Ақша, теңге

Қазақстанда қанша адамға 21 250 теңге берілетіні белгілі болды

11245
(Жаңартылды 13:37 04.08.2020)
Карантин тағы екі аптаға созылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бір реттік төлем алатын 799,6 мың адамға 21 250 теңге қосымша төлем тағайындалды

АЛМАТЫ, 4 тамыз – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шілдеде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде бір реттік төлем тағайындауға 2,4 миллион өтініш қабылдады. Төлем шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табысынан айырылған азаматтарға арналған.

"4 тамыз сағат 9.00-дегі жағдай бойынша, төлем 2 миллион 158 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 миллион 142 мың қазақстандыққа аударылды", - делінген ақпаратта.

2,1 миллионнан астам қазақстандық 42 500 теңге мөлшеріндегі бір реттік әлеуметтік төлем алды. Қазақстанда карантиннің тағы екі аптаға созылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бір реттік төлем алатын 799,6 мың адамға 21 250 теңге (ең төменгі жалақының жартысы) қосымша төлем тағайындалды. 

Осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр. Жақын арада ақшалай қаражат азаматтардың шоттарына аударылады. 2020 жылдың шілдесінде МӘСҚ-тен біржолғы төлем алған қазақстандықтарға карантиннің ұзартылуына байланысты қосымша ақы автоматты түрде тағайындалады. Қайта өтініш берудің қажеті жоқ, деп нақтылады ведомство.

Ал 42 500 теңге төлем алуға өтінімдер бірнеше жолмен қабылданады. 2,4 миллион өтінімнің ішінде 833,8 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді.

"Тағы 609,3 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар, 347,4  мың адам 42500.enbek.kz порталы, 628,9 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген", - деп нақтылады ведомство.

Айта кетейік, өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

 

11245
Кілт сөздер:
жәрдемақы, төлем, Қазақстан
Тақырып бойынша
"SMS жолданады, 1 санын басыңыз": кімдер өтініш бермесе де 42 500 теңге алады
Депутат 42 500 теңге төлеуге қатысты тың ұсыныс жасады
Үкімет тамыз айына 42 500 теңге қалай төленетінін түсіндірді
Министрлік 42 500 теңгеге қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді
42 500 теңге: жұмыссыз азаматтарға не істеу керек?
Air Astana

Air Astana мен "ҚазМұнайГаз" 2022 жылы IPO-ға шығарылады 

42
"Самұрық-Қазына" 2020 жылдың соңына дейінгі жекешелендіру бағдарламасының белсенді кезеңіне қайтып оралмақ. Ол уақытқа дейін "Қазақтелеком" акцияларының 10%-ін сату көзделіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мен "Эйр Астана" АҚ-ны IPO-ға шығару 2022 жылға жоспарланып отыр, деп мәлімдеді "Самұрық-Қазына" қорының логистика және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директоры Ержан Тұтқышев.

Маусым айында экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия қор нарығындағы тұрақсыздық пен макроэкономикалық жағдайдың нашарлауына байланысты активтерді жекешелендірудің жаңа мерзімін айқындады.

"Соңғы уақытта жағдайдың едәуір жақсарғаны көрінеді – қор биржаларында тұрақтылық байқалады, инвестициялық белсенділік деңгейі өсіп келеді. Осыған байланысты қор 2020 жылдың соңына қарай ірі активтерді бәсекелестік ортаға беруге дайындық жүргізудің белсенді сатысына оралатын болады", - деді Тұтқышев.

Биыл IPO-ға дайындық кезеңінен өтіп жатқан бірнеше компания биржаға шығу мерзімі кейінге қалдырылғаны жөнінде жариялады. Бұл кірісі айтарлықтай төмендеген мұнай-газ секторы мен авиация саласындағы қазақстандық компанияларға да қатысты. Осыған байланысты жақын арада "ҚазМұнайГаз" бен "Эйр Астананы" IPO-ға әділ бағамен шығару мүмкін емес.

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мен "Эйр Астана" АҚ IPO-ға шығарудың жоспарлы мерзімі 2022 жылға көзделген. Бұл ретте, "Эйр Астана" АҚ-ның бизнес-жоспарын ескере келе, акциялардың қосымша эмиссиясын өткізу жоспарланған", - деді Тұтқышев.

Ол  дағдарыс басталған кезге дейін қордың портфельдік компанияларының қаржылық жағдайы тұрақты болғандығын, ал бұл үлкен шығынның болмауына әсер еткенін, сондықтан қазір акцияларды арзан бағамен сату орынсыз екенін атап өтті.

"Жылдың соңына дейін "Қазақтелеком" акцияларының 10%-і сатылады деген болжам бар", – деді Ержан Тұтқышев.

Қазіргі таңда "Самұрық-Қазына" қоры "Қазақтелекомның" 51% акциясына иелік етеді, яғни акциялардың бір бөлігі сатылғаннан кейін компания квазимемлекеттік болудан қалады, дегенмен, мемлекет стратегиялық бақылауды сақтайды.

"2021 жылы "Қазпошта" АҚ мен "Самұрық-Энерго" АҚ-ны стратегиялық инвесторға тікелей сату арқылы жекешелендіру жоспарланып отыр. Қор сатылым алдындағы дайындық жұмыстарын жүргізеді. "Самұрық-Энерго" АҚ-ның энергетика және көмір өнеркәсібі саласы үшін маңыздылығын ескере келе, оған инвестор тартпас бұрын, акцияларды сату параметрлері мен оны жүзеге асыру шарттары үкіметпен келісіледі", - деп түсіндірді Тұтқышев.

