Экономика

Досаев Ұлттық қор қаржысын сақтап қалу үшін шаралар қабылдауды сұрады

© Sputnik / Абзал КалиевНациональная валюта Казахстана тенге
Национальная валюта Казахстана тенге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық қор активтері 2020 жылдың соңына 27,3 триллион теңге, 2021 жылы 26,6 триллион теңге, 2022 жылы 26,9 триллион теңге шамасында жоспарланған

НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. 2023 жылдың соңына қарай Ұлттық қордағы қаражат жалпы ішкі өнімнің 30,8%-ін құрайды. Ұлттық банк қордың жинақтау функциясын сақтау шараларын қабылдауды сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, республикалық бюджет жобасы мемлекеттік бюджет тапшылығы мен Ұлттық қордан бөлінетін трансферттер көлемінің едәуір артуын көздейді.

Нәтижесінде, болжам бойынша, 2023 жылдың соңына қарай Ұлттық қор қаражаты ІЖӨ-нің 30,8%-ін құрайды және ішкі жалпы өнімнің 30%-іне тең азаймайтын қалдығына жақындайды.

"Осыған байланысты, 2021 жылы контрциклдік бюджет ережесінің енгізілуін ескере отырып, Ұлттық қордың жинақтау функциясын сақтау және мұнай тапшылығын азайту үшін шаралар қабылдау қажет болады", - деді Досаев үкімет отырысында.

Ұлттық банктің ақпаратынша, Ұлттық қор активтері 2020 жылдың соңына 27,3 триллион теңге, 2021 жылы – 26,6 триллион теңге, 2022 жылы – 26,9 триллион теңге, 2023 жылы 27,6 триллион теңге шамасында жоспарланған.

Ұлттық қордан бөлінетін кепілдендірілген трансфертті 2021 жылы 2,7 триллион теңге, 2022 жылы 2,4 триллион теңге және 2023 жылы 2,2 триллион теңге мөлшерінде айқындау ұсынылды.

Бұдан бөлек, 2021 жылға 1 триллион теңге мақсатты трансферт көзделген.

Жаңалықтар
0