Оқиға

Алматыда банк қызметкерінің өліміне қатысы бар күдікті ұсталды

© Sputnik / Медиабанкке өтуарест суд
арест суд - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция қызметкерлері бұл өлім жанжалдың нәтижесінде болған қылмыс деп бекітті.

АСТАНА, 15 қыр — Sputnik.  Алматы полициясы банк қызметкері Нұршат Розиевтің өліміне қатысы бар күдіктіні ұстады  деп хабарлады бейсенбі күні қалалық ІІД баспасөз қызметінен.

"Алматы қаласы криминалдық полициясы басқармасы қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде Розиев Н. атты азаматтың өліміне қатысы бар күдіктіні анықтап ұстады",-делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары барысында Алматы қаласының 25 жастағы тұрғыны олардың арасында болған жанжалдан кейін осы қылмысқа барғаны анықталды.

Қылмыстың іздерін жасыру үшін күдікті Нұршат Розиевтің үйін өртеп жіберіп, оның денесін қала маңындағы өзенге лақтырып кеткен.

Қазіргі уақытта осы қылмысқа басқа да азаматтардың қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1 бөлімі бойынша жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0