Экономика

Министрлік сатылған мүлікке қатысты қандай тәртіп өзгергенін хабарлады

© Sputnik / Рамиль СитдиковПапки с документами, архивное фото
Папки с документами, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Борышкердің мүлкіне әртүрлі атқарушылық іс жүргізу шеңберінде екі және одан да көп сот орындаушы бұғаттауы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде – Sputnik. Қазақстанда сатылған мүліктен бұғаттауды алып тастау тәртібі өзгерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әділет министрлігіне сілтеме жасап.

"Борышкердің мүлкіне әртүрлі атқарушылық іс жүргізу шеңберінде екі және одан да көп сот орындаушы бұғаттауы мүмкін. Бұрын ол мүлікті сатып алған адам әрбір сот орындаушысының тыйым салуын алып тастауға тура келген. Кейде сот орындаушылары бас тартатын. Сол кезде сатып алушы сотқа жүгінуге мәжбүр болған", - дейді заңгерлер. 

Ал атқарушылық іс жүргізуді және қылмыстық заңнаманы жетілдіруге арналған заңға түзетулер енгізілгеннен кейін сот орындаушысының тыйым салуын алып тастау тәртібі өзгерді. 

"Енгізілген жаңа түзетулерге сәйкес, мүлікті сауда-саттықта өткізген сот орындаушысы басқа сот орындаушыларының тыйым салуларын да жоюға міндетті", - делінген ресми хабарламада. 

Әділет министрлігінің мәліметі бойынша бүғатталған мүлікті сату бойынша https://etp.adilet.gov.kz/ бірыңғай электрондық сауда алаңы арқылы біраз мүлік сатылды. 

2020 жылдың жарты жылында 25 495 676 920 теңге сомасына 1530 лот сатылды. Ал 2019 жылдың осындай кезеңінде жалпы сомасы 18 423 227 050 теңгені құрайтын 1415 лот сатылған болатын.

 

Жаңалықтар
0