Пара, ақша

Астаналық мектеп директоры ақша ұрлаудың қитұрқы жолын тапты

799
(Жаңартылды 19:02 27.07.2020)
Екі қылмыстық іс бойынша білім басқармасына тиісті шара қолдануға қатысты ұсыныс енгізді. Басқарма басшысының қаржы жөніндегі орынбасары қызметінен босатылды

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Елорданың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті №13 мектептің бұрынғы директорына қатысты қылмыстық істің мән-жайын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Тергеу материалдарына сәйкес, мектептің бұрынғы директоры Рақымбеков алдымен қоластындағы қызметкерге бір адамды тауып беруге өтініш жасаған. Оны құжат жүзінде жұмысқа тұрғызамыз, ал жалақы ретінде түскен ақшасын мектепке жұмсаймыз деген. Осылайша, мұрағатшы қызметіне адам табылды. Бірақ ол өз жұмысын атқарған жоқ. Ал жалақысы директорға түсіп тұрған. Бес жылдың ішінде біраз ақша жиналды. 

"Директор 2 673 000 теңгені мектеп үшін жұмсады. Қалған 400 000 теңгені өзіне алды", - деді департамент басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева бүгінгі онлайн брифинге.

Мектептің бұрынғы директоры мұнымен тоқтаған жоқ. Биыл ақпан айында білім ордасының айналасын қар басып қалды. Рақымбеков жеке кәсіпкер "Сапа Транс" жетекшісі Сәпинді шақырып, келісім жасауға уағдаласқан. Бірақ негізгі бір шарты болды. Ол – атқарылған жұмыстың бағасын артығымен көрсету. Ал артық ақшасы директорға берілуі керек. 15 наурызда Сәпиннің жұмысшылары қарды толығымен шығарды. Директор болса, атқарылған жұмыс актісіне қол қойды.

"Келісімнің жалпы сомасы – 600 000 теңге. Жұмысты атқарып шыққаннан кейін жеке кәсіпкер Рақымбеков жұбайының есепшотына 440 000 теңге аударды", - деп атап көрсетті Жылқышиева.

Рақымбеков ақпараттық баннерлер мен стендтерді жасатқанда да дәл осы әдісті қолданған. Алдымен жеке кәсіпкер "Азия-Арт" басшысы Әбішевпен  905 000 теңгеге келісімшарт рәсімдеген. Ал барлық жұмыс жасалғаннан кейін мектеп директорына 183 000 теңге аударылды.

"Соттың шешімі бойынша Рақымбеков кінәлі деп танылып, ұрланған мүліктің он есе артық мөлшерін, яғни, 10 234 000 теңге көлеміндегі айыппұл төлеуге міндеттелді. Оған өмір бойына мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға тыйым салынды", - дейді Жылқышиева. 

Бұдан бөлек, қалалық департамент "№12 бастауыш мектеп-балабақша" КММ директорының бірнеше рет ақша жымқырғанын анықтады. Осы екі қылмыстық іс бойынша білім басқармасына тиісті шара қолдануға қатысты ұсыныс енгізді. Соның нәтижесінде басқарма басшысының қаржы жөніндегі орынбасары қызметінен босатылды.

799
Кілт сөздер:
жемқорлық, ақша, мектеп директоры
Токаев, Есимов и Бозумбаев

Тоқаев Есімовті Ақордада қабылдады

20
(Жаңартылды 18:36 07.08.2020)
Есімов мемлекет басшысына "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының" пандемиямен күрес кезіндегі қызметі жайында айтып берді

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады.

Кездесу барысында мемлекет басшысына "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының" пандемиямен күрес кезіндегі қызметі жайында баяндалды, деп хабарлайды Ақорда.

Есімов қордың биыл наурыз айында дәрігерлерге, полиция және әлеуметтік сала қызметкерлері үшін 6 миллион бетперде алуға қаржы бөлгенін айтты.

"Самұрық-Қазына" қорының басқарма төрағасы президентке компанияның денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе атқарған жұмысы туралы мәлімет берді. Бірлескен іс-әрекеттің нәтижесінде қор қаржысына 100 жедел-жәрдем көлігі, 1000 оттегі концентраторы, 50 өкпені жасанды желдету аппараты, 1000 ипульстік оксиметр және 3000 вирусқа қарсы "Авифавир" дәрісі сатып алынған.

Ахметжан Есімов қор Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында салынатын жұқпалы аурулардың алдын алу және бақылау бойынша емханалардың құрылысына қаржы бөлетінін жеткізді.

Қор төрағасы президентке Ресеймен бірлесіп қолға алынған коронавирусқа қарсы вакцина өндіру жоспары жайында айтты.

Тағы оқыңыз: Тоқаев биліктің қалай өзгеретінін айтты

Кездесуде "Самұрық-Қазына" қорына қарасты компаниялардың қазіргі жағдайы да талқыланды. Ахметжан Есімов биыл үкіметке 120 миллиард теңге көлемінде дивиденд төленетінін, мұның 2017 жылмен салыстырғанда он есе көп екенін айтты.

Бұған дейін "Самұрық-Қазына" ұлттық қорға 50 миллиард теңге қаржыны мерзімінен бұрын аударған болатын.

