Азық-түлік

Мемлекет басшысы азық-түлік бағасына қатысты тапсырма берді 

246
Президент пандемия кезінде азық-түліктің қолжетімділігін және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету керектігін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бюджеттік шығындарды қайта қарап шығуды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің бүгінгі отырысында президент әкімдер мен министрлерге бюджеттерді қайта қарап, конференциялар, дөңгелек үстелдер, салтанатты шаралардан, сондай-ақ,  консалтингтік және PR қызметтерден бас тартуға тапсырма берді.

"Ол қаржының бәрі эпидемияға қарсы нақты күрес шараларына жұмсалуы шарт", - деді Тоқаев.  

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы пандемия кезінде азық-түліктің қолжетімділігін және баға тұрақтылығын қамтамасыз етуді тапсырды. Халықты жұмыспен қамту мен цифрлық технологияларды дамыту жұмысы да назардан тыс қалмауы қажет.

"Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар кезең-кезеңімен және толыққанды орындалуы шарт. Осы сұрақтар әрбір әкімнің жіті бақылауында болуы қажет", - деп атап көрсетті Тоқаев.

Отырыста мемлекет басшысы мемлекеттік комиссияға екі күн ішінде наурыз-мамыр айларындағыдай қатаң карантин енгізуге қатысты ұсыныстар әзірлеп енгізуді тапсырды. Сонымен қатар, ол зертханалық зерттеулердің тиімділігін көтеруді, ПТР зертханалардың саны мен уақытын арттырып, реагенттер мен шығыс материалдарын үздіксіз жеткізу мәселесін шешуді тапсырды. 

246
Кілт сөздер:
азық-түлік, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1158)
Тақырып бойынша
"Ең жаманы – осы": Тоқаев коронавирусқа байланысты елдегі жағдай туралы айтты
Қатаң карантин қайта оралуы мүмкін: Тоқаев үкіметке екі күн уақыт берді 
"Бұл фестиваль мен форум өткізу емес": президент қазіргі жағдайды соғысқа теңеді 
Президент үкіметті ұзаққа созылатын пандемияға дайындалуға шақырды 
Тоқаев денсаулық сақтау министрлігінің жұмысын сынға алды
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев үкіметтің бастамасы туралы: жағдайды қиындатып жіберуі мүмкін

1703
Қазіргі кезде үкіметте бюджеттің кіріс бөлігін арттыру мәселелесі талқыланып жатыр. Президент бұл бюджетке түсетін қаржыны көбейтудің ең қарапайым тәсілі екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  жекелеген салықтардың мөлшерлемесін арттыруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Президенттің айтуынша, қазіргі кезде үкіметте бюджеттің кіріс бөлігін арттыру мәселелесі талқыланып жатыр. Соның ішінде жекелеген салық түрлерінің, оның ішінде корпоративтік табыс салығы мен қосымша құн салығының мөлшерлемесін арттыру мәселелері қарастырылуда. 

"Бюджетке түсетін қаржыны көбейтудің ең қарапайым тәсілі осы болғандықтан, үкіметті түсінуге болады. Бірақ экономиканы жандандыру керек деп, салықты ойланбай, біржақты арттыру онсыз да күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайды қиындатып жіберуі мүмкін. Сондықтан аталған мәселені барынша ақылға салып шешу қажет", - деді Тоқаев үкіметтің бүгінгі кеңейтілген отырысында. 

Мемлекет басшысы бюджет тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін тиімсіз шығындарды қысқарту қажеттігін жеткізді. Бүгінде экономика үшін тиімділігі аз салықтық жеңілдіктердің есебінен қосымша резервтерді қарастыру ұсынылып отыр.

