Содыр

Қазақстандық Қырғызстанда Сирияға соғысқа баруға үгіттегені үшін ұсталды

28
(Жаңартылды 15:14 15.09.2016)
Қырғызстанның арнайы қызметтері республика аумағында Сирияға соғысқа баруға үгіттеген халықаралық террористік ұйымның мүшесі Қазақстан азаматын ұстады деп хабарлайды Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінен.
АСТАНА, 7 қыр — Sputnik. Қырғызстанның арнайы қызметтері республика аумағында Сирияға соғысқа баруға үгіттеген халықаралық террористік ұйымның мүшесі Қазақстан азаматын ұстады деп хабарлайды Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінен.

"Бішкек қаласында ҚР МҰҚК органдары контртеррористік шаралар өткізу аясында Қырғызстанға келген Қазақстан азаматы — 1988 жылы туған Мамедов Шамо Рзаевичтің халықаралық лаңкестік ұйым мүшесі екенін анықтады және оны ұстады", — делінген хабарламада.

Қырғызстанның арнайы қызметтерінің мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Ш.Мамедовтың Қырғызстанда ХЛҰ көшбасшысынан тапсырма күтіп жүргені анықталды. "Сонымен бірге, Ш.Мамедов Қырғызстан аумағында жүріп, Сириядағы соғыс аймағына содырлар жіберу міндетін орындаған",-деп атап көрсетті ведомстводан.

Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғады. Күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
28