Экономика

Мамин Минск қаласына не үшін барғаны белгілі болды - видео

© Sputnik / Владислав ВодневПремьер-министр Аскар Мамин
Премьер-министр Аскар Мамин  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін Минск қаласында Еуразиялық экономикалық одақ үкіметаралық кеңесінің отырысы өтіп жатқаны хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде — Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Еуразиялық экономикалық одақ үкіметаралық кеңесінің отырысына қатысу үшін Минск қаласына барды.

Видеоны Belta ақпарат агенттігі жариялады.

17 шілдеде Минскіде Еуразиялық үкіметаралық кеңес өтеді. Саммит COVID-19 пандемиясы басталғалы бірінші болады.

Отырысқа Ресей, Қазақстан, Армения, Беларусь пен Қырғызстанның премьер-министрлері, сондай-ақ ЕАЭО-да бақылаушы мәртебесіндегі Молдова премьер-министрі қатысады.

Үкімет басшылары сауда, ішкі нарық, бәсекелестік және өнеркәсіп мәселелерін талқылайды.

Сондай-ақ күн тәртібінде ЕАЭО елдерінде коронавирустың таралуын болдырмау үшін денсаулық сақтау саласындағы шаралар жоспары бар.

Премьер-министрлер жерді қашықтан зондтау негізінде ғарыштық және геоақпараттық қызметтерді ұсыну саласындағы елдер арасындағы ынтымақтастықтың мемлекетаралық бағдарламасының жобасын қарастырады.

Саммитте ЕАЭО агроөнеркәсіп кешенін дамыту және одақты индустрияландыру мәселелері талқыланады.

 

Жаңалықтар
0