20
Кілт сөздер:
Ахметжан Есімов, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Қазақстандықтарды дүрліктірген оқиға: Тоқаев тапсырма берді
Тоқаев: үкімет карантин режимін сақтау шараларын күшейтуге міндетті
Тоқаев білім министріне ұстаздарға қатысты екі маңызды тапсырма берді
Тоқаев елшіні қызметінен босатты
Сыртқы істер министрі Тоқаев қандай тапсырма бергенін айтты
Қызметкер, жұмыс

Агенттік жұмыстан кеткен басшылар туралы ақпарат жариялады

790
(Жаңартылды 18:24 07.08.2020)
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоластындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін басшыларды отставкаға жіберу және тәртіптік жазаға тарту нормасының орындалуы бойынша есеп берді

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоластындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін басшыларды отставкаға жіберу және тәртіптік жазаға тарту нормасының орындалуы бойынша есеп берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің лауазымды тұлғасын тәртіптік жауапкершілікке тарту жоспарланған болатын. Атап айтқанда, индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қанат Баитовқа тікелей бағынатын қызметкер сыбайлас жемқорлық әрекетін жасаған. Заң бойынша комитет басшысы жауап беруі тиіс. 

"25 шілде күні комитеттің Ақмола облыстық департамент басшысы Молдағұловқа қатысты сот үкімі заңды күшіне енді. Мамыр айында ол бір топ адаммен алдын ала сөз байласу арқылы кәсіпкерден 700 мың теңге сомасында заңсыз сыйақы алып, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында аттестат алуға қатысты оң шешім қабылдауға уәде берді", - дейді агенттік мамандары. 

Департамент басшысы осы қылмыс үшін параның он есеге артық мөлшерін, яғни, 7 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан да өмір бойына айырылды. Алайда комитет төрағасы Баитов Молдағұловқа қатысты сот үкімінің заңды күшіне енуіне дейін өз еркімен қызметінен босатылды.

"Бұдан бөлек, Қостанай облысы әкімінің өкімімен білім басқармасының басшысы Цымбалюк өз еркімен жұмыстан кетті. 29 шілде күні оған бағынышты "Ақпараттандыру және білім сапасын бағалау орталығы" КММ-нің басшысы Павличенко қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша кезекті төлемді жедел аударғаны үшін пара алған. Сот үкімі заңды күшіне енбеген", - деді құқық қорғаушылар.

 

790
Кілт сөздер:
басшы, жұмыс
Тақырып бойынша
Қазақстанда бірнеше әкім отставкаға кетуге өтініш берді
"Ұпай жинайсыз деді": Тоқаев үкіметті неге отставкаға жібермегенін ашық айтты
Ұлттық ұланның лауазымды қызметкері ұсталды – видео
Әкімдікке қарасты кәсіпорынның былық-шылығы ашылды - видео
Қостанай әкімі отставкаға кетуі мүмкін 
Арыс қаласындағы тұрғын үйді қалпына келтіру

Арыс қаласына бөлінген қаржыны ұрлаған БҚО шенеуніктері ұсталды

0
(Жаңартылды 18:39 07.08.2020)
Әкімдік қызметкерлері 46 тұрғын үйдің ағымдағы жөндеуіне бөлінген 50 миллион теңгеден астам сомадағы бюджет қаражатын жымқырған

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Арыс қаласын қалпына келтіруге бөлінген қыруар қаражатты ұрлаған шенеуніктерді ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Агенттіктің аға тергеушісі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, Батыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аса ірі мөлшерде қаржы жымқыру фактісі бойынша "БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Олар Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдайдың салдарын қалпына келтіру бойынша 46 тұрғын үйдің ағымдағы жөндеуіне бөлінген 50 миллион теңгеден астам сомадағы аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын 2019 жылы тамыз бен желтоқсан айлары аралығында мердігер ұйыммен сөз байласып, жымқырған", - деді Биғайдаров онлайн брифингте.

2019 жылдың 24 маусымында Түркістан облысы Арыс қаласында әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жойқын жарылыс болды. Төтенше жағдай салдарынан төрт адам қаза тапты. Оның екеуі әскери қызметкер болса, екеуі жергілікті тұрғын. Оның бірі жасөспірім.

Оқи отырыңыз: Арыс оқиғасы: министр "табиғи нәрсе" деген сөзді дұрыс аудармағандарға шүйлікті

Төрт айдан кейін Арыс маңындағы полигонда оқ-дәрілердің жиналған бөлшектерін жою жұмыстары кезінде әскери бөлімнің инженерлік қызметінің басшысы көз жұмды. Жарылыс салдарынан Арыс қаласындағы жүздеген тұрғын үй мен нысандарға едәуір зақым келіп, қоймаға жақын орналасқан ғимараттар қирап қалды.

0
Кілт сөздер:
сыбайлас жемқорлық, жемқорлық, пара
Тақырып бойынша
Жедел жәрдем бригадасы Арыс тұрғынын тірілтіп алды
Арыс оқиғасы: 55 мыңнан астам тұрғынға  бір реттік өтемақы беріледі
"70 бала сыйып кетті": Арыс қаһармандары жарылыс кезінде не істегендерін айтты
Шөкеев Арыс тұрғындары туралы: жағдайды пайдаланып қалғысы келгендер табылды
Арыс қаласына 14 мыңнан астам тұрғын оралды - видео