НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Қазақстанда әлсіз ішкі сұраныс аясында 2020 жылға арналған инфляция болжамы бірінші кезеңдегі 9-11%-тен 8-8,5%-ке дейін қайта қаралды. Бұл туралы ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Әлсіз ішкі сұраныс аясында 2020 жылға арналған инфляция болжамы әлеуметтік-экономикалық даму болжамының бірінші кезеңіндегі 9-11%-тен 8-8,5%-ке дейін қайта қаралды", - деді ол үкімет отырысында.
Айтуынша, инфляцияға төлем балансының тапшылығы аясында айырбастау бағамының бағаларға әсері, сондай-ақ ұлғайған фискалдық импульс ықпал етеді. Олардың әсері 2021 жылы да жалғасады.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда 2021 жылы ЖІӨ 2,8%-ке өседі деп болжануда
"Тиісінше, біздің бағалауымыз бойынша, 2021 жылы мұнай бағасының біртіндеп өсуі және ішкі экономиканың қалпына келуі аясында жылдық инфляция 4-6% дәлізіне жақындайды және 2022 жылы да осы дәлізде қалыптасады", - деп атап өтті ұлттық банк төрағасы.
Осыған байланысты инфляция болжамы мынадай таргеттерге сәйкес келеді:
- 2021-2022 жылдары – 4-6%,
- 2023-2024 жылдары – 4-5%,
- 2025 жылы – 3-4%.