Архивное фото солдата, зачитывающего присягу

Алматы облысында сарбаз өзіне қол салды

14
Қызметтестерімен бірге саябақты күзету кезінде мерзімді қызметтің қатардағы жауынгері өзіне қол салды, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

АСТАНА, 3 қаз — Sputnik. Қызметтестерімен бірге саябақты күзету кезінде мерзімді қызметтің қатардағы жауынгері  өзіне қол салды, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, 2016 жылдың 2 қазанында Алматы облысындағы 78460 әскери бөлімінде мерзімді қызметтегі әскери қызметкер өз-өзіне қол салды. Тәуліктік жасақта бірге шақыртылған қызметтестерімен бірге қызмет етуі барысында қатардағы жауынгер

Вербицкий суицид жасады. Қайғылы оқиға қызметтестерімен бірге саябақта тәуліктік наряд кезінде орын алды.

"Оқиға орнында әскери қызметкердің хаты табылған. Бұл хатында ол өз өліміне ешкімнің кінәлі емес екенін жазған көрінеді", — деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлері тергеуді бастады.

14