Экономика

Қазақстан пандемиямен күресуге 150 миллиард теңге бөледі

© Sputnik / Владислав ВодневМедицинское страхование
Медицинское страхование - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Билік коронавирустың жұғу қарқынын ауыздықтап, таралуын тоқтатуды және науқастарды емдеу ісінде айтарлықтай нәтижеге жетуді көздеп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Коронавируспен күрес барысында шұғыл мәселелерді шешу үшін үкіметтен және өңірлерден 150 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мемлекет басшысы экс-министр Елжан Біртановтың қателігін айтты 

"Пандемиямен күрес барысында шұғыл мәселелерді шешу үшін үкіметтен және өңірлерден 150 миллиард теңге бөлінеді. Басты міндет – коронавирустың жұғу қарқынын ауыздықтап, таралуын тоқтату және науқастарды емдеу ісінде айтарлықтай нәтижеге жету", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы экс-министр Елжан Біртановтың қателігін айтты 

Президент елде алғашқы оң үрдістер байқалып отырғанын атап өтті. 

"Қазіргі эпидемиологиялық ахуал қоғамды аса қатты алаңдатып отыр. Ахуал өте күрделі. Бірақ алғашқы оң үрдістер де байқалуда. Өткен аптада мен үкімет пен әкімдерге бірқатар тапсырма бердім. Мемлекеттік комиссия өз жұмысын жандандыра түсті", - деді ол.

 

Жаңалықтар
0