үлкен соққы. Бірақ, әлем елдері, тіпті  Қазақстанның өзі енді төтенше жағдай режиміне қайтып оралмаймыз деп отыр. Себебі оған оралса, елдің қаржылық жағдайы мүлде нашарлайды. Экономиканы тоқтатып қойып, азаматтарға ақша төлеп отыруға біздің мүмкіндігіміз жоқ", - дейді сарапшы.

Жалақыны субсидиялау

Карантин жағдайында халықтың қарызға белшеден батып, тұрмысының нашарлауына жол бермес үшін қазақстандық экономистер мен сарапшылар жалақыны субсидиялау ұсынысын көтеріп отыр.  

"Төтенше жағдай кезінде халық күнделікті қажетіне жиған-терген ақшасын жұмсап күн көрді. Ал коронавирустың екінші толқынында адамдар қарызға кіре бастайды. Тиісінше, елімізде "қарыз дағдарысы" басталады. Кедейлер саны артып, әлеуметтік шиеленіс туындауы мүмкін. Мұны болдырмау үшін біз үкіметке мынадай ұсыныс айттық. Әлем елдері сияқты Қазақстан да қиын жағдайда халқына ақша беруі керек. Халықта ақша болса, сұраныс та бар. Бизнеске ақша құйылады. Сондықтан біз шағын және орта бизнесте істейтін жұмысшылардың жалақысын субсидиялау механизмін ұсындық", - деді ол.

Айтуынша, мейрамхана иесі жұмысшысына жалақының 50%-ін төлесе, қалған жартысын мемлекет субсидиялайды. Тиісінше, мейрамхана қожайыны ол қызметкерді жұмыстан шығарып тастамайды, себебі ол оған арзанға түседі. Бұрын 100 мың теңге төлесе, енді тек 50 мың теңге береді, ал қалғанын мемлекет өтейді.

Ол бұл халықаралық тәжірибе екенін атап өтті. Ұлыбритания, Дания секілді елдер осы жолды таңдаған.

Көшебаевтың айтуынша, бұл бастаманы іске асыру үшін қажетті қаржыны табуға болады.

"Кез келген дағдарыстан мемлекет көп қарызбен шығады. Егер біз қарыз алып, инвестиция тартып, экономиканың тамырына қан жүгіртпесек, мүлде тоқырап қалуымыз мүмкін. Ал оның салдары жиырма-отыз жылға созылуы ғажап емес", - деді сарапшы.

453
Кілт сөздер:
экономика, теңге, карантин, коронавирус
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (505)
Тақырып бойынша
Қазақстанның тағы бір қаласында қатаң карантин енгізіледі
Депутаттар ұлттық деңгейде қосымша карантин енгізуді ұсынды
Ұлттық экономика министрі келешегі бар салаларды атады
Алматылықтар карантин кезінде жазғы демалысын қалай өткізбек – видео
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев үкіметтің бастамасы туралы: жағдайды қиындатып жіберуі мүмкін

1110
Қазіргі кезде үкіметте бюджеттің кіріс бөлігін арттыру мәселелесі талқыланып жатыр. Президент бұл бюджетке түсетін қаржыны көбейтудің ең қарапайым тәсілі екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  жекелеген салықтардың мөлшерлемесін арттыруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Президенттің айтуынша, қазіргі кезде үкіметте бюджеттің кіріс бөлігін арттыру мәселелесі талқыланып жатыр. Соның ішінде жекелеген салық түрлерінің, оның ішінде корпоративтік табыс салығы мен қосымша құн салығының мөлшерлемесін арттыру мәселелері қарастырылуда. 

"Бюджетке түсетін қаржыны көбейтудің ең қарапайым тәсілі осы болғандықтан, үкіметті түсінуге болады. Бірақ экономиканы жандандыру керек деп, салықты ойланбай, біржақты арттыру онсыз да күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайды қиындатып жіберуі мүмкін. Сондықтан аталған мәселені барынша ақылға салып шешу қажет", - деді Тоқаев үкіметтің бүгінгі кеңейтілген отырысында. 

Мемлекет басшысы бюджет тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін тиімсіз шығындарды қысқарту қажеттігін жеткізді. Бүгінде экономика үшін тиімділігі аз салықтық жеңілдіктердің есебінен қосымша резервтерді қарастыру ұсынылып отыр.

1110
Тақырып бойынша
Тоқаев биліктің қалай өзгеретінін айтты
"Ұпай жинайсыз деді": Тоқаев үкіметті неге отставкаға жібермегенін ашық айтты
Президент қандай шешім жедел қабылдануы тиіс екенін ескертті
Дәрігер дене қызуы көтеріле бастағанда не істеу керектігін айтты
Локдаун режимі: демалыс күндері тағы қандай облыста карантин күшейтіледі?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент екінші Жолдауында қандай мәселені көтеретінін айтты

213
Қасым-Жомарт Тоқаев экономикасы шикізаттық сипатқа ие Қазақстан үшін дағдарыс өте қауіпті екенін жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арналған екінші Жолдауында қандай мәселені көтеретінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгін біз пандемия кезінде экономикамызды даму жолына шығаратын маңызды әрі осы кезең үшін шұғыл мәселелерді қарастырдық. Дегенмен өзімнің екінші Жолдауымда экономикалық серпінге бастайтын жаңа шараларды ұсынатын боламын", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президент экономикасы шикізаттық сипатқа ие Қазақстан үшін дағдарыс өте қауіпті екенін жеткізді. Ол елге дамудың жаңа бағдары қажет деп санайды.

