Салық кодексі мен калькулятор

Қазақстанда салықтардың саны қысқарады

142
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі жолдауында салықтар санын қысқартуды тапсырған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда салықтар мен төлемдердің санын қысқартылады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, бүгінде Салық кодексінде 12 салық, 48 кіші салық түрлері, 10 төлемақы және 6 алым көзделген.

"Тиісінше, салықтар мен төлемдер санын барынша азайту бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Экономиканың қатты зардап шеккен секторлары үшін баламалы негізде айналымнан бөлшек сауда салығын төлеу құқығын қолдану мәселесі зерделенеді", – деді Дәленов үкімет отырысында.

Сондай-ақ, салық мөлшерлемелерін саралау мүмкіндіктері зерделенеді. Бюджеттің түйінді коэффиценттері жиынтығы әзірленеді.

"Бюджет саясатының тиімділігі мен тұрақтылығын бағалау енгізіледі. "Кеңейтілген бюджетті" енгізу аясында шоғырландырылған бюджетке бюджеттен тыс қорларды қосу арқылы мемлекеттік қаржыны кешенді бағалау енгізіледі", – деді министр.

Оқи отырыңыз: Салық бойынша миллиондаған қарызы бар қазақстандықтардың аты-жөні жарияланды

1 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы жолдауында салықтар санын қысқартуды тапсырған еді.

142
Кілт сөздер:
салық төлеуші, салық
Тақырып:
Президент жолдауы - 2020 (51)
Тақырып бойынша
БАҚ-тың "салық демалысы": Абаев президенттің шешімі туралы айтты
Салық, айыппұл мен мемлекеттік қызметтерді QR-код арқылы төлеуге болады
Қаржы министрі армян көліктеріне қосымша салық салынатынын айтты
Отандық бизнес жыл соңына дейін салық тексерісінен босатылды
Елімізде мобильдік қосымша көмегімен салық төлеу жеңілдейді
Әйел, архив

Көпбалалы аналар 153 миллиард теңге жәрдемақы алды - еңбек министрлігі

68
Жәрдемақыны кірісіне қарамастан бірге тұратын төрт және одан да көп баласы немесе 23 жасқа дейінгі студенттері бар отбасылар ала алады

 

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда 2020 жылдың басынан бері көпбалалы аналарға жалпы сомасы 153,3 миллиард теңге болатын жәрдемақы төленді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бұл жәрдемақыға кірісіне қарамастан төрт және одан да көп баласы немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студенттері бар отбасылар үміттене алады. Төлем мөлшері балалар санына байланысты сараланған – 44 532 теңгеден бастап (4 бала) 77 951 теңгеге (7 бала) дейін, 8 және одан көп баласы бар отбасылар үшін - әр балаға 4 АЕК.

"2020 жылдың қаңтарынан тамызына дейін 390 мың отбасы көпбалалы отбасыларға арналған жалпы сомасы 153,3 миллиард теңгені құрайтын мемлекеттік жәрдемақымен қамтамасыз етілді. Тамыз айында жалпы сомасы 19,7 миллиард теңге болатын жәрдемақының бұл түрін 394,1 мың отбасы алды", - деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.    

8 балалы отбасыға берілетін жәрдемақы 88 896 теңге болса, 9 балаға 100 008 теңге, 10 балаға 111 120 теңге, 11 балаға - 122 232 теңге, 12 балаға 133 344, 13 балаға 144 456 теңге, 14 балаға 155 568 теңге, 15 балаға 166 680 теңге, ал 16 баласы бар отбасыға 177 792 теңге төленеді.

Жалпы, 2020 жылы көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге бюджеттен 191,1 миллиард теңге қарастырылған.

Еске сала кетейік, Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрмысы нашар және көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету үшін жаңа мемлекеттік жәрдемақы енгізілді. Ол отбасының кірісіне қарамастан барлық көпбалалы анаға беріледі.

Заң 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді, осыған байланысты 8 және одан көп баласы бар отбасыларға төленетін жәрдемақы мөлшері қайта есептелді. Сонымен, осы жылдың шілде айында мұндай отбасылар жаңа мөлшердегі жәрдемақы, сондай-ақ, қаңтардан маусымға дейінгі аралықтағы айырмашылығын алды.

68
Кілт сөздер:
жәрдемақы
Тақырып:
Жәрдемақы қалай төленеді
теңге, ақша

Есеп комитеті білім және ғылым министрлігін тексереді

333
Тексеріс барысында министрліктің Дүниежүзілік банктен алған 67 миллион доллар мөлшеріндегі қарызды қаншалықты мақсатқа сай жұмсағаны зерделенеді

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. 2021 жылы есеп комитеті "Орта білім беруді модернизациялау" жобасын қаржыландыру мақсатында Дүниежүзілік банктен алған 67 миллион доллар мөлшеріндегі қарыздың мақсатқа сай жұмсалуын тексереді. Бұл туралы есеп комитетінің депутаттық сауалға берілген ресми жауабында хабарланған.

