Ақша, теңге

Алматылықтың 2 млрд теңгені қалай тапқаны белгілі болды видео

747
Тергеу барысында ер адамның үш жыл бойы коммерциялық компанияларға салық төлеуден жалтаруға көмектескені анықталды

АЛМАТЫ, 15 қыркүйек – Sputnik. Алматы тұрғыны заңсыз түрде екі миллиард теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғаны үшін екі жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Ол үш жыл бойы коммерциялық ұйымдарға салық төлеуден жалтаруға көмектескен. Бұл туралы қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитеті хабарлады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КФМ МФ РК (@kfm_mf.rk)

Тергеу барысында ер адамның үш жыл бойы  (2016 жылдан 2019 жылға дейін) коммерциялық компанияларға салық төлеуден жалтаруға көмектескені анықталды.

"Алматы қаласының тұрғыны 2016-2019 жылдар аралығында өзіне тиесілі компания арқылы коммерциялық ұйымдарға салықтан жалтаруға көмектескен. Ол жалпы сомасы 2 миллиард теңгеге сауда-саттық болды делінген жалған шот-фактуралар жазумен айналысқан", - деді ведомство өкілдері.

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен Қылмыстық кодекстің 216-бабының 3-бөлігіне сәйкес (іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау) кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, соттың үкіміне сәйкес, аталған азамат экономикалық қызмет саласында 10 жыл бойы басшылық лауазымда бола алмайды.

747
Кілт сөздер:
ақша, видео, тұрғын, Алматы
Тақырып бойынша
Ақша жоғалып кетуі мүмкін – маман QR-код қаупі туралы айтты
"Ақша қайда?": Мәжіліс депутаты Дания Еспаева білім министріне шүйлікті
Қыз сақтандыру компаниясынан ақша алу үшін қолын арамен кесіп тастады  
Коронавирусқа қарсы вакцина қанша теңге тұруы мүмкін
Жетісай тұрғыны күніне 350 мың теңге тауып отыр
құрылыс

Қазақстанда құрылысқа салынатын инвестиция азайды

23
Қазақстанның 13 өңірінде құрылысқа құйылатын инвестиция көлемі қысқарды, деп мәлімдеді сарапшылар

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда құрылыс саласындағы негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі 38,5 миллиард теңгені құрады. Бұл 2019 жылдың дәл осы кезеңіндегі көрсеткіштен 45,9%-ке төмен.

Сарапшылардың мәліметі бойынша, бұл осы уақытқа дейінгі ең төменгі рекордтық көрсеткіш болып отыр, деп хабарлайды FinProm.

Инвестицияның азаюы ел аумағының көп бөлігінде – 17 өңірдің 13-інде байқалады. Бірінші орында Атырау облысы тұр, мұнда инвестиция 69,8%-ке, яғни 7 миллиард теңгеге қысқарған.

Бұл ретте, құрылыс секторындағы ауқымды инвестиция Алматыда тіркелген: 7,7 миллиард теңге. Павлодар, Түркістан және Қостанай облыстарында, сондай-ақ, Алматыда инвестициялық өсім байқалған.

Құрылыс саласын қаржыландырудың негізгі көзі – бизнестің жеке қаржысы.

Бұған дейін Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі республикадағы құрылыс құнының төмендейтінін хабарлаған болатын. Бұл құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті енгізген тетіктердің есебінен жүзеге асырылады.

23
егін ору

Қазақстан Қытайға бидай экспортын ұлғайтуы мүмкін

52
(Жаңартылды 10:17 22.09.2020)
Биыл елімізде 18 миллион тонна астық жиналады деп жоспарланып отыр. Орташа түсім - бір гектардан 12,2 центнер

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Биыл Қазақстан Қытайға бидай экспортын ұлғайтуы мүмкін. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жаңа маусымда қазақстандық бидай мен ұн дәстүрлі түрде Орта Азия елдері мен Ауғанстан нарығына жөнелтіледі. Астық сапасының жоғары болуынан Қытайға бидай (HI-Pro) экспорты артуы мүмкін", - деді Омаров үкімет отырысында.

Астық жөніндегі халықаралық кеңестің есебіне сәйкес, Ресейде, Канадада, Австралияда астық өндірісінің артуына байланысты 2020 жылы өнім көлемі әлемдік рекордтық деңгейде – 2,2 триллион тонна болады деп бағалануда. 2019 жылы 2,1 триллион тонна болған.

Қазір республикада егін жинау жұмысының 93 проценті аяқталды. Барлығы 18 миллион тонна астық жиналады деп жоспарланып отыр. Орташа түсім бір гектардан 12,2 центнерді құрады.

52
Кілт сөздер:
Қытай, бидай
Омбыда Абай мәдени-іскерлік үйі ашылды

Омбыда "Абай" мәдени-іскерлік үйі ашылды

0
(Жаңартылды 17:17 22.09.2020)
"Абай" мәдени-іскерлік үйінің ғимараты қаланың орталығындағы Шоқан Уәлиханов көшесінде және ағартушы ғалым оқыған Омбы кадет корпусының жанында орналасқан

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Бүгін Ресейдің Омбы қаласында "Абай" мәдени-іскерлік үйі ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Отандастар қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Омбыдағы "Абай" мәдени-іскерлік үйінің ғимараты қаланың орталығындағы Шоқан Уәлиханов көшесінде және ағартушы ғалым оқыған Омбы кадет корпусының жанында орналасқан.

Оқи отырыңыз: Абайдың 175 жылдығына арналған монеталар қыркүйектен бастап сатылады 

Орталықтың ашылу рәсімі онлайн форматта өтті. Оған ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов, сыртқы істер министрлігі, Қазақстанның Омбыдағы консулдығы, "Отандастар қоры" КЕАҚ, "Омбы қазақтары" қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты.

Орталық нақты төрт бағытта жұмыс істейді. Олар:

  • мәдени-гуманитарлық және қазақ тілін үйрету жобаларын іске асыру;
  • "Атамекен" іскерлік  бағыты бойынша қандастардың екі жақты тиімді бизнес жобаларына қолдау көрсету;
  • "Жас қазақ" бағыты арқылы әлемдегі жас қандастарды елге тарту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру;
  • "Атажұрт" бағыты арқылы шетелдегі қазақтілді БАҚ-тың қауымдастығын құрып, өзара ақпараттық ынтымақтастықты арттыру.

"Жыл соңына дейін  "Абай" мәдени-іскерлік үйлері Өзбекстанның Тәшкент, Түркияның Стамбұл, Қырғызстанның Бішкек, Германияның Берлин қалаларында да ашылады. Бұның барлығы - ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы және "Отандастар қорының"  бірлескен жобасы", - делінген ресми хабарламада.

0
Кілт сөздер:
Омбы, Абай
Тақырып бойынша
Петропавл түрмесінде Абайдың алып суреті салынды – фото
Тоқаев жаңа оқулық әзірлеуді тапсырды
"Абай айт­қан жал­қаулық жиі кездесетіні қынжылтады": Тоқаев мақала жариялады
"Сондай керемет!": Америкалықтар Абайдың өлеңін қазақ тілінде оқыды – видео
Тоқаев Абай мұрасын зерттеушілерді марапаттады