"Күмәнді сттратегиялар мен бағдарламаларға ақша мен күш жұмсауға қақымыз жоқ. Ұлттық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттігін арттыру мақсатында құрылымды реформалар жүргізетін кез келді", - деді мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз: Қазақстан пандемиямен күресуге 150 миллиард теңге бөледі 

Айта кетсек, 10 шілдеде президенттің төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен жыл соңына дейін орындалатын міндеттер қаралды.

213
Кілт сөздер:
жолдау, экономика, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Мемлекет басшысы жаңа оқу жылына дайындық мәселесін қозғады
Тоқаев мораторий жарияланған Жер кодексі туралы: Бұл мәселеге енді оралмаймыз
"Салғырттыққа жол бермеу керек": Тоқаев кімдер жауапқа тартылатынын айтты
Президенттің тапсырмасы: мектептерде жаңа пән енгізіледі
Тоқаев министрлер мен әкімдерге: демалысты ұмытыңдар

Дәріні ұшақпен қалай тасымалдау керек - видео

0
Бүгінде дәрі-дәрмек тапшылығына байланысты кейбір медициналық препараттарды табу қиын. Алыпсатарлар да көбейді

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik,Арман Асқар. Туған-туысқанына көмектесеміз деген қарапайым адамдар бір қаладан тауып алған дәріні басқа қалаға беріп жіберуге тырысады. Әуежайға барып, жолаушыларға жалынады. Sputnik Қазақстан тілшісі Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда болып, дәрі-дәрмекті тасымалдау тәртібін біліп қайтты. Жолаушылардың өзге біреудің дәрісін жеткізіп беруге қатысты ойын да сұрады. 

Ұшаққа қалай кіргізеді

Әуежайдың тексеру қызметінің бастығы Серікбол Сәдуақасовтың айтуынша, әрбір жолаушы тек өзіне қажетті дәріні ғана ұстап жүре алады. Өзге біреудің медициналық препараттарын тасымалдауға болмайды. Жолжүкте артық дәрілер анықталса, әуежай қызметкерлері хаттама толтырып, препараттарды қоймаға апарып қояды. Оны хаттаманың көшірмесімен 30 күннің ішінде алып кетуге мүмкіндік бар.  

"Негізі, медициналық препараттарды аз мөлшерде ғана алып жүруге болады. Ол адамның қолжүгінде болуы керек және нақтылануы керек. Яғни, дәрігердің нұсқауы болуы шарт. Рецептпен бірге ұстайды. Сосын "обезболивающий" дейміз ғой. Сондай препараттар аз мөлшерде, бір-екі таблетканы өткізуге болады", - дейді Сәдуақасов. 

Жеткізіп беруге дайынбыз

Жолаушылардың көбісі ережені білмейді. Бірақ өзге біреудің дәрісін жеткізіп беруге қарсы емес.

"Адамдар ауырып жатыр. Оларға көмектесу керек. Ал бір жағынан қарағанда, қазір әр түрлі махинациялар жасап жатыр ғой. Дәрілерді қымбатқа сатуда. Бәлкім, контрабанда жасайтын шығар. Оны білмейміз ғой. Негізі, көмектескен дұрыс. Бірақ оны адамдар емес, мемлекет істеу керек қой", - дейді олар.

Сұхбат берген жолаушылардың басым бөлігі дәріні жеткізіп беруге келісті. Дегенмен, шұғыл пошта қызметін қолдануға кеңес бергендер де болды.

Дәрі-дәрмек тапшылығы қашан шешіледі

Халыққа үндеу жасаған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақын күндері дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесі шешілетінін мәлімдеді. Президенттің айтуынша, бүгінде медициналық препараттарды сертификаттау, жеткізу және сатып алу  жеңілдетілді. Осының арқасында қажетті дәрі-дәрмекті ауруханалар мен дәріханаларға дер кезінде жеткізуге мүмкіндік бар.

Қазірдің өзінде стационарлар үшін шамамен 30 мың науқасты емдеуге арналған дәрі-дәрмек сатып алынды. Бұл қазіргі қажеттіліктен 70 процентке көп. Бөлшек сауда желісіне де медициналық препараттар түсіп жатыр. Парацетамолдың 800 мың қаптамасы жеткізілді. Осы аптаның аяғына дейін тағы 900 мың қаптаманы әкеледі. Ал антибиотиктердің 150 мың қаптамасы дәріханалар желісіне тапсырылды. 

Мемлекет басшысы халықты дүрбелеңге салынып, дәріні артығымен алмауға үндеді. Себебі одан тапшылық басталады.

0
Кілт сөздер:
коронавирус, видео, дәрі, ұшақ
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Халық сенбей отыр": Айнұр Тұрсынбаева Тоқаевқа үндеу жолдады
Дәрігер дене қызуы көтеріле бастағанда не істеу керектігін айтты
Айнұр Тұрсынбаева желіде жазба жариялады - басы дауға қалған компания жауабы
Пневмониясы барларға қалай дұрыс жату керек – пульмонолог кеңесі
Қазақстандағы "белгісіз пневмония": министр Тоқаевтың сауалына жауап берді