Сондай-ақ, 2022 жылы "Тау-Кен Самұрық" АҚ және "Qazaq Air" АҚ жекешелендіріледі. Алайда, бұл активтерді жекешелендіру әдісі әлі анықталған жоқ. Басқалармен салыстырғанда бұл компаниялар қалыптасу сатысында тұр, сондықтан оларды жекешелендіруді жүзеге асыру мерзімі 2022 жылға ауыстырылды.

 "2023 жылы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ны  IPO-ға шығару жоспарланып отыр. Бизнес-модельді қайта қарау және компанияның кіріс деңгейін арттыру үшін уақыт қажет", - деп түйіндеді Тұтқышев.

Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары Қазақстан үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы N1141 қаулысымен бекітілген және 168 компанияны қамтиды.

Қазіргі таңда жекешелендіру жоспарына қордың 8 ірі активі және 22 шағын активі енгізілген.

Бүгінде жоспардың 82%-і орындалды.  2016 жылдан бастап қор 138 активті жекешелендіруді аяқтады, оның ішінде 85 актив сатылды, 11-і қайта құрылды және 42-сі таратылды.

42
Ирина Смирнова

Мәжіліс депутаты жұмыссыздарға бір триллион теңгені таратып беруді ұсынды

1827
Жұмыспен қамту жол картасы аясында 255 мың адамды тұрақты және уақытша жұмысқа орналастыру жоспарланған. Бір жұмыс орнын ашуға 4 миллион теңге қарастырылған

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова "Жұмыспен қамту жол картасына" жұмсалатын 1 триллион теңгені жұмыссыздарға таратып беруді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Депутаттың айтуынша, Жұмыспен қамту жол картасына бір триллион теңге қарастырылған. Жол картасы аясында 255 мың адамды тұрақты және уақытша жұмысқа орналастыру жоспарланған. Сонда бір жұмыс орнын ашуға 4 миллион теңге жұмсалады. Ал ашылатын жұмыс орындарының дені – уақытша.

"Уақытша жұмыс орындары үшін мұндай баға тым жоғары деп ойламайсыз ба? Сыбайлас жемқорлық деңгейі мен мемлекет қаржысын жұмсау тиімділігін ескерсек, бұл ақшаны азаматтарға бағдарламасыз-ақ немесе жергілікті жобалар түрінде тікелей қолдау көрсетуге жұмсаған дұрыс болмай ма?!", - деген ұсыныс тастады Смирнова мәжілісте өткен үкімет сағатында.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жұмыспен қамту жол картасына 1 триллион теңге көзделгенін растады. Оның 300 миллиард теңгесі республикалық бюджеттен, ал 700 миллиарды жергілікті бюджеттен бағытталады.

Оқи отырыңыз: Перуашев зейнетақы мен жәрдемақыны басқаша есептеуді талап етті

"Сіз дұрыс айтасыз, есептеу кезінде бір жұмыс орнына 4 миллион теңгеден келеді. Бұл біздің қатаң талабымыз болатын. Қазір әкімдер мен жұмыс берушілер уақытша болса да, бір жұмыс орнын ашуға мұндай ақша өте аз деп санайды. Бірақ, біз осындай қатаң талап қойдық", - деді министр.  

Ол "Еңбек" бағдарламасында да уақытша жұмыс орындары басым екенін айтты. Алайда, олардың құны төмен.

"Себебі жастар практикасына, әлеуметтік жұмыс орындары мен қоғамдық жұмыстарға бағытталатын қаражаттың бәрі тек жалақыға ғана жұмсалады. Мұндай жұмыс орындарын құру жылына әлдеқайда арзанға түседі, ең көбі жылына 600 мың теңгеге дейін", - деді Нұрымбетов.

1827
Кілт сөздер:
жұмыссыздық, мәжіліс депутаты
Тақырып бойынша
Елімізде 400 мың жұмыс орны құрылса, 300 мыңы жабылып жатады – министр
Депутат бес жылдан кейін бала туатын әйелдер санының азаятынын айтты
Жыл соңына дейін 700 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін – министрлік болжамы
Азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында әкімдіктерге жаңа міндет жүктелді
Зейнетақы жинағын беру халыққа шынайы көмек пе?
Коронавирустың екінші толқыны басталса, 2,2 млн адам қиын жағдайда қалуы мүмкін
Ішік

Нұр-Сұлтан тұрғыны анасының миллион теңге тұратын ішігін ұрлап, 30 мыңға сатпақ болды

0
Мас ер адам өтіп бара жатқан адамдарға қаракүзен ішігін сатып алуды ұсынған – оны учаскелік инспектор ұстады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Алкогольге тәуелділіктен зардап шегетін ер адам анасының бір миллион теңге тұратын қаракүзен ішігін ұрлап алған.

Ол "Астаналық базардың" маңында өтіп бара жатқан адамдарға ішікті 30 мың теңгеге сатпақ болды, деп хабарлады Нұр-Сұлтанның полиция департаменті.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда қымбат телефонды ұрлап кеткен оқушының әрекеті видеоға түсіп қалды   

Тон ұстаған мас адамды учаскелік инспектор Бақтияр Байқанов байқап қалып, оны тергеу үшін полицияға жеткізген.

Нәтижесінде ішік заңды иесіне қайтарылды. Ол полиция қызметкеріне қырағылығы мен қызметтік міндетін адал атқарғаны үшін ризашылығын білдірді.   

0
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, ұрлық
Тақырып бойынша
Қарағанды облысында ұрланған көлік өртеніп кетті
Нұр-Сұлтанда қарақшылық шабуыл жасаған ағалы-інілі ұсталды
Талдықорғанда 35 жыл түрмеде отырған баукеспе ұры ұсталды
Сарыағашта ана мен баланың бірігіп жасаған қылмысы ашылды – видео