10 қыркүйекте бір топ мәжіліс депутаты білім саласын цифрландыру мен мектеп оқушыларын қашықтан оқытудың түйткілді мәселелерін көтерді. Осы ретте депутаттар Дүниежүзілік банктен алынған 67 миллион доллар қарыздың қалай жұмсалып жатқанын білгісі келді.

Мәжілісмендердің сауалына жауап берген есеп комитеті келесі жылы Қазақстанның білім және ғылым министрлігінде тексеріс жүргізілетінін мәлімдеді.

"Есеп комитеті Дүниежүзілік банктің "Орта білім беруді модернизациялау" жобасын қаржыландыруға бөлген 67 миллион доллар мөлшеріндегі қарызды қалай жұмсалғаны туралы аудитті 2021 жылға белгіленген мемлекеттік аудит нысандарының тізбесін қалыптастыру кезінде ескереді", - делінген комитеттің депутаттарға берілген жауабында.

Сонымен қатар, парламентарийлер білім беру жүйесіне 2016 жылдан бері республикалық бюджеттен бөлінген 27,2 миллиард теңге (64,7 миллион доллар) мөлшеріндегі трансферттердің мақсатты түрде пайдаланылуын тексеру қажеттігін айтты. 

Есеп комитеті биылғы жылы республикалық бюджеттен өңірлерге берілген трансферттерді, оның ішінде дағдарысқа қарсы іс-шараларға бөлінген қаржыны жоспарлау мен пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу көзделіп отырғанын хабарлады.

"27,2 миллиард теңге мөлшеріндегі қаражат осы аудиторлық іс-шара шеңберінде тексеріледі", - делінген есеп комитетінің жауабында.

Тексеріс нәтижесі есеп комитетінің 2020 жылдың IV тоқсанындағы жұмысының қорытындысы туралы ақпаратпен бірге парламентке жіберіледі.

333
Кілт сөздер:
білім министрлігі
Ағылшын ауылының тұрғындары

Қазақстандық олигарх Англияда 200 үй салғалы жатыр: тұрғындар наразылық білдірді

0
(Жаңартылды 21:36 21.09.2020)
БАҚ қазақстандық олигархтың ағылшын ауылындағы сатып алған жеріне 200-ден астам үй салғалы жатқанын хабарлады

АЛМАТЫ, 21 қыркүйек – Sputnik. XII ғасырда іргесі қаланған ұлыбританиялық Ист-Хосли ауылының тұрғындары қазақстандық миллионер Нұрлан Бизақовты сотқа беруге дайын отыр. Қазақстандық сол аймақтағы өзіне тиесілі жылқы зауыты аумағына 205 тұрғын үй кешенін салғалы жатыр, ал тұрғындар бұған наразылық танытуда, деп жазды Daily Mail.

Басылымның хабарлауынша, ауыл тұрғындары бұл құрылыс сол елді мекеннің тарихи келбетін бұзатынына сенімді.

2010 жылы Нұрлан Бизақов Шығыс Сассексте Hesmonds жылқы зауытын сатып алған. Жергілікті тұрғындар бастапқыда бұл жаңалыққа қуанған еді, себебі олигарх зауыттың көркеюіне миллиондаған доллар қаржы құйды.

Алайда жақында Бизақовтың сол аймаққа 205 тұрғын үй салуға рұқсат алғаны белгілі болды. Енді тұрғындар миллионерге және оның бұл жоспарына қарсы болып отыр, олар тіпті Бизақовпен сот арқылы күресуге дайын.

Қазақстандық олигархтар Лондондағы пәтерлерін сатып жатыр: байлар неден қашты? 

Ауылда шамамен 500 үй бар. Алайда тағы екі жүз үй салу туралы жаңалық тұрғындарды қуантпады.

"Барлығы Бизақовтың миллиондаған қаражат құйғанына қарап оны керемет деп санайды. Алайда мұндай ауқымды құрылыс бірегей ауылды құртады, бұл елді мекеннің іргесі мың жыл бұрын қаланған. Бизақов Францияға (Бизақовтың бұл елде де жылқы зауыты бар – Sputnik) тарихи ауылды жоюдан тапқан миллиондаған қаражатты өзімен бірге алып кеткенде ғана бұл іс шешілетіндей көрінеді", - деді жергілікті тұрғындардың бірі Джонатан Уокер.

2017 жылы Нұрлан Бизақов Forbes рейтингісі бойынша Қазақстанның ең бай 50 бизнесменінің қатарына енді. Оның байлығы 445 миллион доллар деп бағаланды. Әр жылдары Бизақов Қазақстанның ұлттық компанияларында жоғары қызметтер атқарған.

0
Кілт сөздер:
бизнесмен, Ұлыбритания
Тақырып бойынша
Қазақстандық бай-манап елді шулатқан Париждегі қымбат үйін сатып жатыр
Олигарх Мақсат Әріптің 17 миллион доллар тұратын үйіне бұғау салынды
Министр Нұрымбетов ауқатты адамдар қай өңірлерде тұратынын айтты