Экономика

Қазақстанда банктер мен ақша айырбастау пункттерінің жұмыс уақыты өзгерді

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуЗнак процента в витрине банковского учреждения, архивное фото
Знак процента в витрине банковского учреждения, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шешім Ұлттық банк пен қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бірлескен бұйрығы негізінде қабылданды

НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда екінші деңгейлі банктер мен ақша айырбастау пункттерінің жұмыс уақыты өзгертілді.

Банктер мен ақша айырбастау пункттерінің жұмысын ұзарту туралы шешім Ұлттық банк пен қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің "Қаржы нарығы субъектілерінің жұмыс режимі туралы" 2020 жылдың 15 тамызындағы № 324 бірлескен бұйрығында көрсетілген.  

Оқи отырыңыз: Қазақстанның сегіз банкіне айыппұл салынды 

5 қыркүйекте енгізілген өзгеріске сәйкес, банктер мен айырбастау пункттері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істей алады. Бұған дейін қаржы ұйымдары сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істеген болатын.

"Ұлттық банк пен қаржы нарығын реттеу және дамыту  агенттігі екінші деңгейлі банктер мен ақша айырбастау пункттеріне таңғы 9-дан кешкі 18-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берді. Сонымен қатар, қаржы ұйымдары қызметкерлер санының кем дегенде 50%-ін қашықтан жұмыс істеуге ауыстыруы керек", - делінген бұйрық мәтінінде.  

Барлық қаржы ұйымы клиенттерге қызмет көрсету кезінде күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режим шараларын қатаң сақтауы тиіс екендігі аталып өтті.

Бұйрық қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.   

Жаңалықтар
0