Керік

Алматы хайуанаттар бағында жас керік улаған болуы мүмкін

15
(Жаңартылды 15:59 13.10.2016)
Алматы хайуанаттар бағында жас керік көз жұмды, алдын ала болжам бойынша, өлім себебі улану болуы мүмкін, деп хабарлады Sputnik-ке алматылық хайуанаттар бағының баспасөз хатшысы Тохтар Әлиев.

АСТАНА, 7 қаз — Sputnik. Алматы хайуанаттар бағында жас керік көз жұмды, алдын ала болжам бойынша, өлім себебі улану болуы мүмкін, деп хабарлады Sputnik-ке алматылық хайуанаттар бағының баспасөз хатшысы Тохтар Әлиев. 

"Бесінші қазақ күні сағат 17.00-де Мелман лақапты керік құлап қалып, тіршілік белгілерін білдірмей қойды. Мамандар жануарды тірілту үшін барлық шаралар қабалдады, бірақ өкінішке орай ештеңе өзгермеді – керік көз жұмды", — деді Әлиев телефон арқылы. 

Алиевтің сөзіне қарағанда қажетті био материалдар сараптамаға жолданды. Сараптама 10 жұмыс күні ішінде көріктің өлу себебін анықтауға тиіс. 

Хайуанаттар бағының өкілі, дені сау болғанын алға тартып, бұрын соңды жануардың ешқандай ауыру белгілерінің анықталмағандығын айтады.  

Баспасөз хатшының айтуынша, күн сайын алматылық хайуанаттар бағының жануарларын ветеринарлық дәрігерлер тексереді. 

"Алдан ала болжам бойынша жануарды улаған. Егер бұл дерек сараптама қорытындылар бойынша расталатын болса, қылмыстық іс қозғау үшін шағым түсірілетін болады", — деді Әлиев. 

Мелман Алматы хайуанаттар бағында дүниеге келді.  Оның ата-анасы – Хана мен Сулу – Оңтүстік Афкрика республикасынан 2000 жылы әкелінген. 


15
Тақырып:
Алматы зоопаркындағы жануарлар өлімі (6)