Коммуналдық қызмет

Коммуналдық қызметке жұмсалған миллиондаған ақша қайтарылады 

1775
(Жаңартылды 14:57 20.07.2020)
Заң бойынша табиғи монополия субъектісі сырттағы ауаның нақты температурасын ескере отырып, қайта есептеу шараларын жүргізуге мiндеттi

НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аумақтық бөлімшелері жылу энергиясын есепке алу құрылғылары жоқ тұтынушылардың ақысын қайта есептеп шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Осы жұмыс табиғи монополиялар саласындағы заңнаманың нормаларына сәйкес жүргізілген болатын. Оның қорытындысы бойынша қайта есептеу нәтижесінде жылу маусымында (2020-2021 жылдары) немесе күнтізбелік жыл үшін (2020 жылдың соңына дейін) қаражатты қайтару халықтың жеке шотында көрсетіледі және аванс (сальдо) түріндегі жеке жолда жазылады", - дейді мамандар.

Заң бойынша табиғи монополия субъектісі сырттағы ауаның нақты температурасын ескере отырып, қайта есептеу шараларын жүргізуге мiндеттi. Ал 2019-2020 жылдардағы жылыту кезеңінде жылумен жабдықтау бойынша қызмет көрсететін 133 табиғи монополия субъектісі жылу энергиясының төлеміне жалпы сомасы қосымша құн салығымен 736 771 070 теңгеге қайта есептеу жүргізді.

- Нұр-Сұлтан қаласы бойынша - 3 818 460 теңге, бұл ретте Нұр-Сұлтан қ. бойынша аумақтық департамент "Қаныш Сатпаев атындағы арна" РМК "Қазсушар" филиалы және "Сапро-НАТ" ЖШС атты субъектілер бойынша қайта есептеу жүргізді, олар Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында қызмет көрсетеді:

  •  Алматы қаласы бойынша – 13 327 030 теңге;
  •  Шымкент қаласы бойынша – 25 805 640 теңге;
  •  Алматы облысы бойынша – 8 659 900 теңге;
  •  Ақмола облысы бойынша – 39 708 450 теңге;
  •  Атырау облысы бойынша – 8 325 040 теңге;
  •  Ақтөбе облысы бойынша – 50 624 690 теңге;
  •  Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 189 998 270 теңге;
  •  Жамбыл облысы бойынша – 43 108 930 теңге;
  •  Батыс Қазақстан облысы бойынша – 14 942 620 теңге;
  •  Қарағанды облысы бойынша – 167 298 790 теңге;
  •  Қостанай облысы бойынша – 50 718 610 теңге;
  •  Қызылорда облысы бойынша – 53 392 570 теңге;
  •  Маңғыстау облысы бойынша – 3 291 000 теңге;
  •  Павлодар облысы бойынша – 28 629 400 теңге;
  •  Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 22 562 880 теңге;
  •  Түркістан облысы бойынша – 12 558 790 теңге.

"Ал Нұр-Сұлтан мен Ақтауда "Астанаэнергосбыт" ЖШС және "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС тұтынушылармен нақты көрсетілген қызметтер бойынша есептесіп отырады. Сондықтан сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеудің негізі жоқ", - делінген ресми хабарламада. 

Комитет барлық тұтынушының жылу энергиясын есептеу құрылғыларын қолдануға ауысу қажеттігін ерекше атап өтті. Сол кезде олар нақты тұтынған жылу энергиясы үшін ғана төлейді және қайта есептеудің қажеті болмайды.

1775
Кілт сөздер:
миллион теңге, коммуналдық қызмет
Тақырып бойынша
Павлодарда коммуналдық қызмет жұмысшысы жантүршігерлік жағдайда көз жұмды
Қазақстандықтар коммуналдық қызметтерге 13 млрд теңге қарыз болып қалды
Алматыда 60 мыңға жуық адам екі ай бойы коммуналдық төлем алады  
Коммуналдық қызмет үшін төленетін 30 мың теңгені қалай алу керек
Коммуналдық қызмет үшін 15 мың: өтініш беруге арналған сайт ашылды
Человек открывает дверь

Қазақстанда тұрғын үй арзандады Ибрагимова

3172
(Жаңартылды 21:51 03.08.2020)
"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басшысының пікірінше, Қазақстанда жылжымайтын мүлік бағасының өсуіне ықпал ететін фактор жоқ 

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Элиталық тұрғын үй нарығында баға төмендеді. Бұл туралы "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова премьер-министрдің баспасөз қызметіне берген сұхбатында мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда үйленгеніне 3 жыл толмаған жас отбасылар үшін жаңа бағдарлама іске қосылды

"Элиталық тұрғын үй нарығында баға төмендегені байқалады, өйткені өте қымбат пәтерлерге деген сұраныс төмен. Менің ойымша, қайталама тұрғын үй (екінші дәрежелі тұрғын үйлер – Sputnik) нарығында баға төмендеуі мүмкін, өйткені онда бәрі сату жылдамдығына байланысты, яғни, егер сіз қымбат бағаға сатқыңыз келсе, онда сіз ұзақ уақыт жүріп қаласыз", — деп түсіндірді Ибрагимова.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанда жылжымайтын мүлік бағасының өсуіне ықпал ететін ешқандай фактор жоқ.

