Қапшағайда балалар нәрестенің мәйітін тауып алды

25
(Жаңартылды 15:47 15.09.2016)
Қапшағайда балалар нәрестенің мәйітін тауып алды деп хабарлайды Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінен. Жергілікті дәрігерлер тергеушілерге жаңа туған нәрестенің анасын іздеуге көмектеседі.

АСТАНА, 9 там — Sputnik. Қапшағайда балалар нәрестенің мәйітін тауып алды деп хабарлайды Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Полицияның мәліметінше, нәресте жалпы білім беретін мектептің стадионында табылды.Криминалистер сәбидің денесінен ешқандай зақым таппады.

"Тиісті сараптама сәби өлімінің себебі мен уақытын анықтайды. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысты ашуға бағытталған тергеу және жедел іздестіру шаралары департамент басшылығының қатаң бақылауында",-деп көрсетілген полиция хабарламасында.

Жергілікті дәрігерлер тергеушілерге жаңа туған нәрестенің анасын іздеуге көмектеседі.

25