1703
Тақырып бойынша
Тоқаев биліктің қалай өзгеретінін айтты
"Ұпай жинайсыз деді": Тоқаев үкіметті неге отставкаға жібермегенін ашық айтты
Президент қандай шешім жедел қабылдануы тиіс екенін ескертті
Дәрігер дене қызуы көтеріле бастағанда не істеу керектігін айтты
Локдаун режимі: демалыс күндері тағы қандай облыста карантин күшейтіледі?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент екінші Жолдауында қандай мәселені көтеретінін айтты

503
Қасым-Жомарт Тоқаев экономикасы шикізаттық сипатқа ие Қазақстан үшін дағдарыс өте қауіпті екенін жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арналған екінші Жолдауында қандай мәселені көтеретінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгін біз пандемия кезінде экономикамызды даму жолына шығаратын маңызды әрі осы кезең үшін шұғыл мәселелерді қарастырдық. Дегенмен өзімнің екінші Жолдауымда экономикалық серпінге бастайтын жаңа шараларды ұсынатын боламын", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президент экономикасы шикізаттық сипатқа ие Қазақстан үшін дағдарыс өте қауіпті екенін жеткізді. Ол елге дамудың жаңа бағдары қажет деп санайды.

"Күмәнді сттратегиялар мен бағдарламаларға ақша мен күш жұмсауға қақымыз жоқ. Ұлттық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттігін арттыру мақсатында құрылымды реформалар жүргізетін кез келді", - деді мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз: Қазақстан пандемиямен күресуге 150 миллиард теңге бөледі 

Айта кетсек, 10 шілдеде президенттің төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен жыл соңына дейін орындалатын міндеттер қаралды.

503
Кілт сөздер:
жолдау, экономика, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Мемлекет басшысы жаңа оқу жылына дайындық мәселесін қозғады
Тоқаев мораторий жарияланған Жер кодексі туралы: Бұл мәселеге енді оралмаймыз
"Салғырттыққа жол бермеу керек": Тоқаев кімдер жауапқа тартылатынын айтты
Президенттің тапсырмасы: мектептерде жаңа пән енгізіледі
Тоқаев министрлер мен әкімдерге: демалысты ұмытыңдар
Компьютерлік клуб, архивтегі сурет

Қарағандыда қызмет көрсеткен клубта 70-ке жуық адам болған

0
(Жаңартылды 22:30 11.07.2020)
Клуб иелеріне шамамен 640 мың теңге шамасында айыппұл салынып, ал келушілер ешқандай жауапкершілікке тартылмайды

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Арнайы мониторингтік топ мүшелері Қарағандыда карантин кезінде жұмыс істеген компьютерлік клуб пен караокені анықтады.

"Мекеме есігі тапсырыс берушілер үшін ашық болған. Карантин кезінде бұл компьютерлік клуб пен караокенің жұмыс істеуіне тыйым салынған. Соған қарамай ол жерде 70-ке жуық адам жүрді. Араларында кәмелетке толмаған балалар да бар", - делінген Қарағанды ​​облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ендігі жерде клуб иелеріне шамамен 640 мың теңге шамасында айыппұл салынады. Ал келушілер ешқандай жауапкершілікке тартылмайды.

Айта кетейік, мемлекеттік комиссия шешімімен Қазақстанда екі апталық карантин енгізілді.

Жабық жағдайдаға сауда және ойын-сауық орталықтары мен сұлулық салондарының қызметіне тыйым салынды.

Оқи отырыңыз: Карантин кезінде отшашу жасау заңды ма – ішкі істер министрлігі жауап берді

Ал азық-түлік дүкендері мен базарлардың жұмыс уақыты шектелді. Сонымен қатар, қоғамдық көліктердің де жүру кестесі қысқартылды.

0
Кілт сөздер:
карантин, Қарағанды
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Сағынтаев жаңа карантин кезінде Алматыда қанша адамның жұмыссыз қалғанын айтты
Өзбекстанда үш апталық қатаң карантин енгізіледі
Алматыда қандай аудан тұрғындары карантин режимін жиі бұзады
Локдаун режимі: демалыс күндері тағы қандай облыста карантин күшейтіледі?
5 шілдеден карантин басталады: ішкі істер министрі ескерту жасады