"Сонымен қатар ұзақ мерзімді перспективада сұраныс жоғары болады, өйткені жастар саны артып жатыр", - деп толықтырды спикер.

Ол карантиннен кейін барлық ипотекаға деген қызығушылықтың артқанын атап өтті.

"Маусым айында біз 5 мыңнан астам қарыз бердік. Бұл наурыз, сәуір және мамырдан бастап кейінге қалдырылған сұраныс. Шілде айында да сұраныс аса жоғары болды. Біз сондай-ақ "Бақытты отбасы", "Әскери баспана" бағдарламаларын іске асырып жатырмыз, "5-10-20" өтінімдерін қарауды толықтай тамыз айынан бастаймыз", - деп түйіндеді банк басшысы.

3172
Кілт сөздер:
тұрғын үй, баспана
Тақырып бойынша
Ақтөбеде "Нұрлы жермен" салынған жаңа үйге қатысты дау шықты
Баспана алу тәртібі қалай өзгерді: "сатылы жүйенің" ерекшелігі қандай?
"833 мың жетпейді": сенат төрағасы қандастарды мазалайтын үш мәселені атады
Қазақстандықтарға 6%-тік ипотека беріледі: ол үшін не істеу керек
Архивтегі фото

42 500 теңге: 2,1 миллионнан астам қазақстандық ақша алды

57
(Жаңартылды 20:36 03.08.2020)
Әлеуметтік төлемнің басым бөлігі проактивті форматта тағайындалды, сондай-ақ өтініштер Egov.kz порталы, telegram-боттар, 42500.enbek.kz порталы арқылы берілген

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,4 миллион өтініш қабылдады.

"Төлем 2 миллион 140 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2,1 миллион қазақстандыққа аударылды", - деп хабарлады еңбек министрлігі.  

Төлем алуға өтінімдер бірнеше арна арқылы қабылданады. 2,4 миллион өтінімнің ішінде 833,8 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді.

"Тағы 604,4 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар, 342,8 мың адам 42500.enbek.kz порталы, 625,2 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген", - деп нақтылады ведомство.

Оқи отырыңыз: Министрлік тамыз айында кімдер 63 мың теңге алатынын айтты 

Азаматтардың санаттары бөлінісінде 833,8 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді.

Жұмыс берушілер жалдамалы қызметкерлері үшін 202,8 мың өтініш берді.

Қалған 1 миллион 369,6 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті – жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар.

 Өтініш 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қабылданады.

57
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Үкімет тамыз айына 42 500 теңге қалай төленетінін түсіндірді
Депутат 42 500 теңге төлеуге қатысты тың ұсыныс жасады
"Қалай құдайдан қорықпайды?": Әбілдина кімге сенуге болмайтынын айтты
Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
Бала, ойыншық

Алматыда полицейлер екі баланы түні бойы іздеді

0
Балалар дүйсенбі күні таңертең табылды. Олар түнді шағын дәмхананың қасында өткізгені белгілі болды. Екеуі де үйден кету себебін айтқысы келмеді

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Алматыда 11 және 8 жастағы екі ағайынды үйден кетіп, қайта оралмаған. Балаларды 30 полицей мен 15 кинолог іздеді. Алты сағаттан кейін балалар аман-сау табылды.

Екі ағайындының жоғалып кеткені туралы хабарлама полицияға түнгі сағат 01:45-те түсті, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында үш бала тауда адасып кетті, біреуі жардан құлаған 

Ата-анасы балалар үйден кетіп, қайтып оралмағанын айтқан, бірақ бұған дейін ондай әрекет жасамаған.  

Дереу криминалдық полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, ювеналды полиция өкілдері мен тергеу-жедел тобының қызметкерлерінен арнайы іздеу тобы құрылды. Сондай-ақ, балаларды іздеуге 15 кинолог тартылды.

"Ең алдымен, үйдің жанындағы аумақты, жақын жерде орналасқан жыра-сайды тексердік, көршілерден сұрастырдық. Қалай болғанда да, біз жақсы нәтижеге қол жеткізуді көздедік", - дейді Алатау ауданы полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.  

Ол балалар сағат 07:35-те табылғанын атап өтті. Ағайындылар түнді шағын дәмхананың қасында өткізгені белгілі болды. Балалар бір-бірін мықтап ұстап алыпты. Олар үйден неліктен кеткенін айтқысы келмеген.

Полиция қызметкерлері олардың тұрмысын, отбасылық тәрбиені міндетті түрде тексеріп, ата-анасымен жұмыс істейтіндерін жеткізді. Олар балалар себепсіз үйден кетіп қалмайды деп есептейді.  

0
Кілт сөздер:
балалар, Алматы
Тақырып бойынша
Атырауда үйдің ауласынан 6 жасар қыздың денесі табылды
Түлкібас ауданында 6 ай бұрын жоғалған оқушының не істеп жүргені анықталды
Алматыда әкім іздеу салған оқушы табылды
Атырауда бір жарым жасар сәби жоғалып кетті
Ақмола облысында жоғалған жасөспірімнің 9 жыл бойы қайда жүргені белгілі болды